Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Тұрғын үй

  • Басты бет
  • Кореяның мәдениеті мен тұрмысы
  • Тұрғын үй

Тұрғын үй

01Тұрғын үй түрлері

Кореядағы жалпы тұрғын үй түрлері: жеке жер үй, пәтер, офистель, көппәтерлі үй, бірнеше отбасы бірге тұратын үй және т.б. Соңғы кездері қалада тұратын кәрістер тұрмыстың ыңғайлы болуы үшін көп қатарлы пәтерде тұрғанды жөн көреді. Кәрістер жекеменшік тұрғын үйді иелену өте маңызды мәселе деп санайды. Кореяда тұрғын үй бағасы өте қымбат, ауылдық жерлермен салыстырғанда қаладағы үйлердің бағасы әлдеқайда қымбат.

02Тұрғын үй сатып алу және жалға алу туралы келісім-шарттар

(1)Тұрғын үйді сатып алу

Тұрғын үйді сатып аларда үйдің орналасқан жері мен терезелерінің бағытталған жағы, көлік қатынасы ыңғайлы ма, айналаның жағдайы сияқты факторларды мұқият қарастыру керек. Сатып алғыңыз келетін тұрғын үйді таңдағаннан кейін, сол үйдің тіркеу құжаттарын (тіркеу жазбалары) алып, жекеменшік құқығын, кепілдерді тексеріп, зиян шекпес үшін сақтық шараларын жасау керек. Тұрғын үйді сатып аларда келісімшартқа қол қойылады, сол кезде келісімшарттың мазмұнын мұқият оқып, егжей-текжейін дұрыстап түсініп алу керек.

(2)Джонсэ(жалға беру)

Кореяда ғана кездесетін жалға алудың ерекше тәсілі. Тұрғын үй иесіне белгілі бір соманы кепілдік ретінде төлеп, келісілген мерзім ішінде сол үйде тұрады, келісім мерзімі аяқталғаннан кейін кепілдің толық сомасын қайтадан алады. Үйді толығымен жалға алуға немесе тек кейбір бөліктерін (бір қабат немесе 1-2 бөлме) жалға алуға болады. Үйді толығымен жалға алғанда кепілдік әдетте тұрғын үй бағасының 40-80% аралығында болады. Жалға алу келісімі әдетте 2 жыл мерзімге (офистель үшін 1 жыл) жасалады. Заңда үй иесі жалға алушының келісімінсіз 2 жыл ішінде келісімді бұзуға құқығы жоқ деп көрсетілген. Яғни, тұрғын үйді жалға беру туралы заңға сәйкес келісімшарт 1 жылға жасалса да, жалға алушы қалаған жағдайда ол үйде 2 жыл бойы тұра алады.

(3)Пан джонсэ(жалға беру)

Тұрғын үй нарығының дағдарысы жалғасып, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуіне байланысты жалға берушілер джонсэны бөліп төлейтін жүйеге ауыстырып, үйлерін жалға беретін жағдайлар туындай бастады. Тұрғын үйге кепілдік салып, оған қоса ай сайын ақшасын төлеп тұратын жүйені енгізді. Жалпы тұрғын үйлердің 10-ның 3-еуі шамамен осындай тәсілмен (пан джонсэ) жалға беріледі деп есептеуге болады. Соңғы уақыттарда бағасы көтерілген джонсэны уольсэға(ай сайын төлейтін ақша) ауыстырып, (әдетте банк депозитінің орташа пайыздық мөлшерлемесінің екі есесі болып табылады) жалға алушылардан ай сайын төлем алғанды дұрыс деп санайтын адамдар көбейіп келеді. Мысалы, егер 2 жыл ішінде джонсэның бағасы 300 миллион воннан 400 миллион вонға көтерілген болса, көтерілген 100 миллион вонды айлық төлем ретінде есептеп, кепілдікке 300 миллион вон алып, ай сайын 400,000-600,000 вонды қоса алып отырады.

Джонсэ депозитін қайтарып алуға кепілдік беретін сақтандыру

Джонсэні жалға алған адам соңыра салған ақшасын қайтарып ала алмаған жағдайда, «тұрғын үй және қалалық кепілдік корпорациясы» HUG, www.khug.or.kr -ның ‘джонсэ депозитін қайтарып алуға кепілдік беретін сақтандыру’-ға тіркеле алады.

(4)Уольсэ(ай сайын төлейтін ақша)

Белгілі бір соманы кепілдік ретінде төлеп, одан бөлек ай сайынғы пайдалану төлемін төлеп отыратын жалдау тәсілі. Бұл тәсілмен үйді жалға алушы адам көлемі бірдей үйді джонсэдан гөрі арзан бағаға ала алады. Келісім жасағанда үй иесімен келісіп, кепілдік пен айлық пайдалану төлемін арзандатуға болады. Егер кепілдіктің бағасын көтерсеңіз, айлық төлем азаяды, ал кепілдікті төмендетсеңіз, айлық төлем көбейеді. Уольсэнің бағасы бөлменің көлемі мен санына, сондай-ақ үй ішіндегі жабдықтарға байланысты әртүрлі болады. Джонсэ немесе уольсэ төлеміне коммуналдық төлемдер (электр энергиясы, су, газ, телефон, интернет, телевизор және т.б.) кірмейді, сондықтан жалға алушы оларды бөлек төлейді. Жиһаз бен тұрмыстық техника болмайды, оларды да бөлек сатып алу қажет, бірақ көппәтерлі немесе офистель сияқты жерлерде тоңазытқыш, кір жуу машинасы сияқты негізгі тұрмыстық техникалар болуы мүмкін.

