Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Медициналық сақтандыру

  • Басты бет
  • Денсаулық сақтау және медициналық қызмет
  • Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру

01Медициналық сақтандыру жүйесіне шолу

  • 건강보험증
    < Медициналық сақтандыру куәлігі >

Кореяда кіріс пен мүлікке сәйкес әр ай сайын сақтандыру жарнасын төлеуді талап ететін медициналық сақтандыру жүйесі қолданылады. Медициналық сақтандыруға қосылған кезде ауру немесе босану жағдайында медициналық мекемелерді төмен бағамен пайдалануға болады. Сондай-ақ, денсаулық тексеру қызметін үнемі алуға болады. Барлық азаматтар медициналық сақтандыруға қосылуы керек, бірақ медициналық көмек алушылар бұл міндеттен босатылады.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар жұмыс орнында тіркелген сақтанушы және аймақтық сақтанушы болып бөлінеді. Барлық жұмыс орындарының қызметкерлері мен жұмыс берушілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдер жұмыс орнында тіркелген сақтанушы болып табылады. Жұмыс орнында тіркелген сақтанушы негізгі күнкөрісін қамтамасыз ететін, әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңның ережелеріне сәйкес (табыс, мүлік және асырау) талаптарын толықтай орындайтын адамдар оның қамқорлығындағы адам ретінде тіркелуі мүмкін. Жұмыс орнында тіркелген сақтанушы және оның асырауындағы адамдардан басқа барлық азаматтар аймақтық сақтанушы болып саналады. Жұмыс орнында тіркелген сақтанушының сақтандыру жарнасының 50%-ын жұмыс орны, ал қалған 50%-ын сақтанушы өзі төлейді. Егер негізгі табыстан басқа жылдық қосымша табыс 20 миллион воннан асса, жалпы табыстан 20 миллион вонды шегеріп, қалған сомаға сақтандыру мөлшерлемесі арқылы есептелген соманы сақтанушы өзі төлейді. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар ауруханада ем қабылдағанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ем құнының бір бөлігін өтейді. Осыған байланысты аурухана, амбулатория және шығыс медицинасының клиникасына барғанда тексерілу мен емдеу қызметтерін арзан бағамен алуға болады. Дегенмен, тексеру мен емдеу шығындарының бір бөлігін сақтанушы өзі төлейді. Сондай-ақ, жалпы денсаулықты тексерту(чекап) бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Денсаулықты тексерту жасына байланысты өзгеруі мүмкін, әдетте әр 2 жыл сайын чекапқа барып тұрасыз.

02Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға болатын шетелдіктер

Шетелдік тіркеуден өткен тұлғалардың медициналық сақтандыру қолданылатын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндері және мемлекеттік қызметшілер мен мұғалім ретінде тағайындалған немесе жұмысқа қабылданғандары жұмыс орнында тіркелген сақтанушы болады. Шетелдік тіркеуден өткен, бірақ жұмыс орнында тіркелген сақтанушыға жатпайтын тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң ережесінің 9-қосымшасына сәйкес, алты айдан астам уақыт бойы Кореяда тұрақты тұрса аймақтық сақтанушы бола алады, немесе жұмыс орнында тіркелген сақтанушы өтініш білдірген жағдайда асыраушының қамқорлығындағылар қатарына енгізілуі мүмкін (некеге отырған иммигранттар, білім алуға келгендер, тұрақты тұратындар және кәсіби емес еңбек жұмысшылары келген кезде бірден сақтанушы ретінде тіркеле алады)
Алайда, егер шетелдік заңнамаға немесе шетелдік сақтандыру немесе жұмыс берушімен жасалған келісімшартқа сәйкес, медициналық сақтандыруға теңестірілген басқа медициналық қамсыздандыру қарастырылған болса, өзінің өтініші бойынша медициналық сақтандыруға қатысу міндетінен босатылуы мүмкін.

