Данури колл-орталығы ☎1577-1366(Көпмәдениетті отбасылар үшін ақпараттық телефон орталығы), Көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталығы, шетелдік жұмысшыларды қолдау орталығы және тағы басқа мекемелер үкіметтің қолдауымен жұмыс істейді. Одан басқа, аймақтық немесе жеке секторда жұмыс істейтін көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктерді қолдау мекемелері бар. Көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктер көп тұратын Кёнгидо Ансан қаласында шетелдік тұрғындарға арналған орталық бар, онда әртүрлі әкімшілік қызметтер ұсынылады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар орталығы, мәдени орталықтар сияқты корейлерге қызмет көрсететін мекемелер де көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктер үшін қызмет ұсынады.
Бөлім | Мазмұны |
---|---|
Бірлескен |
|
Жедел, зорлық-зомбылық құрбандарына арналған кеңес беру және жедел қолдау қызметтерін байланыстыру әрекеттері |
|
Тұрмыстық ақпарат беру |
|
Тұрмыстық аударма және 3 жақты телефон қызметі |
|
Аймақ | Кеңес берудің бас телефоны | Аймақтық тікелей телефон |
---|---|---|
Сеул | ☎1577-1366 | 1577-1366 |
Кёңгидо Суон | 031-257-1841 | |
Тэджон | 042-488-2979 | |
Куаңджу | 062-366-1366 | |
Пусан | 051-508-1366 | |
Кёңбук Гуми | 054-457-1366 | |
Джонбук Джонджу | 063-237-1366 |
Көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталығы олардың корей қоғамына бейімделуіне көмек көрсету үшін отбасылық қатынастарды дамытуға арналған оқыту (отбасы, гендерлік теңдік, адам құқықтар және т.б.), корей тілін оқыту, жедел оқыту, кеңес беру, ақпарат беру Кореяда некеге отырған иммигранттар үшін аударма қызметтерін, балалардың тілдік дамуын қолдау қызметтерін ұсынады. 2025 жылдың мәліметімен мұндай орталықтар бүкіл Корея бойынша 231 жерде жұмыс істеп жатыр.
Бөлім | Міндетті қызметтер | Таңдауға болатын қызметтер | Қосымша |
---|---|---|---|
Отбасы |
|
| Жылына 14 сағат міндетті, 26 сағаттан астам уақытты таңдай алады (Қостілді жаттықтырушыларды орналастыру орталығы жалпы міндетті талаптардың бірі ретінде қостілді ортаны қалыптастыру бағдарламасын 160 сағаттан артық өткізеді.) |
Гендерлік теңдік және адам құқықтары |
|
| 20 сағаттан артық өткізу |
Әлеуметтік интеграция |
| - | e-СӘЙЛ жүйесіне байланыстырып, жұмыс порталында тіркелу және СӘЙЛ орталығына қосу (10-нан астам) |
|
| 15 сағаттан артық өткізу (Еріктілерге арналған 4 сағаттық сабақ) | |
Кеңес беру | Отбасылық кеңес беру |
| Жылына 80 сессиядан астам өткізіледі |
Сонымен қатар, көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталығы жүзеге асыратын мамандандырылған жобалар мыналарды қамтиды
Бөлім | Мазмұн |
---|---|
Арнайы мақсаттағы корей тілін оқыту | Сұранысқа негізделген практикалық корей тілі бағдарламасы, жергілікті сұранысты ескере отырып, 7 курс (балаларды оқыту, жұмысқа дайындық, жергілікті мәдениет шаралары, шетелде туып өсіп Кореяға келген, балалар үшін TOPIK оқу/тыңдау/жазу) өткізілуде. |
Үйге барып оқыту қызметі |
|
Мәселелерді басқару | Отбасылық зорлық-зомбылық, ажырасу және тағы басқа көпмәдениетті отбасылардың күрделі және түрлі мәселелерін шешу үшін психологиялық және эмоционалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, өзін-өзі дамытуға қолдау көрсету бойынша кешенді қызметтер. |
Аударма қызметтер | Корей тілінде қиындыққа тап болған некедегі мигранттардың отбасына көрсетілетін әлеуметтік өмірге байланысты аударма қызметтері. |
Көпмәдениетті отбасылардың балаларының тілдік дамуын қолдау | Көпмәдениетті отбасындағы балалардың тілдік даму деңгейін бағалау, коммуникация қиындықтарына тап болған балаларға тілдік оқыту жүргізу, ата-аналарға оқу әдістерін ұсыну. |
Екі тілдегі ортаны қалыптастыру жобасы | Көпмәдениетті отбасындағы балалардың кішкентай кезінен бастап табиғи түрде екі тілде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ортаны қалыптастыру (ата-анасының екі тілде сөйлеуі, ата-ана мен бала арасындағы өзара әрекет бағдарламасы, екі тілді пайдалану бағдарламасы, отбасы туралы түсінік). |
Көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталығы аймақ бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ Данури колл-орталығына ☎1577-1366 хабарласып, ең жақын көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталығының телефон нөмірін біле аласыз (09:00~18:00 аралығында қызмет көрсетіледі). (10-бет, қосымшаға сілтеме)
Көші-қон негізіндегі жастарды қолдау қоры "Муджиге жастар орталығы" жастарды әлеуметтік жағынан қамсыздандыру туралы заңның 18-бабында көрсетілген көші-қон мәселесі бойынша жастарды (Солтүстік Кореядан қашып келген, өз елінде туып өсіп Кореяға келген, көпмәдениетті отбасынан шыққан жастар) қолдайтын мамандандырылған мекеме. Бұл заңның 30-бабына сәйкес, бұл орталық көші-қон негізіндегі жастардың корей қоғамына бейімделуі, оқу мүмкіндіктері мен өзін-өзі қамтамасыз ету қабілеттерін арттыру мақсатында жұмыс істейтін бейкоммерциялық қор. (*Көші-қон негізіндегі жастардың қатарына ата-анасының кемінде біреуі немесе өзі Кореядан тыс жерде туған, немесе Кореяда туылғаннан кейін шет елде өскен жастар, яғни корей қоғамында түрлі көші-қон тәжірибелері бар жастар жатады)
Бөлім | Мазмұны |
---|---|
Көші-қон негізіндегі жастарды қолдау бағдарламасы - "Rainbow School" |
|
Мамандықты қолдау бағдарламасы • Мұзигә Job Ара • Мен болашағымды таңдаймын |
|
Солтүстік Кореядан қашқан жастарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету бағдарламасы • Салыстырмалы мәдени тәжірибе • Болашаққа алғашқы қадам |
|
Кеңес беру және жергілікті қоғаммен байланыстыру бағдарламасы бойынша жеке ақпарат беру ☎ 02-722-2585 |
|
Кеңес беру үшін аударма қызметкерлерін дайындау |
|
Көші-қон негізіндегі жастардың психологиялық әлеуметтік бейімделу индексі |
|
Көші-қон негізіндегі жастарды қолдау үшін мамандарды даярлау |
|
Жастардың көпмәдениеттілік сезімін арттыру бағдарламасы ‘Дагагам’ |
|
Кеңес беру | Шетелдік жұмысшыға кеңес беру орталығы(☎1577-0071) |
---|---|
Мекенжайы | 3-қабат, Изумруд ғимараты, 16 Годжан 2-гил, Дануон-гу, Ансан-ши, Кёңгидо |
Жұмыс уақыты | Жыл бойы жұмыс істейді (09:00-18:00)
|
Кеңес беру тілі | Корей, қытай, вьетнам, тагал (Филиппин), ағылшын, тай, индонезия, сингал, моңғол, өзбек, кхмер (Камбоджа), бенгал, урду (Пәкістан), непал, бирма, қырғыз, тимор-Лесте т.б. барлығы 17 тілде кеңес беріледі. |
Кеңес беру мәліметтері | Шетелдік жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мәселелері, сондай-ақ ішкі өмір мен жұмыс орнына бейімделу үшін қажетті тұрмыстық ақпараттық кеңес беру |
Иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі орталық (кеңсе) (Иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі орталық (кеңсе) туралы қосымшада қарастырылады) Шетелдіктер мен ел азаматтарының елге кіріп шығуын тексеру, виза беру, шетелдіктерді тіркеу, елде жүру мерзімін ұзарту, елде жүріп виза түрлерін өзгерту және басқа да түрлі рұқсаттарды беру, құқық бұзушылықтарды тексеру, азаматтық, босқын мәселелері сияқты шетелдіктердің ішкі жағдайымен байланысты барлық мәселелерді орындайды. Сонымен қатар, иммигранттардың бейімделуіне және әлеуметтік интеграциясына көмектесу үшін әлеуметтік интеграция бағдарламалары, иммигранттардың ерте бейімделу бағдарламалары, халықаралық неке бойынша ақпарат беру бағдарламалары сияқты түрлі білім беру және ақпарат беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Ақпараттық коммуникация дамыған Кореяда веб-сайттар арқылы корей халқының өмірі, корей тілі, корей қоғамы жөніндегі түсініктерді кибер білім алу арқылы оқып білуге болады. Әсіресе, көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктерді қолдау ұйымдары сияқты веб-сайттар бірнеше шет ел тілдеріне аударылып, азаматтарға қажетті қызметтер көрсетіп жатыр.
