Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Тұрақты тұру(F-5) мәртебесін алу

  • Басты бет
  • Кореяда тұру және азаматтық алу
  • Тұрақты тұру(F-5) мәртебесін алу

Тұрақты тұру(F-5) мәртебесін алу

Төменде көрсетілген тұлғалар әртүрлі тұру мәртебесіне сәйкес құжаттарды жинап, тұрғылықты жер бойынша иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі комитетке (кеңсе·бөлімшесі) барып тұрақты тұру (F-5) мәртебесіне өтініш жазуға болады.

01Объект

  1. 1Корея Республикасының «Азаматтық кодексіне» сәйкес, кәмелетке толған адам 1.2 қосымшаның 10. уақытша (D-7) және 20. арнайы қызметке (E-7) дейінгі тұру мәртебесі немесе 1.2 қосымшаның 24. тұру (F-2) мәртебесімен Корея Республикасында 5 жылдан артық уақыт бойы тұрған адамдар.
  2. 2Корея Республикасының азаматының не тұрақты тұру мәртебесі (F-5) бар адамның жұбайы немесе кәмелетке толмаған баласы ретінде Корея Республикасында 2 жылдан артық уақыт бойы тұрып жатқан адамдар, сондай-ақ Корея Республикасында дүниеге келіп, Заңның 23-бабы бойынша тұру мәртебесін алу үшін өтініш берген адамдар, туылған кезде олардың әке-шешесінің тұрақты тұру мәртебесінің (F-5) бар екендігі Корея Республикасының Әділет министрімен танылған тұлға болуы тиіс.
  3. 3「Шетелдік инвестицияларды ынталандыру туралы заң」бойынша 500,000 АҚШ доллар көлемінде инвестиция салған шетелдік инвестор ретінде 5 немесе одан да көп азаматты жұмысқа қабылдаған адам.
  4. 41.2 қосымша 26. шетелдік отандастар (F-4) мәртебесіне ие болып, Корея Республикасында 2 жыл және одан көп уақыт бойы тұрақты тұрып жатқан адамдар, Корея Республикасында тұрақты тұруға негізі бар деп Әділет министрі рұқсат берген адамдар.
  5. 5「Шетелдік отандастардың Корея Республикасына кіруі және олардың құқықтық мәртебесі туралы заңның」 2-бабы 2-тармағында көрсетілген шетелдік отандас ретінде, 「 Азаматтық туралы заң 」 азаматтық алу шарттарына (осы заңның 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген шарттардан басқа) сәйкес келетін адам
  6. 6Бұрынғы 「Иммиграция туралы заңның ережесіне」 (Президент Жарлығы №17579-ға сәйкес кейбір өзгерістер енгізіліп, 2002 жылғы 18 сәуірде жарияланып, қолданысқа енгізілгенге дейінгі нұсқасын білдіреді) 1-қосымшасының 27-бабының тармағында көрсетілген тұрғылықты мекендеу (F-2) мәртебесіне ие болған тұлға (бұрын осы мәртебеге ие болғандарды қоса алғанда) және Корея Республикасында үздіксіз тұру қажеттілігін Әділет министрі мойындаған адам
  7. 7Келесі тармақтардың біріне сәйкес келетін және Әділет министрі мойындаған адам
    1. А.Шетелде белгілі бір салада докторлық дәрежені алған және тұрақты тұруға рұқсат алуға (F-5) өтініш берген кезде елдегі компанияларға және т.б.мекемелерге жұмысқа тұрған адам
    2. Ә.Елдегі аспирантураның кезекті курсын бітіріп, докторлық дәрежені алған адам
  8. 8Әділет министрі айқындаған салада бакалавр немесе одан жоғары дәрежесі бар, не болмаса Әділет министрі айқындаған техникалық біліктілік куәлігін алған, елде кемінде 3 жыл бойы тұрып жатқан, тұрақты тұруға рұқсат алуға (F-5) өтініш берген кезде елдегі компанияда жұмыс істеп, Әділет министрі белгілеген сомадан жоғары жалақы алатын адам
  9. 9Ғылым, басқару, білім беру, мәдениет пен өнер, спорт және т.б. белгілі бір салаларда ерекше қабілеттері бар, Әділет министрі мойындаған адам
  10. 10Корея Республикасына ерекше еңбегі сіңген деп Әділет министрі мойындаған адам
  11. 1160 жастан асқан және шетелден Әділет министрі белгілеген мөлшерден жоғары зейнетақы алатын адам
  12. 121-қосымша 2-тармағының 29-бабы бойынша, Корея Республикасында жұмыс сапарымен (H-2) тұруға рұқсат алып жұмыс істеп жүрген адам, және еңбек өтілі, жұмыс орны, саланың ерекшеліктері, жұмыс күшінің тапшылығы мен ел азаматтарының жұмысқа деген сұранысы сияқты факторларды ескере отырып, Әділет министрі мойындаған адам
  13. 131-қосымша 2-тармағының 24-бабы бойынша, тұрғылықты мекендеу (F-2) мәртебесіне сәйкес Корея Республикасында 3жыл және одан көп уақыт бойы тұрып жатқан және елде үздіксіз тұру қажеттілігін Әділет министрі мойындаған адам
  14. 141-қосымша 2-тармағының 24-бабы бойынша, тұрғылықты мекендеу (F-2) мәртебесін алғаннан кейін 5 жыл және одан көп уақыт бойы үздіксіз инвестициясын сақтап келе жатқан және Корея Республикасында үздіксіз тұру қажеттілігін Әділет министрі мойындаған адам, сондай-ақ оның жұбайы мен балалары (тек Әділет министрі белгілеген талаптарға сай келетін балалары)
  15. 151-қосымша 2-тармағының 11-бабы бойынша, кәсіпорынға инвестиция салу (D-8) Б тармағына сәйкес Корея Республикасында 3 жыл және одан көп уақыт үздіксіз тұрып жатқан, инвестордан 3 миллиард воннан астам инвестиция тартқан және 2 немесе одан да көп ел азаматын жұмыспен қамтыған, сондай-ақ Әділет министрі белгілеген талаптарға сай келетін адам
  16. 165 жылдан астам уақыт бойы инвестициясын сақтау шартын орындап, Әділет министрі белгілеп, жариялаған сомадан артық инвестиция салған және Әділет министрі белгілеген талаптарға сай келетін адам
  17. 171-қосымша 2-тармағының 11-бабы бойынша, кәсіпорынға инвестиция салу (D-8) А тармағына сәйкес тұру мәртебесіне ие, 「Шетелдік инвестицияларды ынталандыру туралы заңның ережесінің」 25-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес зерттеу және дамыту мекемесінің негізгі маманы ретінде Корея Республикасында 3 жыл және одан көп уақыт үздіксіз тұрып жатқан, сондай-ақ Әділет министрі мойындаған адам
  18. 181-қосымша 2-тармағының 24-бабы бойынша, тұрғылықты мекендеу (F-2) Б тармағына сәйкес тұру мәртебесіне ие болып, Корея Республикасында 2 жылдан астам уақыт тұрып жатқан адам
    • 1-қосымша 2: Иммиграция туралы заңның ережесі
  19. 191-қосымша 2-тармағының 24-бабы бойынша, тұрғылықты мекендеу (F-2) А тармағына сәйкес тұру мәртебесіне ие болып, Корея Республикасында 2 жыл және одан көп уақыт тұрып жатқан адам.