Ккалсэ

Кореяда тұратын шетелдіктер мен көпмәдениетті отбасыларға арналған "ккалсэ" деп аталатын, яғни 1-3 жылдық жалдау ақысын бірден талап ететін үйлердің иелері де кездеседі (Чеджу аралы өңірінде баяғыдан 1 жылдық жалдау ақысын бірден төлейтін ‘Ёнсэ’ деген жүйе кең тараған).

(5)Жатақхана

Компания немесе мектеп тарапынан қамтамасыз етілетін тұрғын үйді білдіреді. Шетелдік инвесторлар, практикаға келген шетелдіктер (D-3) мен жұмысқа рұқсат беру бағдарламасымен келген жұмысшылар (E-9) визасымен Кореяға келген шетелдіктерге компания тарапынан жатақхана ұсынылуы мүмкін, бірақ бұл жағдай компанияның міндеті емес.

(6)Тұрғын үй қарағанда ескеретін жағдайлар

Кореяда тұрғын үйді іздеудің бірнеше жолы бар. Көшеде жабыстырылған жарнамаларды қарап, тікелей барып тұрғын үйді табуға болады. Бұдан басқа көпшілік халық қолданатын қызмет бар, ол - жылжымайтын мүлік агенттіктерін пайдалану. Жылжымайтын мүлік агенттіктері сіз үшін маңызды мәліметтерді тексеріп, келісімшартқа қажетті құжаттарды дайындап, заң бойынша ақыл-кеңес береді. Мұндай агенттіктердің қызметіне жүгінетін болсаңыз тұрғын үй бағасына байланысты белгіленген заңды комиссияны төлеуіңіз қажет, интернет арқылы делдалдық комиссияны алдын ала тексеріп алғаныңыз жөн.

  • Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік делдалдық комиссиясы үйдің бағасына байланысты пайыздық коэффициентпен белгіленген. Шамадан тыс делдалдық комиссия сұраған жағдайда қалалық, аудандық, ауылдық әкімшіліктердің жер кадастры бөлімінде орналасқан заңсыз делдалдық әрекеттерді хабарлау орталығына хабарласып, шағымдануға болады.

(7)Келісім

Келісім жасалатын адам

Келісімшартты үй иесімен жасау қажет. Келісімшартта тұру мерзімі, кепілдік мөлшері, айлық жалдау ақысы сияқты мәліметтер жазылады. Бірақ кей адамдар үй иесімен тікелей келісім жасамай, бөлмеде тұратын басқа жалға алушымен келісім-шартқа отырып, кепілдік төлемді сол адамға төлеуі мүмкін. Мұндай жағдайда, егер үй иесі жасалған келісімнің шарттарына келіспесе, кепілдік төлемді қайтарып алу қиынға түсуі мүмкін.
Сондықтан келісімшартты жазғанда, міндетті түрде сол үйдің иесінің кім екенін тексеру керек, сондай-ақ иесінің немесе иесінің уәкілдігін алған адамның құжаттарын (мөр куәлігі және сенімхаты) тексеріп, содан кейін ғана келісім жасау қажет.

Жылжымайтын мүлікті тіркеу

Келісім жасамастан бұрын жылжымайтын мүлікті тіркеу құжатын тексеру өте маңызды мәселе болып табылады. Бұл құжатта үй иесінің аты-жөні, мекенжайы, үйдің ауданы мен құрылымы, үй иесінің қарыздары сияқты мәліметтер көрсетіледі. Құжатты жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастрына бармай-ақ, интернет (www.iros.go.kr, Жоғарғы Соттың жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі) арқылы оңай алуға болады. Түсінбеген жағдайда айналаңыздағы кәріс әріптестеріңізден көмек сұраңыз.

Ақша төлеу мен оның тәсілдері

Келісімшарт сомасы заңда белгіленбеген, алайда әдетте кепілдік төлемнің 10%-ын құрайды. Егер депозит сомасы 2,000,000 вон болса, келісімшарт сомасы 200,000 вон болады. Қалған 1,800,000 вонның бір бөлігін үйге көшкенге дейін белгіленген уақытта төлеп, қалғанын көшіп келген күні төлейді, немесе үйге көшіп келген күні бәрін біржолата төлейтін адамдар да бар. Ақша төленді деген түбіртекті өзіңізбен бірге сақтап қойғаныңыз жөн.