Веб-сайт мекенжайы | Мекемелер | Көрсетілетін қызметтер | |
---|---|---|---|
Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары | |||
Данури (Көпмәдениетті отбасыларын қолдау порталы) | www.liveinkorea.kr | Корея денсаулық сақтау және отбасы жағдайын дамыту агенттігі | Корей өмірі туралы ақпарат, оқу ақпараттары, орталық туралы ақпарат, кеңес беру бөлмесі, деректер қоры, көпмәдениетті отбасылар туралы жаңалықтар, веб-журнал жүргізу, отбасылық және жыныстық зорлық-зомбылық, жезөкшелік сияқты шұғыл жағдайларға тап болып көшіп келген әйелдерге өз тілдерінде кеңес беру және аударма қызметтерін көрсету |
Хай Корея (шетелдіктерге арналған электрондық үкімет порталы) | www.hikorea.go.kr | Әділет министрлігі | Иммиграция, елде жүру, азаматтық, жұмыс, инвестиция, тұрмыстық жеңілдік сияқты ақпараттар мен елде жүруге қатысты электронды қызметтер, иммиграциялық орталықтарға бару үшін брондау қызметі, кеңес беру қызметтері және т.б. қызметтерді ұсынады |
Дамунхуа куроми | www.kidsnfm.go.kr | Ұлттық этнографиялық музей | Әлем елдерінің мәдениеті |
Тұрмыстық құқық туралы ақпарат | www.easylaw.go.kr/CSM | Үкіметтің заңнама министрлігі | Некеге отырған иммигранттар, виза мен паспорт, өндірістік апаттардан сақтандыру, шетелдік жұмысшылар, жүргізуші куәлігі, көшу, тұрғын үйді жалға беру немесе алу, ақша операциялары сияқты шетелдіктердің Кореяда өмір сүру үшін қажетті заңдық ақпараттарын 12 шет ел тіліне аударып ұсынады. |
korea.net | www.korea.net | Кореяның мәдениет және ақпарат қызметі | Корея туралы жаңалықтар, экономика, тарих, мәдениет, туристік ақпараттарды ұсынады. |
Үкімет24 | www.gov.kr | Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі | Корея үкіметі ұсынатын әртүрлі куәліктерді онлайн алу қызметі, сондай-ақ білім беру мен кеңес беру сияқты әртүрлі артықшылықтарды кешенді түрде ақпараттандыру |
VisitKorea | www.visitkorea.or.kr | Корея туристік агенттігі | Кореядағы саяхат, фестивальдар, мейрамханалар, қонақ үйлер туралы ақпарат |
Дуриан | www.ebsd.co.kr | EBS | Корей тілін және мәдениетін үйренуге арналған білім беру бағдарламалары, сондай-ақ EBS көпмәдениетті контенттерді ұсыну |
Нури Седжоң институты | https://nuri.iksi.or.kr/front/main/main.do | Седжоң институт қоры | Корей тілі мен мәдениетін онлайн оқыту сайты |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры | www.nhis.or.kr | Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры | Денсаулық сақтандыру жүйесі мен артықшылықтары туралы ақпарат және таныстыру |
KBS World Radio | world.kbs.co.kr | KBS | Көптілді жаңалықтар, әлеуметтік мәдени бағдарламалар, ойын-сауық бағдарламаларын таныстыру |
Сеул қаласы, Ханультари | www.mcfamily.or.kr | Сеул мегаполисі | Сеул қаласында тұратын көпмәдениетті отбасыларын қолдау бағдарламалары, қауымдастық, корей тілін оқыту, жұмыс, кәсіптік даярлық, қоғамдық көлік туралы ақпарат беру |
Сеул қаласының Глобал орталығы | global.seoul.go.kr | Сеул қаласында тұратын шетелдіктерге арналған арнайы қызмет орталығы, шетелдіктерге арналған тұрмыстық көмек көрсету қызметтері, шетелдіктерге жүргізуші куәлігін беру және салық бойынша кеңес беру | |
