Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Шетелдіктердің елге кіруі мен тұруы

  • Басты бет
  • Кореяда тұру және азаматтық алу
  • Шетелдіктердің елге кіруі мен тұруы

Шетелдіктердің елге кіруі мен тұруы

01Паспорттың жарамдылық мерзімі мен визаның тұру мерзімін тексеру

Шетелдік азамат Корея Республикасына кірмек болған жағдайда, жарамды паспорты мен Әділет министрінің берген визасы болуы керек. Дегенмен, Корея Республикасымен виза алмай кіріп-шығу туралы келісім жасалған немесе визасыз кіруге рұқсат етілген жағдайда виза алу міндетті емес. Паспорт пен визаның жарамдылық мерзімін тексеріп алыңыз, сонда ғана елде тұру мерзімін ұзарту сияқты жағдайлар туындаған жағдайда уақытында қажетті шараларды қолдана аласыз.

Паспорт

Паспорт иесінің азаматтығы мен жеке деректерін көрсететін куәлік болып табылады, әрдайым өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

  • 여권 이미지
Корея Республикасына кіру визасы(елге кіруге рұқсат) туралы мәлімет
  • Елде тұру мәртебесі : Кореяға келген мақсатын білуге болады (некедегі иммигранттар: F-6 тұру мәртебесі).
  • Елге кіруді тексеру куәлігіндегі күн Кореяға кірген күн болып табылады. Кореяда болу мерзімі кірген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
  • Тұру мерзімі тұру мәртебесіне байланысты әр түрлі болады, елде тұру мерзімі аяқталғанға дейін (кірген күннен бастап 90 күн ішінде) шетелдіктерді тіркеу өтініші мен тұру мерзімін ұзартуға өтініш беруі қажет (тұру мәртебесі мен өтініш берушінің ұзарту себептеріне байланысты мерзімнің ұзартылу мүмкіндігі белгіленеді).
  • Тұру мерзімінің астындағы жолда көрсетілген күн визаның (кіру/шығуына рұқсат) жарамды мерзімін көрсетеді.
  • 대한민국 사증발급확인서 양식
Шетелдіктерді тіркеу куәлігі туралы мәлімет
  • 외국인 등록증 앞면
    < Шетелдіктерді тіркеу куәлігінің алдыңғы беті >
  • 영주증 앞면
    < Тұрғылықты тұратын жері туралы куәліктің алдыңғы беті >
  • 외국국적동포 국내거소신고증 앞면
    < Шетелдік отандастың Кореядағы тіркеу куәлігінің алдыңғы беті >
Куәліктің алдыңғы беті
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы
    • (Кәріс тілі) Шетелдіктердің тіркеу куәлігі (Ағылшынша) RESIDENCE CARD
    • (Кәріс тілі) Тұрғылықты тұратын жері туралы куәлік (Ағылшынша) PERMANENT RESIDENT CARD
    • (Кәріс тілі) Шетелдік отандастың Кореядағы тіркеу куәлігі (Ағылшынша) OVERSEAS KOREAN RESIDENT CARD
  • Шетелдікті тіркеу нөмірі : ○○○○○○-○○○○○○○ формасында жазылады
  • Аты-жөні: Паспорттағы ағылшынша аты-жөні көрсетіледі
  • Мемлекет/аймақ: Азаматтығы ағылшынша көрсетіледі
  • Кореяда тұру мәртебесі : Иммиграциялық бақылау туралы заңның 12-бабы бойынша елде тұру мәртебесі (некеге тұрған иммигранттар (F-6))
  • Беруші орган: Кәріс және ағылшын тілінде көрсетіледі
  • 외국인등록증 뒷면
    < Шетелдіктерді тіркеу куәлігінің артқы беті >
  • 영주증 뒷면
    < Тұрғылықты тұратын жері туралы куәліктің артқы беті >
  • 외국국적동포 국내거소신고증 뒷면
    < Шетелдік отандастың Кореядағы тіркеу куәлігінің артқы беті >
Артқы беті
Тұру мерзімі
  • Рұқсат берілген күн : Тұру рұқсатын беру туралы өтінішке бойынша рұқсат берілген күн
  • Аяқталу күні : Тұру мерзімінің аяқталатын күні
    • Тұрақты түрде тұру мәртебесі (F-5) болған жағдайда «Жарамдылық мерзімі» деп көрсетіледі, жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 10 жыл.
  • Тексеру: Рұқсат беретін органның аты көрсетіледі, тек «Иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі орталық (кеңсе)»-тың орынына, «Сеул», «Пусан» т.б. деп жазылады.

