Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Климаты

  • Басты бет
  • Корея Республикасымен танысу
  • Климаты

Климаты

Көктем, жаз, күз, қыс — жылдың төрт мезгілі бар, климаты қоңыржай болып келеді.

01Көктем

Наурыздан мамырға дейін көктем мезгілі. Таңда және кешкі уақытта ауа райы салқын, ал күндіз жылы болады. Гүлдер құлпырып гүлдей бастайды. Наурызда жылы, қысқы киімдер қажет, сәуірде жеңіл киімдер киіле бастаса, мамырда жазға ұқсас ыстық күндер көп болады.

  • 봄
    < Көктем >

02Жаз

Маусымнан тамызға дейін жаз мезгілі. Ауа температурасы 25–35°C шамасында, ауа-райы ыстық. Маусымның соңынан шілденің соңына дейін жаңбырлы маусым (жаңбыр) болады. Жаңбырлы маусым болғанымен, күн сайын жаңбыр жаумайды. Тамыз бен қыркүйек арасында бірнеше рет күшті желмен бірге тайфундар болып тұрады.

  • 여름
    < Жаз >

03Күз

Қыркүйектен қарашаға дейін күз мезгілі. Ауа температурасы 10–25°C, аспан ашық және ауа құрғақ болады. Қарашада қысқа ұқсас суық күндер көп болады. Алдын ала қысқы киімдерді шығарып жылыту құралдарын дайындап қойған дұрыс. Күздегі ағаштардың жапырақтар түсі өте әдемі болып келеді.

  • 가을
    < Күз >

04Қыс

Желтоқсаннан ақпанға дейін қыс мезгілі. Ауа температурасы -10–10°C, өте суық. Шамамен аптаның 3 күні суық болса 4 күні сәл жылы болады. Қар жауып, суық жел соғатын күндер көп болады. Жылы киімдер мен жылыту құралдары қажет. Ақпанның соңында ауа райы жылына бастайды.

  • 겨울
    < Қыс >
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.