Ансан қаласының көпмәдениетті қолдау орталығы | global.iansan.net | Кёңги-до Ансан қаласы | Ансан қаласының шетелдік тұрғындар орталығы және көпмәдениетті отбасыларды қолдау бағдарламалары туралы ақпарат, 8 тілде веб-журнал, корей тілін оқыту, аударма, кеңес беру, медициналық және құқықтық тұрмыстық ақпараттар ұсынылады. |
Чуңнам Дауллим | www.dawoolim.net | Чуңчоңнам-до | Кореяда жүру және Чуңнам аймағында тұруға қажетті ақпараттарды ұсыну (орталық жаңалықтары, корей өмірі бойынша нұсқаулық, әлем елдері мәдениеті туралы ақпарат, күнделікті өмірге қажетті терминдер) |
Ұлттық зейнетақы қызметі | www.nps.or.kr | Ұлттық зейнетақы қызметі | Ұлттық зейнетақы жүйесіне қатысу және есепке алу, сақтандыру жарналарын төлеу әдістері сияқты ұлттық зейнетақыға қатысты ақпараттарды ұсыну |
Мобильдің атауы | Мекеменің атауы | Мазмұны | Көрсетілетін қызметтер |
---|---|---|---|
Данури (Danuri) | Корея денсаулық сақтау және отбасы жағдайын дамыту агенттігі | Корей өмірі жөніндегі нұсқаулық, бүкіл ел бойынша көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталығының ақпараттары, жедел байланыс ақпаратын ұсыну | Android, IOS |
Кон ZONE | Әділет министрлігі, иммиграция орталығы мен шетелдіктердің істері жөніндегі комитеті | Әділет министрлігінің иммиграция орталығы мен шетелдіктердің істері жөніндегі комитеті шығарған ақпараттық бюллетень-нұсқаулық, иммиграция орталығының қызметтерін таныстыру, елде жүру мерзімі сияқты шетелдіктерге арналған пайдалы ақпараттарды ұсыну. | Android, IOS |
Тұрмыстық құқық туралы ақпарат | Үкіметтің заңнама министрлігі | Некеге отырған иммигранттар, виза мен паспорт, өндірістік апаттардан сақтандыру, шетелдік жұмысшылар, жүргізуші куәлігі, көшу, тұрғын үйді жалға беру немесе алу, ақша операциялары сияқты шетелдіктердің Кореяда өмір сүру үшін қажетті заңдық ақпараттарын 12 шет ел тіліне аударып ұсынады. | m.easylaw.go.kr/MOM |
My Seoul | Сеул мегаполисі | Шетелдік тұрғындар мен көпмәдениетті отбасыларға арналған әкімшілік ақпарат, жұмысқа орналастыру ақпараттары, корей тілін үйрену ақпараттары, көптілді чат, халықаралық телефон, тұрмыстық телефон, жалақыны есептеу | Android, IOS |
Көпмәдениеттілікпен байланысты суреттер | Пусан метрополиясы | Корей өмірі туралы ақпарат, корей тілін үйрену туралы ақпарат, жұмысқа орналастыру ақпараттары, кеңес беру ақпараттары, бағдарламаларды таныстыру және күнтізбе, Пусан қаласының көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталығы мен Глобал орталығы туралы ақпарат | Android, IOS |
KBS World Radio | KBS | 11 тілде берілетін жаңалықтар, сараптама, ойын-сауық және басқа да Кореямен байланысты бағдарламалардың мәтіні мен бейнемазмұнын ұсыну | Android, IOS |
Төтенше жағдайларға дайындық қосымшасы (Emergency Ready APP) | Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі | Кореяда тұратын шетелдіктерге арналған төтенше жағдайлар туралы ақпарат беру қызметі | Android, IOS |