(1)Қысқа мерзімге келгендер (B, C тобы - максимум 90 күн)

Визада көрсетілген тұру мерзімі елге кірген күннен бастап тұруға болатын уақытты білдіреді.

(2)Ұзақ мерзімге келгендер мен тұрақты түрде тұратындар: Шетелдіктердің тіркеу куәлігі, тіркеу куәлігі, тұрақты түрде тұру куәлігі бар адамдар

Шетелдіктердің тіркеу куәлігінің артқы жағында тұру мерзіміне рұқсат берілген күн мен аяқталу күні жазылған, аяқталу мерзімінен бұрын тұру мерзімін ұзартуға өтініш беру қажет, әйтпесе шетелдік ел ішінде тұра алмайды. (Тұрақты түрде тұру куәлігі жарамды мерзім ішінде қайтадан жаңартылуы керек.)

02Шетелдіктерді тіркеу

(1)Тіркелетін шетелдіктер мен тіркеу мерзімі

Корея Республикасына келгеннен кейін 90 күннен астам уақытқа қалғысы келетін шетелдік 90 күннің ішінде шетелдіктерді тіркеуге өтініш беруі керек.

  • Корея Республикасында тұрып, тұру мәртебесін беру мен өзгертуге рұқсат алған жағдайда, тұру мәртебесін беру, өзгертумен бірге шетелдіктерді тіркеу процесі бір уақытта жүзеге асырылады.

(2)Қажетті құжаттар

Ортақ құжаттар
  • Паспорт(+ түпнұсқа, көшірме)
  • Жалпы өтініш формасы (Иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі комитеттің(кеңсе) азаматтарға қызмет көрсету бөлімінде 34-формасы бар)
  • Паспортқа арналған сурет (өлшемі 3.5 см x 4.5 см) 1 дана
    • Соңғы 6 айда ақ фонда түсірілген тіке қарап тұрған сурет
  • Тіркеу куәлігін алу үшін төлем 35,000 вон(қолма-қол ақша)
  • Тұратын мекен-жайын растайтын құжат
    (Тұру мәртебесіне байланысты қажетті құжаттар әр түрлі болуы мүмкін, шетелдіктерге арналған ақпарат орталығына ☎1345 нөмірі бойынша хабарласып анықтап алыңыз)

(3)Некеге тұрған иммигранттар

Жоғарыда аталған құжаттарға қосымша, кәріс жұбайының (кәріс күйеуі не әйелі) төмендегі құжаттары қажет:

  • Неке қию туралы куәлігі (толық варианты)
  • Тұрғындарды тіркеу кітапшасының көшірмесі
  • (Балалары болған жағдайда) балалар мен отбасы туралы куәлігі
    • 3 ай ішінде берілген құжат болуы тиіс
  • Тұратын мекен-жайын растайтын құжат
    • Тіркеу куәлігін алу үшін төлем 35,000 вон+ мерзімді ұзарту төлемі 30,000 вон
    • Туберкулез ауруын тексеру міндетті болып саналатын елдерден келген азаматтар виза алған кезде туберкулездің анализ нәтижелерін алып келуі керек (’20 жыл, сәуір)
    • Некеге отырған иммигранттар ерте бейімделу бағдарламасына қатысқан жағдайда оларға 2 жыл бойы елде тұру мерзімі беріледі

(4)Шетелдіктерді тіркеуге өтініш беру және куәлікті алу

Шетелдіктерді тіркеуге өтініш жазу үшін, сондай-ақ (қайта) берілген куәлікті алу үшін тұратын жері бойынша шетелдіктердің істері жөніндегі комитетке(кеңсе·бөлімшесі) баруы керек.

Шетелдіктерді тіркеу куәлігін алу

Шетелдіктерді тіркеу куәлігін беру уақыты өтініш берілген күннен бастап шамамен 3 аптаға созылады, куәлікті шетелдіктердің істері жөніндегі комитетке барып алуға болады, сондай-ақ пошта қызметі арқылы (ақысын алдын ала төлеп) үйге алдыруға болады.