03Қатысу әдісі

(1)Жұмыс істейтін жұбайы медициналық сақтандыруға тіркелген жағдайда

Жұбайының сақтандыруына асыраушының қамқорлығындағылар* ретінде тіркелуге болады. Осы мақсатта әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына асыраушының қамқорлығында екенін растау үшін қажетті құжаттарды ұсынуы қажет.

  • Қажетті құжаттар: асыраушының қамқорлығындағылар қатарына кіру туралы өтініш, шетелдік тіркеу куәлігінің көшірмесі, отбасы туралы куәлігін растайтын құжаттар (шетелде берілген отбасы туралы куәлігіне тиісті елдің сыртқы істер министрлігі (немесе апостильдің) растауы қажет(корей тіліне аударылған нұсқасымен қоса берілуі тиіс).

(2)Ел ішінде жұмыс істейтін шетелдік азамат

  • Егер шетелдік азамат медициналық сақтандыру қолданылатын кәсіпорындарда жұмыс істейтін болса, медициналық сақтандыруға қатыса алады. Бұл жағдайда компания әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шетелдік тіркеу куәлігінің көшірмесін және қажетті құжаттарды ұсынуы қажет.

(3)Егер шетелдік жұмыссыз болса

  • 2019 жылғы 16 шілдеден бастап, Ұлттық медициналық сақтандыру туралы заңның Қолдану ережесінің 9-қосымшасында көрсетілген шетелдіктер (жұмыс істеу негізінде сақтандырылғандар мен олардың асырауындағы адамдардан басқа) Кореяда алты ай немесе одан да көп уақыт тұрған жағдайда, автоматты түрде Ұлттық медициналық сақтандыру қызметіне (NHIS) тіркеледі. (Неке арқылы қоныс аударғандар мен оқу мақсатында келген шетелдік студенттер Кореяға кірген сәтте бірден сақтандыруға тіркеледі). Сеул, Инчхон немесе Кёнгидо аймағында тұратын шетелдіктер (шет елдерде тұратын корей азаматтарын қоса алғанда) төменде көрсетілген Шетелдік тұрғындарға арналған NHIS орталығына баруы тиіс. Бұл орталықта сақтандыруға тіркелу, отбасы мүшелерін біріктіру және жарна төлеу сияқты мәселелер қарастырылады.
외국인민원센터 : 센터명 및 센터 안내를 포함한 표입니다.
Орталық атауы Орталық туралы ақпарат
Сеул орталығы Сеул қаласы, Курогу, Сэмалло 97, Шиндорим техномаркеті, 3-қабат
Ансан орталығы Кёңгидо облысы, Ансан қаласы, Тануонгу, Хуараңно 366, 4-қабат
Суон орталығы Кёңгидо облысы, Суон қаласы, Пальтальгу, Хёуонно 119, 1-қабат
Инчон орталығы Инчон қаласы, Бупёңгу, Бупёңдэро 88, 7-қабат
Ыйджоңбу орталығы Кёнгидо облысы, Ыйджоңбу қаласы, Шиминро 80, 9-қабат

04Сақтандыру төлемдерін төлеу

(1)Жұмыс орнында тіркелген сақтанушы

Сақтандыру төлемдерін төлеу :
Ай сайын сақтанушыға төленетін айлық жалақыдан алдын ала ұстап қалу арқылы жұмыс беруші сақтандыру жарнасын төлейді.
  • Жұмыс істеу арқылы сақтандырылғандар үшін ай сайынғы сақтандыру жарнасы жалақы мөлшеріне қарай есептеледі және оның 50%-ын жұмыс беруші, 50%-ын қызметкер төлейді. Бұл жарна қызметкердің ай сайынғы жалақысынан ұсталып, жұмыс беруші арқылы төленеді. Жалақыдан тыс, жылдық жиынтық табыс 20 миллион воннан асқан жағдайда, оған сәйкес қосымша ай сайынғы сақтандыру жарнасын адам өзі жеке төлейді.