Келісімшартта міндетті түрде көрсетілуі тиіс тармақтар
  • Жылжымайтын мүліктің мекенжайы (жылжымайтын мүлік тіркелген құжатта көрсетілген мекенжай мен келісімшарттағы мекенжай бірдей болуы тиіс)
  • Келісімшарт сомасы (кепілдікке салынатын ақша мен айлық жалдау ақысы)
  • Келісімшарттың бастапқы төлемі, аралық төлем және қалдық төлем сомалары мен төлеу мерзімі (келісімшарт сомасы кепілдік төлемнің 10%-інен аспағаны дұрыс)
  • Келісімшарт мерзімі
  • Үй иесі мен үйді жалға алушының қолы немесе мөрі (саусақ ізі)

(8)Келісімшарт мерзімінің аяқталуы мен депозитті қайтарып алу

Түрлі жағдайларға байланысты келісілген мерзімінен бұрын үйден көшіп кетуге тура келуі мүмкін. Мұндай жағдайда үй иесі депозитті қайтарып береді, бірақ қалған уақыттың ай сайын төленетін ақысын алып қалуға құқы бар.
Мысалы, сіз депозиті 2,000,000 вон, ай сайынғы жалдау ақысы 150,000 вон тұратын бөлмені жалдадыңыз деп есептейік, бірақ келісілген мерзімнің аяқталуына үш ай қалғанда көшіп кетесіз. Сіздің орыныңызға жаңа жалдаушы табылса, ешқандай мәселе болмайды. Алайда табылмаса, үй иесі қалған 450,000 вонды (150,000 вон × 3 ай) депозиттен ұстап қалуы мүмкін, қалған 1,550,000 вонды ғана қайтаруы заң бұзушылық болып саналмайды.
Сіз келісімшарт мерзімі аяқталардан бір ай бұрын үй иесіне келісілген уақыт аяқталған бойда басқа жаққа көшетініңізді ескерттіңіз, осыған қарамастан үй иесі жаңа жалдаушы табылмады деген себеппен сізге депозитті қайтармайтын болса, оның бұл әрекеті заңсыз болып саналады. Мұндай жағдайда азаматтық іс бойынша үй иесінің үстінен сотқа арыз беріп, ақшаны қайтарып алуыңызға болады. Сот ісін бастау қиындыққа түсіп жатса, кеңес беру мекемелеріне (www.klac.or.kr, Кореяның құқықтық көмек көрсету мекемесі) хабарласып, кеңес алғаныңыз жөн.

Келісімшарттың аяқталуына бір ай қалғанда ескеретін жағдайлар

Үй иесіне келісімшартты ұзартатынынңызды не ұзартпайтыныңызды немесе көшіп кететініңізді алдын ала хабарлауыңыз қажет. Егер ескертілмеген жағдайда, келісімшарт автоматты түрде ұзарады. Көптеген адамдар бұл туралы білмей, үлкен шығынға ұшырап жатады, сондықтан мұны есіңізде сақтаған жөн.

Жылжымайтын мүлікті сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Үйді еріксіз сатып алғанда назар аударатын жайттар

Кейбір көпмәдениетті отбасылар шығынды үнемдеу мақсатында жылжымайтын мүлік агенттігінің қатысуынсыз үйді алғанды қалап жатады. Бұл әдіспен шығынды үнемдеуге болады, бірақ көптеген қауіпті жақтары болуы мүмкін. Көбінесе мүлікті сатушы жеке ақпаратын, соның ішінде мекенжайы мен телефон нөмірін жариялайды. Бірақ, әсіресе жалғыз тұратын әйелдер жеке мәліметтерін жарияламағаны жөн. Себебі, үйді көруге келетін адамдар көбінесе риэлтор немесе агенттік қызметкерлерімен бірге келмейді, бұл үйдегі адамның күтпеген қылмыс қаупіне тап болу мүмкіндігін арттырады.
Жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы сауда жасағанда, агент үйдің кемшіліктерін анықтап, жалдаушыға түсіндіріп айтуға міндетті. Сондай-ақ жалдаушы да өз бетінше үйдің кемшіліктерін қарап, жабдықтары мен әрлеу материалдарының жағдайын мұқият тексеруі керек. Тікелей сауда болғанымен, шамамен 100,000 вон төлеп, агенттен келісімшартты толтырып беруін сұрауға болады. Алайда, бұл жағдайда агент жылжымайтын мүлік саудасына жауапты емес, тек қана "құжат рәсімдеу қызметін" ұсынатынын ескеру қажет.

Тікелей саудадан гөрі агенттікті пайдаланған қауіпсіз болып есептеледі.