(5)Шетелдіктердің тіркеу куәлігін алып жүру туралы ереже

Шетелдіктердің тіркеу куәлігі ол адамның шетелдік екенін растайтын куәлік, сондықтан оны әрқашан өзімен бірге алып жүру керек, өзімен алып жүрмеген жағдайда 1,000,000 воннан кем әкімшілік айыппұл салынады.

Шетелдіктердің тіркеу куәлігін қайтадан алу

Төмендегі себептер туындаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі комитетке барып (кеңсе·бөлімшесі) қайтадан алуға өтініш беру керек.

  • Шетелдіктердің тіркеу куәлігін жоғалтқан жағдайда
  • Шетелдіктердің тіркеу куәлігі ескіріп не жарамсыз болған жағдайда
  • Қажетті мәліметтерді енгізуге орын жетпеген жағдайда
  • Аты-жөні, жынысы, туған күні, азаматтығы өзгерген жағдайда
Қажетті құжаттар
  • Паспорт
  • Жалпы өтініш формасы
  • Түсті сурет (3.5 см x 4.5 см) 1 дана
  • Тіркеу куәлігін алуға арналған төлем 35,000 вон
  • Шетелдіктердің тіркеу куәлігін тапсыру: төмендегі себептер туындаған жағдайда, шетелдіктердің тіркеу куәлігін қайтадан тапсыру қажет.
구비서류 : 반납해야 하는 경우, 반납시기 및 제출서류를 포함한 표입니다.
Төмендегі жағдайда міндетті түрде тапсыру керек: Тапсыру уақыты Қажетті құжаттар
Елден біржолата шығып кеткен кезде Шығу кезінде әуежайда Ешқандай құжат қажет емес
Корей азаматтығын алған кезде Тұрғылықты азамат ретінде тіркеу рәсімделген күннен бастап 30 күн ішінде Шетелдіктердің тіркеу куәлігінің түпнұсқасы, жеке куәлікке өтініш-анықтама (немесе жеке куәлік), негізгі анықтама
Қайтыс болған жағдайда Қайтыс болғанын білген күннен бастап 30 күн ішінде (жұбайы, ата-анасы, бауырлары және т.б.) Шетелдіктердің тіркеу куәлігі, қайтыс болғандығы туралы анықтама немесе тексеру құжаты,сондай-ақ басқа да өлімді растайтын құжаттар

03Елде тұру мерзімін ұзарту

(1)Объект мен мерзім

Рұқсат етілген тұру мерзімінен артық, Корея Республикасында тұрақты тұруды қалайтын шетелдіктер, тұру мерзімі аяқталуға 4 ай қалғаннан бастап ұзарту өтінішін беруі қажет. Шектелген мерзімнен кейін ұзарту өтінішін берген жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

(2)Тұру мерзімін ұзарту тәртібі

    Өтініш беру
    (Өтініш беруші)
    Қабылдау
    (Иммиграция қызметкері)
    Тексеру
    (қажет болған жағдайда фактілерді тексеру)
    Рұқсаттың болуы
    (қол қою)
    Рұқсат ақпаратын компьютерге енгізу және жазу
    Паспорт және т.б. беру
    (шетелдіктер)

(3)Қажетті құжаттар

  • Жалпы өтініш формасы
  • Паспорт және шетелдіктердің тіркеу куәлігі (шетелдік ретінде тіркелген жағдайда)
  • Тұратын жерін растайтын құжаттар
  • Елде тұру мәртебесіне байланысты қосымша құжаттар
  • Төлем 60,000 вон (некеге отырған шетелдік (F-6) үшін 30,000 вон)
Некеге отырған иммигранттарға арналған қосымша құжаттар
  • Кәріс жұбайымен неке қию туралы куәлігі(толық нұсқасы)
  • Кәріс жұбайының тұрғындарды тіркеу кітапшасынан көшірме
  • (балалары болған жағдайда) балалары мен отбасы туралы куәлік
  • Тұратын жерін растайтын құжаттар (ерлі-зайыптының тұратын мекен-жайы басқа болған жағдайда ғана қажет) Иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі комитет(кеңсе) басшысы қабылдау және тексеру барысында қажет деп танылған жағдайда қосымша құжаттардың кейбірін қосуы, азайтуы не өзгертуі мүмкін.
  • Тұру мәртебесіне байланысты құжаттар әр түрлі болады, сондықтан шетелдіктердің жалпы ақпарат орталығына ☎1345 нөмірі бойынша міндетті түрде хабарласыңыз