02Тұрақты тұруға рұқсат алуға арналған қажетті құжаттар

Әділет министрлігінің Хай Корея (www.hikorea.go.kr) сайты - Ақпарат бөлімі – Тұру мәртебесі бойынша нұсқаулық – Тұру мәртебесі бойынша арыздар қабылдау туралы нұсқаулық – Тұрақты тұру (F-5) туралы мәліметтерді тексеру қажет
Тұратын жерін дәлелдейтін құжаттар
Төлемақы 200,000 вон (шетелдік тіркеу куәлігін алу үшін 35,000 вон бөлек төленеді)
  • Егер қазіргі уақытта некеге тұрмаған болса және жұбайы Корея Республикасының азаматы (Шетелдік отандас ретінде азаматтық алу шарттарына сәйкес келетін адам) болса, қажетті құжаттар мен өтініш беру талаптары өзгеше болады, сондықтан шетелдіктерге арналған ақпарат орталығына (☎1345) хабарласу қажет.

03Тұрақты тұру мәртебесінің күшін жоюы (Иммиграция туралы заңның 89-бабының 2-тармағы)

Тұрақты тұру мәртебесі алынған болса да, төмендегі жағдайлар туындаған кезде бұл мәртебе күшін жоюы мүмкін.

  • Тұрақты тұру мәртебесін жалған немесе өзге де заңсыз әдіспен алған жағдайда
  • 「Қылмыстық кодекс」, 「Жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарының жазасы туралы арнайы заң」 сияқты Әділет министрлігімен бекітілген заңдарды бұзып, 2 жыл және одан көп мерзімге бас бостандығынан айыру немесе қамауға алу туралы үкім шығарылған жағдайда
  • Соңғы 5 жыл ішінде осы заңды немесе басқа заңдарды бұзып, бас бостандығынан айыру немесе қамауға алу жазасына тартылып, алынған жазаның толық мерзімі 3 жыл және одан көп жағдайда
  • Корея Республикасында белгіленген мөлшерден көп инвестицияны сақтау шартын қолданып, тұрақты тұру мәртебесін алған адам немесе Президент жарлығымен бекітілген тұлғалардың осы шарттарды бұзған жағдайында
  • Мемлекеттік қауіпсіздікке, дипломатиялық қатынастарға немесе халық шаруашылығына байланысты Корея Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы әрекеттер жасаған жағдайда
Тұрақты тұру мәртебесін алудың артықшылықтары
  • Өз еліңіздің азаматтығынан бас тартудың қажеті жоқ.
  • Тұрақты тұру мәртебесін алған күннен бастап 3 жыл өткен соң, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жергілікті сайлауға қатысуыңызға болады.
  • Шетелге шыққан күннен бастап 2 жыл ішінде елге қайта кіретін болсаңыз қайта кіруге рұқсат алудың қажеті жоқ.
  • Қызмет ету саласы мен елде тұру мерзімі шектелмейді.
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.