2009 жылы тікелей сауда жасайтын коммюнити-кафелер(ғаламторда) 50-ге жуық болса, қазір олардың саны 100-ден асты, ал мұндай кафелерге тіркелгендердің саны 1,1 миллионнан (1,100,000 адам) асып кетті. Жылжымайтын мүлік нарығының тоқырауына қарамастан екі есеге көбейген. Жылжымайтын мүлік саласы интернет арқылы айына 100,000-нан астам мүлік туралы ақпарат тарайды деп болжайды. Адамдардың джонсэ және уольсэні қалайтын себептерінің біріне үйді интернетте іздеудің тиімділігін жатқызуға болады. Бұрын онлайн жылжымайтын мүлік туралы мәлімет тізімінде бір бөлмелі үйлер мен офистельдер ғана болатын. Оларды көбінесе колледж студенттері мен жалғыз тұратын кеңсе қызметкерлері пайдаланатын. Қазіргі уақытта көп отбасылық үйлер, жеке үйлер, пәтерлер және басқа да сауда түрлерінің саны айтарлықтай өсуде, оның ішінде 2-3 бөлмелі үйлер, офистельдер, қалалық үйлер, сауда орталықтары мен кеңселер бар.
Дегенмен, шығынды үнемдеп, сауданы оңай жасау мақсатында үйді тікелей өзі сатып алғысы келетін адамдар қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесі аз болатын жағдайда мұндай сауданың түрі олар үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан рұқсат етілген агенттіктер арқылы келісім жасау ұсынылады. Аукционға өтуге жақын қалған үйлер тікелей сауда арқылы жалға берілсе, кейбір жалдаушылар тікелей сауда арқылы қайта жалға беріп, екі жақты келісім (қосарланған келісім) арқылы алаяқтық жасайтын жағдайлар көбейіп келеді.
Әсіресе, джонсэ мен уольсэ тікелей саудасы ресми агенттіктерді айналып өтіп, екі тарап арасында тікелей келісім жасалған кезде мұқият қарастырылмаса, үлкен шығындарға алып келуі мүмкін. Шығынға ұшырайтындардың көпшілігі – мұндай сауданы жаңа бастағандар немесе жылжымайтын мүлік келісімшарттары туралы білімі жоқ адамдар. Интернеттегі ашық нарықта сауда жасауға үйренгенімен, жылжымайтын мүлікке қатысты негізгі білімнің жетіспеушілігінен олар тек арзан мүліктерді іздеп, тікелей саудаға барып, кейде жалған меншік иелерімен келісім жасайды. Сонымен қатар, көшу кезінде жөндеу жұмыстарын талап ету қиындықтарына тап болады. Дәл сол сияқты, нарық бағасын білмей джонсэ келісімін жасайды да көбіне нарық бағасынан жоғары бағаға келісімдер жасалады. Сондықтан екі жақты келісім сияқты алаяқтық жағдайлар туындаса да, сақтандыру және басқа да жеңілдіктерді пайдалану арқылы көмек алуға болатын рұқсат етілген агенттіктерді пайдалану ең қауіпсіз жол болып табылады. Мұндай агенттіктердің басқа да артықшылықтар өте көп. Шығындарды тек тікелей сауда арқылы үнемдеймін деп жүргенде келешекте күтпеген жағдайлар туындап, уақыт пен ақшаны қосымша жұмсауға тура келетінін есте сақтау керек.

03Тұрғын үйді қолдау қызметтері.

Көпмәдениетті отбасыларға арналған тұрғын үй ұсыну жүйесі – оларға тұрғын үй алуда қолдау көрсету мақсатында кәріс отбасыларымен бәсекесіз түрде өтетін жүйенің бірі болып табылады.

(1)Өтініш беру талаптары

  • 「Көпмәдениетті отбасыларды қолдау туралы заңның」 2-бабына сәйкес, көпмәдениетті отбасының мүшесі ретінде үш жылдан астам уақыт бойы жұбайымен бір мекенжайда тұруы қажет.
  • Өтініш берушінің өзі ғана емес, барлық отбасы мүшелері де баспанасыз болуы тиіс.
  • Тұрғын үйге өтініш беру шотына тіркелгеніне 6 айдан астам уақыт өтуі тиісті, сондай-ақ ай сайын белгіленген күнде 6 реттен аса төлем салынған болуы керек.

(2)Өтініш беру тәсілі

  • Өтінішті таңдалған тұрғын үйдің тұрғындарын қабылдау кестесіне сәйкес тапсыру қажет.
  • Тұрғындар қабылдау туралы хабарламаны күнделікті баспасөз беттерінен, жергілікті әкімшіліктің (қала, аудан) веб-сайттарынан және тұрғын үйге өтініш беру веб-сайты (www.applyhome.co.kr) арқылы білуге болады.
Тұрғын үйге өтініш беру дегеніміз не?

Тұрғын үйге өтініш беру – белгілі бір талаптарды орындаған адамдарға тұрғын үйге өтініш беруге мүмкіндік беретін жүйе. Сатуға берілетін тұрғын үй үш түрге бөлінеді: жалпы халықтық тұрғын үй, жекеменшік тұрғын үй, орташа халықтық тұрғын үй. Өтініш берушілер пәтер алу үшін тұрғын үйге арналған арнайы шоттарға (тұрғын үй жинақ шоты, тұрғын үй жинақ депозиті, тұрғын үй жарнасының жинақ шоты, жан-жақты абонементтік жинақ шоты) тіркелуі қажет. Үй сатып алушылар тұрғын үйсіз кезеңі, жинақ төлемдерінің саны мен жинақталған жалпы сомасы бойынша немесе белгілі бір балл жүйесі арқылы, сондай-ақ лотерея арқылы таңдалады.

04Электр энергиясын пайдалану

(1)Кернеу 220V

Кореядағы электр конденсаторларының кернеуі көбінесе 220V. Егер электр құрылғысы 110V-қа арналған болса, конденсаторды 220V-дан 110V-қа төмендететін трансформатор қажет.

  • 트랜스
    < Трансформатор >
  • Кореяның KEPCO электр энергетикалық корпорациясы ☎123(www.kepco.co.kr)

(2)Ток сақтандырғыш

Барлық үйлерде электрден туындайтын өрттің алдын алатын ток сақтандырғыш атты қауіпсіздік құрылғысы бар. Электр қуатының мөлшері шамадан тыс көп болғанда немесе электр ағынында ақау болғанда, ажыратқыш автоматты түрде түсіп, электр қуаты өшеді. Бұл құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, қауіпті жағдай туындауы мүмкін, сондықтан жаңа үй алған кезде ток сақтандырғыштың дұрыстығына көз жеткізу керек. Тексеру оңай: ток сақтандырғыштың сынақ түймесін (қызыл түс, ақауларға арналған – жасыл түс) басып көріңіз. Егер ажыратқыш төмен түссе, құрылғы қалыпты жұмыс істейді, олай болмаса, ақауы бар.