04Тұру мәртебесін өзгерту

(1)Объект мен мерзім

Корея Республикасында тұратын шетелдіктер қазіргі тұру мәртебесіне жататын іс-әрекеттерді тоқтатып, басқа тұру мәртебесіне жататын іс-әрекеттермен айналысқысы келген жағдайда, құзыретті иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі комитетке барып(кеңсе·бөлімшесі) рұқсат алуы керек.

  • Қысқа мерзімді сапармен (топтық туризм сияқты(C-3-2 визасы бойынша) келгендерге Корея ішінде виза мәртебесін өзгерте алмайды.
  • Тіл курстарын (D-4) бітіргеннен кейін университетке түскісі келген жағдайда (D-2)
  • Кореяда тұрып, басқа тұру мәртебесіне (90 күннен аз мерзімді виза иелері, заңсыз тұрушылардан басқа) ие шетелдіктер, кәріс азаматпен некеге тұрып, некелік иммиграция (F-6) мәртебесіне ауысқысы келген жағдайда

(2)Қажетті құжаттар

  • Жалпы өтініш формасы, стандартты форматтағы 1 фото
  • Паспорт және шетелдіктердің тіркеу куәлігі (шетелдік ретінде тіркелсе ғана)
  • Тұру мәртебесіне байланысты қосымша құжаттар
  • Тұру мәртебесін өзгерту үшін ақы 100,000 вон (куәлікті алу ақысы 35,000 вон бөлек төленуі тиіс)
    • Тұрғылықты тұрғын(F-5) мәртебесін өзгертетін жағдайында 200,000 вон (тұрғылықты тұрғын куәлігін алу ақысы 35,000 вон бөлек төленуі тиіс)

05Тұру мәртебесінен басқа жағдайлар(жұмыс істеу т.б.)

(1)Объект мен мерзім

91 күннен артық уақыт бойы (90 күн ішіндегі қысқа мерзімді виза иелері есепке алынбайды) тұратын шетелдіктер, қазіргі тұру мәртебесін сақтай отырып, басқа тұру мәртебесіне жататын қызметтермен айналысқысы келген жағдайда, басқа тұру мәртебесіне жататын қызметпен айналыспастан бұрын міндетті түрде тұру мәртебесінен басқа қызметпен айналысу үшін рұқсат алуы керек.

  • Студент (D-2) және тілдік курстарда оқу (D-4-1, D-4-7) мәртебесін алған адам оқу орнының шетелдік студенттермен жұмыс жасайтын қызметкерімен келіскен болуы керек (сұрағыңыз болса ☎1345 нөміріне хабарласыңыз)
    • Тілдік курс оқитын студенттерге елге кірген күннен бастап 6 ай өткеннен кейін рұқсат етіледі.
  • Дін бойынша тұру мәртебесі (D-6) бар миссионерлер өзі келген мекемеде дәріс бергісі(E-1) келген жағдайда

Некеге тұрған иммигранттар (F-6) үшін жұмыс істеу шектеулері жоқ, олар еркін түрде жұмыс істей алады, жұмыс жасауға рұқсат алудың қажеті жоқ. Алайда, ішкі заңдарға сәйкес белгілі бір біліктілік немесе талаптар қажет болған жағдайда, сол біліктілікті (талапты) орындауы қажет.

(2)Қажетті құжаттар

  • Жалпы өтініш формасы
  • Паспорт және шетелдіктердің тіркеу куәлігі (шетелдік ретінде тіркелсе ғана)
  • Тұру мәртебесіне байланысты қосымша құжаттар
  • Төлем 120,000 вон, оқу (D-2) және жалпы курстар (D-4) үшін төлем жоқ

06Қайта кіруге рұқсат

(1)Объект

  • Корея Республикасында 91 күннен артық тұратын және шетелдік ретінде тіркелген азаматтар
  • Кореяда орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасылары, Корея Республикасы үкіметімен келісімдер бойынша дипломаттар мен консулдарға ұқсас артықшылықтар мен мәртебелерді пайдаланатын адамдар, олардың отбасылары және т.б. шетелдіктерді тіркеуден босатылған адамдар.

