Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Жалпы ақпарат

  • Басты бет
  • Корея Республикасымен танысу
  • Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

  • Republic of Korea

01Елдің ресми аты

Корея Республикасы(Republic of Korea) немесе қысқаша «Корея(Korea)» деп те атайды.

02Орналасуы мен ауданы

Азия континентінің солтүстік-шығысындағы Корей түбегінде орналасқан Оңтүстік Кореяның ауданы 100,188.1 km² құрайды, бұл Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның жалпы аумағының 45% құрайды, оған Корей түбегі мен оның аралдары 221,000 km² кіреді. Корей түбегінің ауданы Камбоджадан (181,035 km²) сәл үлкен және Филиппин (300,000 km²), Вьетнам (331,210 km²) және Жапонияның (377,915 km²) шамамен үштен екі бөлігіндей болып саналады. Солтүстік және Оңтүстік Кореяны қамтитын Корей түбегінің солтүстік-батысында орналасқан Ялу өзені Қытаймен шектессе, солтүстік-шығысындағы Думан өзені Қытай және Ресеймен шектеседі. Корея үш жағынан теңізбен қоршалған: батысында Батыс теңізі, шығысында Шығыс теңізі, оңтүстігінде Оңтүстік теңізі бар. Корей түбегінің оңтүстік және батыс бөліктері негізінен жазық, ал шығыс және солтүстік бөліктері таулы. Корей түбегіндегі ең биік тау – Бэкду тауы (2,744 m). Солтүстіктегі Гэма үстірті «Кореяның шатыры» деп аталады, ал түбектің шығыс жағалауында орналасқан Тэбек таулары Бэкдудеган деп те аталады.
Атақты аралдарға Чеджу аралы, Годже аралы, Джин аралы және Уллың аралы жатады, Чеджу аралы мен Уллың аралы жанартау әсерінен пайда болған. Сары теңіз бен оңтүстік теңіз жақта риас типті жағалаулар дамыды, сондай-ақ түбектің жан-жағындағы барлық теңіздердің толқын деңгейлері әртүрлі болып келеді(Анықтама: жер және көлік министрлігі)

03Мемлекеттік ту (Тэгыкки)

  • 태극기
    • Кон
    • Кам
    • Ри
    • Гон
    < Тэгыкки >

Кореяның ұлттық туы Тхэгукки — ақ түсті фонда орналасқан ортасында тхегук белгісінен және бұрыштарында бейнеленген төрт триграммадан (геон (☰), гон (☷), гам (☵) және ри (☲)) тұрады.
Тхэгукки туындағы ақ фон жарық мен тазалықты, сондай-ақ дәстүрлі түрде корей халқының бейбітсүйгіш мінезін білдіреді. Ортасында орналасқан тхэгук символы инь (көк) мен янның (қызыл) үйлесімін білдіреді. Бұл — ғаламдағы барлық нәрсе инь мен янның өзара әрекеттесуі арқылы пайда болып, дамитынын бейнелейтін табиғи ақиқат. Бұрыштарындағы төрт триграммадағы қысқа және ұзын сызықтардың үйлесімі инь мен янның бір-бірін қалай түрлендіріп, дамытатынын көрсетеді.
Ғаламдағы барлық нәрсенің ішінде геон (☰) — аспанды, гон (☷) — жерді, гам (☵) — суды, ал ри (☲) — отты бейнелейді. Бұл төрт триграмма ортасындағы тхэгук символымен біртұтас үйлесім құрайды. Осылайша, Тхэгукки туы ежелден бері корей халқы күнделікті өмірінде жиі қолданған тхэгук белгісін негіз ете отырып, ғаламмен үндесе отырып үнемі жасампаздық пен өркендеуге ұмтылатын корей халқының мұрат-мақсатын бейнелейді. (Дереккөз: Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі)

04Мемлекеттік гүлі(Мугуңхуа)

Бұрыннан біздің халықтың сүйіспеншілігіне ие болған Мугуңхуа(шарон раушан гүлі) еліміздің символы болып табылады, оның «мәңгілік гүлдеп, қайта гүлдеп, өшпейтін гүл» деген мағынасы бар. Ескі жазбаларда корей халқы шарон раушан гүлін Кочосоннан бастап аспан елінің гүлі ретінде бағалаған, ал Силланың тұрғындары өздерін «гынхуа хяң(槿花鄕 : Мугуңхуаның елі)»деп атаған. Қытайда біздің елімізді ежелден бері «Мугуңхуасы гүлдеп, қайта гүлдейтін парасатты ел» деп дәріптеген.