  • 누전차단기
    < Ток сақтандырғыш >

05Суды пайдалану

Қыс мезгілінде су құбырлары қатып қалып, суды пайдалана алмайтын жағдайлар болады. Оны болдырмау үшін келесі жағдайларға назар аудару керек.

  • Су есептегішінің қорғаныс қаптамасының ішінде су ағу немесе жылыту материалы (пенопласт) бар-жоғын тексеру қажет. Қажет болған жағдайда бірден жөндеу шараларын қабылдаған жөн.
  • Дәлізді пәтерлер немесе виллалар сияқты сыртқы қабырғаға тікелей әсер ететін су есептегіші сыртқы қорғаныс қаптамасына полиэтилен жапсырып немесе мұздан қорғау үшін жылу сымымен орап, жылыту шараларын қабылдау керек. Үйді ұзақ уақытқа бос қалдырып, қатты аяз кезінде түнде суды пайдаланбаған жағдайда, су құбырының қатуын болдырмау үшін суды аз мөлшерде тамшылатып ағызып қою керек.
  • Су есептегіші қатып қалған жағдайда, алдымен жылы сумен ерітіп көріңіз, біртіндеп ыстық сумен су есептегішін еріту керек. Бұл су есептегіш шынысының сынуын болдырмауға көмектеседі.

06Газды пайдалану

(1)Тамақ дайындауға арналған газ (LPG, қала газы)

Көптеген үйлерде кездесетін газ плитасын пайдаланғанда, жалынның көк түсті екенін тексеріңіз. Егер жалын қызыл түсті болса, ақау бар деген сөз, сондықтан газды өшіріп, себебін анықтаңыз. Сондай-ақ газ плитасын пайдаланғанда, алдымен аралық газ клапанын толық ашып алған соң ғана газды қосыңыз. Газ плитасын қолданып болған соң, аралық газ клапанын толық жауып, ауаны жеткілікті түрде желдету үшін терезені ашыңыз.
Сұйытылған мұнай газы (LPG) немесе қала газы пайдаланылған жағдайда, газ қауіпсіздігін тексеруден өткізу өте маңызды. Газдың жылыстауын тексеру үшін ыдыс жуғыш сұйықтық пен суды 1:1 қатынасында араластырып, шланг жалғанған жерге жағыңыз. Ешқандай реакция болмаса — бәрі қалыпты. Бірақ көпіршіктер пайда болса, бұл газдың жылыстап жатқанын білдіреді, сондықтан ақауды дереу жөндеу қажет. Қала газын пайдаланатын үйлер үшін газ компаниялары әр алты ай сайын қауіпсіздік тексерісін жүргізеді (есептегіш көрсеткіштері ай сайын алынады). Тексерісті өткізіп алмау үшін мүмкіндігінше тексеріс күні үйде болуға тырысыңыз.
Газбен жұмыс істейтін аспаптарды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде көптеген ауыр жазатайым оқиғалар орын алады. Қолданғаннан кейін әрдайым оттың толық сөнгенін тексеріп, аралық газ клапанын мықтап жабуды әдетке айналдырыңыз.

  • 취사용 가스 사용의 예
    < тамақ пісіруге арналған газды пайдалануға қатысты мысалдар >

(2)Бутан газы

Бутан газ баллондары тасымалданатын газ плиталарында қолданылады. Бутан газ баллонын дұрыс салмау салдарынан газдың жылыстау жағдайы жиі кездеседі. Сондықтан жалын әлсіз болса немесе газдың иісі сезілсе, себебін дереу анықтау қажет.
Тасымалданатын газ плиталары қауіпсіздік ережелеріне сай қолданылуы тиіс.
① Плитадан үлкен гриль табасын қолданбаңыз.
② Бутан газ баллондарын от көзіне жақын немесе индукциялық плиталарға қоймаңыз.
③ Қолданылған бутан газ баллондарын алып тастаңыз.
④ Жабық бөлмеде қолданған жағдайда бірден желдетіңіз.
⑤ Тасымалданатын газ плиталарын сақтаған кезде бірінің үстіне бірін қоймаңыз.
⑥ Қолданылған бутан газ баллондарын тастамас бұрын, желдетілетін жерде немесе ашық ауада қалған газды толық шығарып, оларды арнайы белгіленген орындарға тастаңыз.