(2)Мерзім

  • Елге бір рет қайтадан оралып келетін жағдайда рұқсат етілетін ең ұзақ мерзім - 1 жыл
  • Елге екі реттен артық қайтадан оралып келетін жағдайда рұқсат етілетін ең ұзақ мерзім - 2 жыл

(3)Қайта кіруге рұқсаттан босатылған адамдар

  • A-1~A-3 және тіркелген шетелдіктер (барлық тұру мәртебесі) елден шыққан күннен бастап 1 жыл ішінде қайта кіруге өтініш берсе, қайта кіруге рұқсаттан босатылады (елде тұру мерзімі 1 жылдан аз қалса қалған уақыт аясында рұқсаттан босатылады)
  • F-5 (тұрғылықты тұратын жері бар адам) мәртебесін иеленушілер елден шыққан күннен бастап 2 жыл ішінде қайта кіруге өтініш берсе, бұл рұқсаттан босатылады.

(4)Қажетті құжаттар

  • Жалпы өтініш формасы
  • Паспорт және шетелдіктердің тіркеу куәлігі (шетелдік ретінде тіркелсе ғана)
  • Төлем - бір реттік: 30,000 вон, көп реттік: 50,000 вон

(5)Қайта кіруге рұқсат мерзімінің ұзартылуы

Егер қайта кіруге рұқсат алып, шыққан рұқсат мерзімі ішінде немесе босатылған мерзім ішінде елге кіре алмайтын себептер пайда болса, сол мерзім ішінде жергілікті жерде орналасқан Корея Республикасының елшілігіне немесе консулдығына барып, қайта кіруге рұсат мерзімін ұзарту үшін өтініш бере аласыз. Егер қайта кіруге рұқсат берілген мерзім ішінде елге кіре алмасаңыз, бұрынғы тұру мәртебесі жойылады.

07Төменгі жағдайда міндетті түрде хабарлап, ескертуі қажетМаңызды!

Шетелдіктерді тіркеу бойынша тіркелген шетелдік, төменде көрсетілген себептер туындаған жағдайда, себептер туындаған күннен бастап 15 күн ішінде тұрғылықты жері немесе құзыретті иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі комитетке (кеңсе·бөлімшесі) хабарлауға міндетті, егер бұл ереже бұзылса әкімшілік айыппұл немесе заң бұзушылық жазасы қолданылады және елде тұру кезінде қиыншылықтарға ұшырауы мүмкін.

(1)Хабарлау себептері

Шетелдіктерді тіркеуден өткен шетелдік төменде көрсетілген себептер туындаған жағдайда, сол күннен бастап 15 күн ішінде тұрғылықты жері немесе жауапты иммиграция және шетелдіктердің істері жөніндегі комитетке (кеңсе·бөлімшесі) шетелдіктердің тіркеу деректерін өзгерту туралы хабар беруі керек.

  • Аты-жөні, жынысы, туған күні және азаматтығы өзгерген жағдайда
  • Паспорт нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі өзгерген жағдайда
  • Бастауыш, негізгі немесе орта мектептердегі (арнайы мектептер мен басқа да мектеп түрлерін қоса алғанда) оқуға тіркелу мәртебесінің өзгерістері
  • D-1, D-2, D-4~D-9 мәртебесін иеленушілердің тиісті мекемесі немесе ұйымының өзгеруі (атауын өзгерту кіреді) немесе тағы басқа жағдай
  • D-10 мәртебесін иеленушілердің оқуының басталғаны немесе оқу орнының өзгеруі (атауын өзгерту кіреді)
  • H-2 мәртебесін иеленушілер жекеменшік, ұйым, топ немесе кәсіпорында алғаш рет жұмысқа алынған жағдайда, жұмысқа кіріскені жөніндегі дәлел керек
  • H-2 мәртебесін иеленушілер жекеменшік, ұйым, топ немесе кәсіпорында жұмыс жасап жатқан болса жұмысының өзгеруі не жұмыс орынының атауы өзгеруі
  • Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда

(2)Қажетті құжаттар

  • Өтініш
  • Паспорт және шетелдіктердің тіркеу куәлігі
  • Өзгерістерді растайтын құжаттар (тұрғылықты жер өзгерген жағдайда мекенжайды растайтын құжат)
Назар аударыңыз!
Карантин дегеніміз не? (Жануарлар мен өсімдіктер карантині)

Шетелден ауыл шаруашылығы аурулары мен өсімдіктердің зиянкестері сияқты қауіптердің енуін болдырмау үшін барлық әуежайлар мен теңіз порттарында елге кірер алдында карантин өткізіледі. Егер елге кірген кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келіп, оларды хабарламаса, әкімшілік айыппұл, елге кіруге шектеу және басқа да зардаптарға ұшырауы мүмкін.