  • 무궁화
    < Мугуңхуа >
  • 숭례문
    < Суңнемун қақпасы >
  • 서울 전경
    < Сеулдың көрінісі >

Осылайша ұзақ уақыт бойы біздің халықпен бірге келе жатқан шарон раушан гүлі, Чосон дәуірінің соңғы кезеңінде “Мугуңхуа үш мың миль, әдемі тау мен жер” деген ән сөзіне енгеннен кейін, одан әрі халықтың сүйіспеншілігіне ие болды. Мугуңхуаға деген біздің халықтың сүйіспеншілігі жапон оккупациясы кезінде де жалғасты, ал жеңіс күнінен кейін Мугуңхуа ресми түрде елдің мемлекеттік гүлі болып тағайындалды. (Анықтама: Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі).

05Мемлекеттік әнұран

Бүгінгі күні танымал болып отырған мемлекеттік әнұранның мәтіні шетелдік басқыншылардың елге қауіп төндірген 1907 жылы әзірленген, отаншылдық пен адалдық, тәуелсіздік сезімін арттыру мақсатында жазылған. 1948 жылы Корея үкіметі құрылғаннан кейін қазіргі мәтінмен бірге Ан Ик Тенің 1935 жылы жазған әнұраны мемлекеттік іс-шараларда қолданылып келді.
Содан бері бұл әнұран мектептердің оқулықтарында жарияланып, елге кеңінен тарала бастады, қазіргі уақытта біздің халықтың арасында ғана емес әлемнің әр елінде Кореяның мемлекеттік әні ретінде кеңінен танымал.

  • 애국가
    < Мемлекеттік әнұран >

06Халық

Кореяның жалпы халқының саны 51,780,579 адам (2020 жылғы тұрғын үй популяциясының жалпы саны, Статистика комитеті), әлемде халық саны бойынша 28-ші орын алады, халық тығыздығы 516 адам/км² (Жер және көлік министрлігінің картографиялық статистика туралы жылдық есебі, Статистика комитетінің болашақ халық есебі) халықтың тығыздығы бойынша әлемде 23-ші орында.

07Экономика

Кореяның ЖІӨ 1 трлн 810,2 миллиард долларды құрайды, әлемде 10-шы орында, жан басына шаққандағы ЖІӨ 34,983.70 доллар. (2021 жыл, Корей банкі).

08Үкіметтік ұйым

Корей үкіметі президенттік жүйені қабылдаған, президент үкіметтің басшысы ретінде заңнамалық негізде барлық орталық әкімшілік органдарының басшыларын басқарып, бақылайды. Премьер-министр президенттің бұйрығы бойынша барлық орталық әкімшілік органдарының басшыларын басқарып, бақылайды. Төмендегі кестеде Кореяның үкіметтік ұйымы 19 министрлік, 3 агенттік, 20 басқарма және 6 комиссиядан тұратыны көрсетілген. (2024.6.27. мәлімет). Бұның ішіндегі 19 әкімшілік министрлік төмендегі жұмыстармен айналысады:

  • 정부조직
  1. 1Стратегия және қаржы министрлігі ұзақ мерзімді және орта мерзімді мемлекеттік даму стратегияларын әзірлеуге, экономика мен қаржы саясаттарын қалыптастыруға, жалпы басқару және үйлестіру, бюджет пен қорлардың құрылымының орындалуын және нәтижелерін басқаруға, валюта, шетел валютасы, мемлекеттік қазына, мемлекеттік есеп, ішкі салық жүйесі, кеден, халықаралық қаржы, мемлекеттік мекемелерді басқаруға, экономикалық ынтымақтастық, мемлекеттік мүлік, жеке инвестициялар және мемлекеттік борыш мәселелерін басқаруға жауапты
  2. 2Білім министрлігі адами ресурстарды дамыту саясатын, нәресте, сәби, бала күтімі, білім беру, мектептегі білім, өмір бойы білім алу, ғылымға қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  3. 3Ғылым және АКТ министрлігі ғылым және технология саясатын әзірлеу, жалпы басқару, үйлестіру және бағалау, ғылым мен технологияны зерттеу, дамыту, ынтымақтастық және ілгерілету, ғылыми кадрларды даярлау, атом энергиясын зерттеу, дамыту, өндіріс және пайдалану, мемлекеттік ақпараттандыруды жоспарлау, ақпаратты қорғау және ақпарат мәдениеті, радио-бағдарламалау мен байланыс саласының интеграциясы, дамуы және радиожиілікті басқару, ақпарат және коммуникация индустриясы, пошталық қызмет, пошталық ақша аударымы және пошталық баламаларға қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  4. 4Сыртқы істер министрлігі сыртқы саясат, экономикалық дипломатия және халықаралық экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қатынастарды үйлестіру, келісім-шарттар мен басқа да халықаралық келісімдер, шетелде тұратын азаматтарды қорғау мен қолдау, шетелдік отандастар саясатын әзірлеу, халықаралық жағдайды зерттеу және талдауға қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  5. 5Біртұтастық министрлігі Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның бірігуі,екі жақ арасындағы диалог, алмасу және ынтымақтастық жөніндегі саясатты әзірлеу, біртұтастық білім беру және біртұтастыққа қатысты басқа да жұмыстарды басқаруға жауапты.
  6. 6Әділет министрлігі прокуратура, қылмыстық істерді атқару, адам құқықтарын қорғау, иммиграциямен байланысты істерді басқару және құқық қорғауға қатысты басқа да заңмен байланысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  7. 7Қорғаныс министрлігі ұлттық қорғанысқа қатысты әскери басқару және әскери бұйрықтар, сондай-ақ әскери мәселелермен байланысты басқа да жұмыстарды басқаруға жауапты.
  8. 8Әкімшілік және қауіпсіздік министрлігі мемлекеттік кеңестің хатшылығы, заңнамалық актілер мен келісімдерді жариялау, мемлекеттік ұйымдар мен штаттық мөлшер, марапаттау, мемлекеттік жаңғырту, әкімшілік тиімділігі, электронды үкімет, мемлекеттік ғимараттарды басқару, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі, жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін қолдау, қаржы және салық, даму жағынан артта қалған өңірлерге көмек көрсету, жергілікті атқарушы органдар арасындағы дау-дамайларды реттеу және сайлау мен халықтың дауыс беруін қолдау, қауіпсіздік және төтенше жағдайларға қатысты саясатты әзірлеу, жалпы басқару және үйлестіру, төтенше жағдайларға дайындық, азаматтық қорғаныс және апаттардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды басқаруға жауапты
  9. 9Патриоттар және ардагерлер істері министрлігінің министрі мемлекеттік ардагерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арнаулы қорғау көрсету, босатылған жауынгердің өтемақысы мен оларды қорғау, мемлекеттік ардагерлерді насихаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруға жауапты.
  10. 10Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер, бейнемазмұн, жарнама, баспа, жарияланым, спорт, туризм, мемлекеттік саясатты насихаттау және мемлекеттік жарияланымдарға қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  11. 11Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауылдық істер министрлігі ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, азық-түлік, егіншілік, суару, азық-түлік өнеркәсібін дамыту, ауылдық аймақтарды дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерінің айналымына қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  12. 12Сауда, интеграция және энергетика министрлігі коммерция, сауда, өнеркәсіп, сыртқы сауда, сыртқы экономикалық келіссөздер мен келіссөздерді жалпы басқару және үйлестіру, шетелдік инвестициялар, орта кәсіпорындар, өнеркәсіптік технологияларды зерттеу және дамыту саясаты, сондай-ақ энергия мен жер ресурстарына қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  13. 13Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік қорғау, өзін-өзі қамтамасыз ету, әлеуметтік қамтамасыз ету, балалар (нәресте және сәби күтімі кірмейді), зейнеткерлер, мүгедектер, санитарлық-эпидемиологиялық, карантин, медициналық саясат, дәрілік саясат және басқа да әлеуметтік мәселелеріне қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  14. 14Экология министрлігі табиғи орта, өмір сүру ортасын қорғау, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, су ресурстарын сақтау, пайдалану, дамыту және өзендерге қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  15. 15Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі еңбек саясатын жалпы басқару, еңбек сақтандыру, кәсіби дағдыларды дамыту тренингтері, еңбек жағдайларының стандарттары, еңбекшілердің әл-ауқаты, еңбек қатынастарын реттеу, өндірістік қауіпсіздік және денсаулық сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардан сақтандыру мен еңбекке қатысты басқа да мәселелерді басқаруға жауапты.
  16. 16Әйелдер және отбасылар министрлігі әйелдер саясатын жоспарлау, әйелдердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жастар мен отбасы (көпмәдениетті отбасылар және денсаулық, отбасы бағдарламасына қатысты балаларды қорғау мәселелері қаралады) жөніндегі жұмыстарды басқаруға жауапты.
  17. 17Жер және көлік министрлігі ұлттық даму жоспарын әзірлеу және үйлестіру, жерді қорғау, пайдалану және дамыту, қала, жол және тұрғын үй құрылысын жүргізу, жағалау және құрғату, автомобиль, теміржол және авиация саласына қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.
  18. 18Теңіз және балық шаруашылығы министрлігі теңіз саясаты, балық шаруашылығы, балық шаруашылығын дамыту, балық өнімдерінің айналымы, теңіз тасымалы, порттар, теңіз экологиясы, теңіз зерттеулері, теңіз балық шаруашылығы ресурстарын дамыту, теңіз бойынша ғылыми-техникалық зерттеулер мен оларды дамыту, сондай-ақ теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды басқаруға жауапты..
  19. 19Кіші және орта кәсіпкерлік министрлігі кіші және орта кәсіпкерлік саясатын жоспарлау және кешенді түрде дамыту, кіші кәсіпорындарды қорғау және дамыту, жаңадан басталған және венчурлық кәсіпорындарды қолдау, үлкен және кіші кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ шағын кәсіпкерлерді қорғау мен қолдауға қатысты жұмыстарды басқаруға жауапты.

09Жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылым

Корея мемлекетінің аумағы 17 жергілікті әкімдік пен 226 базалық автономиялық әкімшілікке бөлінеді. Жергілікті әкімдікке 1 мегополис қала, 6 үлкен қала, 1 арнайы әкімшілік қала, 6 облыс, 3 арнайы әкімшілік облыс кіреді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары 75 автономиялы қала, 82 уездер (кун), 69 автономиялық муниципалды аймақтарды(джачигу)қамтип, әр жергілікті өзін-өзі басқару органы төменгі деңгейдегі басқару бірліктері болып саналатын Ып, Мён, Донг саны жалпы 3,491 бірлікті құрайды. (2023 жыл, 31-желтоқсанда жасалған мәлімет)

  • 지방행정구역
지방행정구역 : 특별시, 광역시, 특별자치시, 도 및 특별자치도를 포함한 표입니다.
Мегополис қала(тыкпёльши) Қала-метрополия(гуаңёкши) Арнайы автономиялы қала(тыкбёльджачиши) Провинция(до) Арнайы автономиялы
провинция
(тыкбёльджачидо)
1. Сеул мегополис қаласы 2. Пусан қала-метрополиясы
3. Тэгу қала-метрополиясы
4. Инчон қала-метрополиясы
5. Куаңджу қала-метрополиясы
6. Тэджон қала-метрополиясы
7. Ульсан қала-метрополиясы
8. Седжон арнайы автономиялы қаласы 9. Кёңгидо
10. Чуңчоң-Пукто
11. Чуңчоң-Намдо
12. Чолла-Намдо
13. Кёңсаң-Пукто
14. Кёңсаң-Намдо
15. Каңуон арнайы автономиялы провинциясы
16. Джонбук арнайы автономиялы провинциясы
17. Чеджу Арнайы автономиялы провинциясы
Корея Республикасының картасы
  • 지방행정구역
  • Жоғарыдағы Корея Республикасының картасы 1:1,200,000 масштабпен Жер және көлік министрлігінің жергілікті географиялық ақпарат орталығында дайындалған, толығырақ ақпаратты интернеттен (http://map.ngii.go.kr> кеңістік ақпарат>карта ақпарат> Корея Республикасы және әлем картасы) қарауға болады.
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.