  • 부탄가스버너
    < Бутан газ жондырғысы >
  • 부탄가스
    < Бутан газы >

(3)Газ апаттарының алдын алу

Газ компаниялары газдың қауіпсіз пайдаланылып жатқанын тексеру үшін тұрақты түрде келіп, қауіпсіздік тексерісін жүргізеді. Бұл — заңды міндет болғандықтан, жоспарлы тексеріс кезінде үйде болуға тырысыңыз. Соңғы уақытта газды қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретін әртүрлі қауіпсіздік құрылғылары, мысалы, газ клапанына арналған таймерлер, автоматты өшіргіш клапандар және көмірқышқыл газының (CO) дабыл құрылғылары әзірленуде.
Газ апаттары көбінесе газ қондырғыларын немқұрайлы басқарудан туындайды, нәтижесінде газдың жылыстауына әкеледі. Ең жиі кездесетін апаттар — газбен улану және газ жарылыстары.
Газды қауіпсіз пайдалану — ең маңызды нәрсе. Газ пайдаланып жатқанда шіріген пиязға ұқсас бөгде иіс сезілсе, газдың жылыстап жатқанын өзіңіз тексерсеңіз болады. Шланг немесе құбыр қосылыстарына ыдыс жуғыш сұйықтық пен суды 1:1 қатынасында араластырып жағыңыз. Ешқандай реакция болмаса — бәрі қалыпты. Бірақ көпіршіктер пайда болса, бұл газдың жылыстап жатқанын білдіреді, сондықтан мына әрекеттерді дереу орындау қажет:

  • Газдың қауіпсіздік клапанын жабу.
  • Терезелер мен кіреберіс есіктерді ашып, үй ішінің ауасын тазарту.
  • Газ жеткізушіге хабарласыңыз (қалалық газ компаниясы, сұйытылған газ жеткізушісі).
  • Электр ұшқындары газ жарылу қаупін тудыруы мүмкін, сондықтан электр құрылғыларын пайдалануға болмайды.
  • Қалалық газ компаниясына хабарласып, тексеруден өту.
  • 가스 새는 것을 확인할 수 있는 비누 거품 바르기
    < Газдың ағуын анықтау үшін сабын көбік жағу әдісі >

07Жылыту қондырғылары

Көптеген үйлерде орнатылған жалпы жылыту жүйелері ішкі еденге ыстық су құбырларын орнату арқылы ыстық суды айналдырып, тұрмыстық қажеттіліктерге қажетті ыстық суды қамтамасыз етеді.

(1)Қазандықтар

Қазандық түрлеріне шымтезек брикетін, мұнайды, сұйытылған мұнай газын (LPG) немесе қала газын пайдаланатын брикет қазандығы, мұнай қазандығы, LPG қазандығы және қалалық газ қазандығы жатады.
Брикет қазандықтары арзан болғанымен, көмір брикеттерін уақтылы ауыстыру қажет болғандықтан қолдануға ыңғайсыз.
Маймен жұмыс істейтін қазандықтар мен LPG қазандықтарының екі кемшілігі бар: біріншіден, қымбатқа түседі, екіншіден, май немесе сұйытылған мұнай газын (LPG) таусылған сайын қайтадан тапсырыспен алу қажет. Сондай-ақ, сұйытылған мұнай газын (LPG) пайдаланатын үйлерде резеңке түтіктер қолданылған жағдайда газдың жылыстау қаупі бар. Оларды металл түтіктерге ауыстырған әлдеқайда қауіпсіз.
Қалалық газ құбыры арқылы жеткізілетін қазандықтардың бастапқы орнату құны жоғары болуы — оның кемшілігі. Алайда, жылыту шығындарын үнемдейтіндіктен, ұзақ мерзімді есептеуде олар арзанырақ болады. Қалалық газ қазандықтарын қауіпсіз пайдалану үшін қолданар алдында қазандықтың түйіскен жерлерінде түтін шығару құбырының ажырап кетуі мен майысқан жерлерінің бар-жоғын тексеріңіз.

  • Егер қазандықтың түтін шығару құбыры ажырап кетсе, түтін газы сыртқа шығып кетуі мүмкін, бұл көміртегі тотығымен улану оқиғасына әкеледі.
  • 외국인 등록증 앞면
  • 영주증 앞면

(2)Электрлік жылытқышㆍЭлектр тоқ-көрпе

Электрлік жылытқыштар мен электр-тоқ көрпелер де жылытуға кеңінен қолданылады. Алайда электр энергиясының жоғары құны мен электромагниттік сәуленің көп мөлшерде шығуына байланысты оларды шамадан тыс пайдаланбаған жөн. Электр жылытқыш пен электрлік көрпелерді ұзақ уақыт үздіксіз пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін, сондықтан сақтықпен қолдану қажет.

(3)Газ жылытқышы

Ішкі жылытқыш ретінде газ жылытқыштар жиі қолданылады, бірақ түнде ұйықтап жатқанда оларды пайдалану кезінде абай болу керек. Түнде газ жылытқышын қосып қойсаңыз, көміртегі тотығымен улану қаупі бар. Жиі желдетуді ұмытпаңыз. Сондай-ақ, көптеген оқиғалар ескі өнімдерді пайдаланудан болады, сондықтан әр өнімнің ұсынылған пайдалану мерзімін сақтау маңызды.

08Байланыс

(1)Жалпы телефон

‘Орнатуға өтініш қабылдайтын телефон орталығының анықтама нөмірлері ел аумағында 100 (KT), 106 (SK Broadband) нөмірлерінен тұрады. Телефон трубкасын көтеріп, тиісті нөмірді терген кезде анықтама орталығына қосылады. Телефон ақысын төлеуді ай сайын автоматты түрде шоттан алынатын автоматты аударым әдісімен немесе интернет арқылы «джиро» әдісімен (интернет джиро www.giro.or.kr ☎1577-5500) жүргізу ыңғайлы. Осылайша, әр ай сайын банкке барудың қажеті болмайды, төлемді ыңғайлы түрде төлеуге болады.