  • Егер ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімін алып келсе, міндетті түрде саяхатшының жүк декларациясына белгі қойылуы керек. Әр саяхатшы әуежай мен теңіз порттарында орналасқан ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы карантині басқармасына хабарлауға міндетті.
Карантин процедурасы
  • Кореяға келген кезде (әуежай, порт, пошта қызметі)
  • Кіріс тексеруі
  • Кеден декларациясын(Карантин декларациясы) толтыру
  • Жануарлар, өсімдіктер, ауыл шаруашылығы өнімдері, мал шаруашылығы карантині: тексеру нәтижесі сәтті болған жағдайда ғана өтеді.
  • Кеден тексерісі
  • Елге кіру
Жануарлар мен мал шаруашылығы карантині
  • Әкелуге тыйым салынған мал өнімдері(әкелген жануарларға арналған карантиндік заттарды хабарламаған жағдайда, 1,000,000 вонға дейін айыппұл салынады, ал шетелдіктер үшін елге кіруге тыйым салу, тұру шектеулері сияқты қиындықтар болуы мүмкін.)
    1. 1Ет өнімдері: сиыр еті, шошқа еті, тауық еті, үйрек еті, сосиска, шұжық, кептірілген ет өнімдері, пісірілген ет және т.б.
    2. 2Сүт өнімдері: сүт, ірімшік, май және т.б.
    3. 3Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері: жұмыртқа, құс жұмыртқасы, жұмыртқаның ағы, жұмыртқаның сарысы және т.б.
    4. 4Үй жануарларының азығы, тәттілер және витаминдер және т.б.
Саяхатшының жүгіне рұқсат берілмеген жағдайлар
  • 소시지
    < сосиска >
  • 햄
    < шұжық >
  • 육포
    < кептірілген сиыр еті >
  • 힘줄
    < ет сіңірі >
  • 순대
    < Сундэ >
  • 장조림
    < қуырылған сиыр еті >
  • 닭발
    < тауық аяқтары >
  • 말린고기
    < құрғатылып кептірген ет >
  • 만두
    < Манты >
Өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің карантині
  • Әкелуге тыйым салынған заттар
    1. 1Манго, банан, алма, алмұрт, апельсин, лайм, авокадо, жасыл бұршақ, қияр, помидор сияқты тірі жемістер мен көкөністер
    2. 2Батат, картоп, қытайлық ям және т.б тамыр көкөністері және қабықшалары бар жаңғақ
    3. 3Топырақ, топырағы бар өсімдіктер, тірі жәндіктер, арамшөп тұқымдары және т.б.
  • 망고
    < манго >
  • 라임
    < лайм >
  • 사과, 귤
    < алма, мандарин >
  • 오렌지
    < апельсин >
  • 바나나
    < банан >
  • 풋콩, 토마토, 고추
    < жасыл бұршақ, помидор, бұрыш >
  • 고구마, 감자
    < батат, картоп >
  • 흙부착 식물
    < топырағы бар өсімдіктер >
  • 살아있는 곤충
    < тірі жәндіктер >
Өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін алып кіру және пошта/жүк тасымалдау кезінде ескеру қажет нәрселер

Тұқымдар, көшеттер (құрастыру және қалемше), түйнектер сияқты қайта отырғызуға немесе көбейтуге арналған өсімдіктер экспорттаушы ел тарапынан берілген өсімдіктер карантині сертификатын ұсынуы керек. Егер өсімдіктер карантині сертификаты болмаса, оларды импорттауға рұқсат етілмейді. (2019 жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енді.)

  • Толық карантин туралы ақпарат үшін Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы карантині басқармасына (www.qia.go.kr)хабарласыңыз
    (054-912-1000 немесе 032-740-2661,2077)
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.