(2)Аймақтық сақтанушы

Сақтандыру төлемдерін төлеу
  • Шетелдіктер үшін тиісті айдың сақтандыру жарнасын алдыңғы айдың 25-іне дейін төлеу қажет (сонымен қатар, кері күшке ие болып алынған құқық үшін қосымша төлем алғашқы сақтандыру төлеміне қосылады). Табыс пен мүлікке негізделген сақтандыру жарнасы орташа сақтандыру төлемінен төмен болса, өткен жылдың қараша айындағы барлық қатысушыларға арналған орташа сақтандыру төлемі белгіленеді. 2025 жылғы сақтандыру төлемі 152,790 вонды құрайды (соның ішінде ұзақ мерзімді күтім сақтандыруы үшін 17,510 вон).
  • Тұрақты тұруға арналған F-5, F-6 визасына ие шетелдіктер жергілікті тұрғындармен бірдей сақтандыру төлемі стандарттарына сәйкес келесі айдың 10-ына дейін төлем жасайды.
Ескерту

Егер шетелдік жұбайы жергілікті тұрғынмен бірге тұрып, жергілікті медициналық сақтандыру куәлігіне бірге енгізілген болса, жергілікті тұрғындардың есептеу стандарты бойынша біріккен сақтандыру төлемі есептеледі

  • Жұбайы ғана емес, сонымен қатар корей азаматымен отбасы қатынасы расталған басқа отбасы мүшелері бірге тұруға қосылуға болады
  • 19 жасқа толмаған, кәмелетке толмағандардан ғана тұратын отбасылар үшін сақтандыру жарнасы корей азаматымен бірдей стандартқа сәйкес есептеледі
    (Орташа сақтандыру төлемін қолдану және жеңілдіктер қолданылмайды)

05Төлемді кешіктіру кезіндегі шектеулер

  • Шетелдік жергілікті сақтанушы сақтандыру жарнасын төлемеген жағдайда, төлем жасалмаған алғашқы айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап оның сақтандыру төлемдері (жеңілдіктері) шектеледі.
    • Алайда, шетелдіктің визасы келесі санаттардың біріне жатса: Корпоративтік инвестиция (D-8-1), Жеке инвестор (D-8-3), Профессор (E-1), Зерттеуші (E-3), Техникалық нұсқаушы (E-4), Мамандандырылған маман (E-5) немесе Тұру (F-2) және ол үш немесе одан көп жарнаны кешіктірсе, сақтандыру төлемдері туралы ескерту жіберілгеннен кейін шектеледі.
    • Тұрақты тұру (F-5) және Неке арқылы көшіп келген (F-6) виза иелерінде 6 немесе одан көп жарна төленбеген жағдайда, ескерту жіберілгеннен кейін сақтандыру төлемдері (жеңілдіктері) шектеледі.
  • Егер сақтандыру төлемдері немесе денсаулық сақтандырудың басқа алымдары төленбесе, Әділет министрлігі виза мерзімін ұзартқан кезде ең көп дегенде 6 айға дейін ғана ұзартуға мүмкіндік береді, және ең көп дегенде 3 рет ұзартылғаннан кейін одан әрі виза мерзімін ұзарту мүмкіндігі шектелуі мүмкін.
  • Денсаулық сақтандыру төлемдері 500,000 воннан асса немесе басқа жинақтар 100,000 воннан асса, кешіктірілген төлемдер туралы мәліметтер Әділет министрлігінің тұруға рұқсат беру (есепке қою) процедурасына енгізіледі.

06Кеңес беру мекемелері немесе байланыс орталықтары

Сақтандыру төлемдері, талаптар, жеңілдіктер туралы толық ақпарат алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры веб-сайтына кіруге немесе негізгі байланыс нөміріне (☎1577-1000), сондай-ақ шетелдік (ағылшын, қытай, вьетнам, өзбек тілдерінде) кеңес беру қызметіне (☎033-811-2000) хабарласуға болады

Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.