Данури колл-орталығы : 1577-1366
가족상담전화 : 1644-6621
Сеул қаласы, Джуңгу, Туэгеро 173, 21-қабат, 24-қабат (Чуңму-ро 3-га, Намсан Сквер Билдинг)
Copyright ⓒ KOREA INSTITUTE FOR HEALTHY FAMILY. All Rights Reserved
Кәрістер күнделікті өмірде әдетте қазіргі заманға сай киім киеді. Төрт мезгілдің ауысуына байланысты көктем мен күзде ұзын жеңді киім, жазда қысқа жеңді киім киеді, ал қыста жылы киімдер мен пальто, куртка сияқты сыртқы киімдер киеді. Жұмысқа барғанда немесе маңызды отбасылық жиналыстарда әдетте ресми киім киеді.
Кореяның ұлттық киімі "ханбок" деп аталады. Ханбоктың түрлері салтанатты және күнделікті, ерлер мен әйелдерге арналған, жасына және жыл мезгіліне байланысты әртүрлі болады. Ерлер ханбогі негізінен шалбар мен джогориден тұрады, ал әйелдер ханбогі юбка мен джогориден тұрады. Бұған қосымша жилет, магоджа және дурумаги киіледі.
Алдымен шалбар мен джогориді киеді. Шалбар кигенде белдікті оң жақтан солға қарай байлау керек. Шалбардың балағын орамал тектес ұзынша мата(бандана)мен байлайды. Джогориді кигеннен кейін горымды(белбеу) тағып, үстіне жилет пен магоджа киеді. Дурумаги иіліп ғибадат жасағанда немесе сыртқа шыққанда киіледі.
Ішкі шалбар, шұлық, ішкі юбка киіп, содан кейін сыртқы юбканы киеді. Сыртқы юбканың шеті сол жақта тұруы керек. Ішкі джогори мен сыртқы джогориді киген соң, джогориді алға тартып түзейді. Джогоридың горымы байланады, горымның екі шетінің ұзындығы бірдей болуы керек.