  • SK Broadband: Телефон станциясының кодысыз ☎106 нөміріне қоңырау шалсаңыз, кәріс тілінде кеңес ала аласыз, кеңесшімен байланысқаннан кейін қаласаңыз ағылшын және қытай тілдерінде де кеңес алу мүмкіндігі бар.
  • KT: Телефон станциясының кодысыз ☎100нөміріне қоңырау шалсаңыз, кәріс тілінде кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, телефон станциясының кодысыз ☎1588- 8448 нөміріндегі KT шетелдік клиенттерге арналған орталыққа қоңырау шалсаңыз, ағылшын, қытай, жапон тілдерінде де кеңес алуға болады.

(2)Телефон(Ұялы телефон)

Көптеген шетелдіктер ұялы телефонды бөліп төлеу арқылы сатып ала алмайды, тек қолма-қол ақшамен бірден сатып алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, шетелдік тіркеу куәлігі бар адамдар өз атына ұялы телефон нөмірін ала алады, бірақ шетелдік тіркеу куәлігі жоқ адамдар мұндай мүмкіндікке ие емес.

Негізгі ұялы байланыс операторлары

Мұндай жағдайда алдын ала төлем жасалатын «карта-телефон» деп аталатын алдын ала төлем жасалатын телефондар жиі қолданылады. Ақшасы бар картаны алдын ала сатып алып, телефонға карта нөмірін енгізу арқылы сол сомаға тең қызметті қолдануға болады. Жалпы телефоннан айырмашылығы, оған қосылу ақысы немесе негізгі төлем болмайды, бірақ қоңырау ақысы сәл қымбатырақ. Карта-телефонды үнемі пайдалану үшін айына кем дегенде 10 000 вонды қайта зарядтау керек, ал қоңырау ақысы 10 000 воннан аз болса да, келесі айға қалдықты пайдалану мүмкін емес. Телефон бағасы өнімге байланысты әр түрлі болады. Карта-телефонды көбіне шетелдік жұмысшылар көп шоғырланған зауыт айналасындағы дүкендерде, шетелдік тағам дүкендерінде, пошта бөлімшелерінде (әр өңірде қол жетімділігі әртүрлі. ☎1588-1300 арқылы хабарласу қажет), сондай-ақ байланыс операторларының ресми өкілдіктерінен сатып алуға болады.

Назар аударыңыз!
Жарнама қоңыраулар/жарнама хабарламалар

Телефонды пайдаланғанда, көптеген жарнама қоңыраулар мен жарнама хабарламалар алуыңыз мүмкін. Алайда, сізге олар қажетсіз мәлімет болса, оларды елемей-ақ қоюыңызға болады. Себебі олардың шарттарын орындаймын деп күтпеген шығындарға ұшырап немесе үлкен зиянға тап болуыңыз мүмкін. Әсіресе, ересектерге арналған жарнамалар немесе хабарламаларға жауап беру арқылы үлкен шығынға ұшыраудан сақ болу қажет.

Аймақтық кодтар

Оңтүстік Кореяда аймақтық кодтар 17 бөлікке бөлінеді. Бір аймақтың ішінде тек телефон нөмірін теру жеткілікті, бірақ басқа аймаққа қоңырау шалу үшін алдымен аймақ кодын теріп, содан кейін телефон нөмірін теру қажет. Мысалы, Сеулден Сеулге қоңырау шалу кезінде тек телефон нөмірін терсеңіз жеткілікті, ал Сеулден Пусанға қоңырау шалғанда алдымен Пусанның 051 аймақ кодын теріп, содан кейін телефон нөмірін теру қажет.

지역번호 표 : 지역, 번호를 포함한 표입니다.
Аймақ Код Аймақ Код Аймақ Код Аймақ Код
Сеул 02 Тэджон 042 Чуңбук 043 Кёңнам 055
Пусан 051 Ульсан 052 Чуңнам 041 Чеджу 064
Тэгу 053 Седжоң 044 Джонбук 063
Инчон 032 Кёңги 031 Джоннам 061
Куаңджу 062 Каңуон 033 Кёңбук 054

(3)Таксофон

Таксофонды пайдалану үшін тиын немесе карта қажет. Уақытты дұрыс таңдасаңыз, халықаралық қоңырауларды арзан бағамен жасауға болады. Қала ішіндегі қоңырау ақысы әр 180 секундта 70 вон, ал ұялы телефонға әр 38 секундта 70 вонды құрайды.

  • 공중전화(카드전화)
    < Таксофон(картамен пайдалану) >
  • 공중전화(IC카드 및 동전 이용)
    < Таксофон(IC карта және тиын салып пайдалану) >

(4)Жедел жәрдем және қарсы тараптың қоңырауға төлем төлейтін түрлері

Барлық таксофондарда төтенше жағдайда қолдануға болатын қызыл кнопка бар. Карта немесе тиын болмаса да, тек кнопканы басып, қылмыс туралы немесе өрт туралы хабарлап, көмек сұрауға болады. Қауіпті жағдайда керек шұғыл нөмірлер:

Қылмыс туралы хабарлау: жедел жәрдем кнопкасы +112, Өрт туралы хабарлау: жедел жәрдем кнопкасы +119

Егер тиын немесе карта жоқ болса, хабарды қабылдаушы төлейтін қоңырау қызметін пайдалануға болады. Бұл қызмет арқылы қоңырау ақысы қарсы тарапқа жіберіледі, және бағасы әдеттегі қоңырау ақысынан сәл қымбатырақ болады. Пайдалану тәсілі: егер ел ішінде болса, «жедел жәрдем кнопкасы + 1541 + қарсы тараптың телефон нөмірі#» теру керек.

  • 긴급통화 버튼

(5)Халықаралық қоңыраулар

Халықаралық қоңыраулар интернет арқылы немесе шетелдіктерге арналған дүкендерден, кейбір ыңғайлы дүкендерден халықаралық қоңырау картасын сатып алу арқылы арзанырақ болады.

Корея > Шетел
  • Жалпы телефон арқылы хабарласу
    • Кореядан Америка Құрама Штаттарындағы Лос-Анджелеске 123-4567нөміріне қоңырау шалынған жағдайда
    • халықаралық қоңырау қызметінің нөмірі
    • ел коды (АҚШ) 1
    • аймақ коды (ЛА) 213
    • телефон нөмірі 123-4567
  • Ұялы интернет телефонына қоңырау шалу
    • Кореядан Жапониядағы ұялы телефонға 080-123-4567 нөміріне қоңырау шалынған жағдайда
    • халықаралық қоңырау қызметінің нөмірі
    • ел коды (Жапония) 81
    • ұялы телефон нөмірі 80-123-4567
Шетел > Корея
  • Жалпы телефон арқылы хабарласу
    • Шетелден Кореяның Сеуліндегі 123-4567 нөміріне қоңырау шалғанда
    • халықаралық қоңырау қызметінің нөмірі
    • ел коды (Корея) 82
    • аймақ коды (Сеул) 2
    • телефон нөмірі 123-4567
  • Ұялы интернет телефонына қоңырау шалу
    • Шетелден Кореяның ұялы телефонына 010-123-4567 нөміріне қоңырау шалғанда
    • халықаралық қоңырау қызметінің нөмірі
    • ел коды (Корея) 82
    • ұялы телефон нөмірі 10-123-4567
  • Егер аймақ немесе телефон нөмірінің алдында «0» болса, оны термей өткізіп жіберіңіз.
Назар аударыңыз!
Халықаралық қоңырауды дұрыс пайдалану

Халықаралық қоңырау елдер арасындағы байланыс үшін қолданылады, сондықтан ол жалпы ішкі қоңырау ақысынан әлдеқайда қымбатқа түседі. Халықаралық қоңырауларды түнгі уақыттарда немесе демалыс күндері секілді жеңілдікті уақыттарда пайдалану арқылы шығындарды азайтуға болады. Әрине, ел мен байланыс операторы бойынша тарифтер әртүрлі болғандықтан, алдын ала анықтап алған маңызды. Қазіргі кезде интернет телефон немесе халықаралық қоңырау карталарын қолдану арқылы халықаралық қоңырауларды арзан жолмен жасауға болады.

국제전화 국제번호 : 국가, 국가번호를 포함한 표입니다.
Мемлекет Ел коды Мемлекет Ел коды Мемлекет Ел коды Мемлекет Ел коды
Нигерия 234 Вьетнам 84 Ирак 964 Қырғызстан 996
Непал 977 Бразилия 55 Иран 98 Таиланд 66
Германия 49 Судан 249 Египет 20 Түркия 90
Лаос 856 Шри-Ланка 94 Үндістан 91 Пәкістан 92
Ресей 7 Сирия 963 Индонезия 62 Перу 51
Малайзия 60 Сингапур 65 Жапония 81 Филиппин 63
Мексика 52 Аргентина 54 Қытай 86 Австралия 61
Моңғолия 976 Ангола 244 Чили 56 Гонконг 852
АҚШ, Канада 1 Эквадор 593 Қазақстан 7
Мьянма 95 Ұлыбритания 44 Камбоджа 855
Бангладеш 880 Өзбекстан 998 Колумбия 57

(6) Кабельді теледидар және интернет

Кореяда қоғамдық арналардан (KBS, MBC, SBS) басқа, жалпы бағдарлама арналары, кабельді теледидар, жергілікті кабельді теледидар, спутниктік теледидар (Sky Life) сияқты әртүрлі арналар бар. Соңғы уақытта интернет негізіндегі IPTV де кеңінен қолданыла бастады. Кейбір жергілікті кабельдік және IPTV компаниялары жоғары жылдамдықты интернет желісін бір уақытта ұсынады, және кабельді теледидар мен интернетті бірге қоса алсаңыз, олар басқа компанияларға қарағанда арзан бағамен қызмет көрсете алады.
Тек интернетті пайдаланғыңыз келсе, әр байланыс компаниясының бағалары сәл өзгеше болуы мүмкін, мұқият салыстырып, өтініш берген дұрыс. Үйге интернет желісін орнату қиын болса, интернет керек кезде интернет-кафесіне барып, интернетті қолдана аласыз. Интернет-кафесі әдетте тәулік бойы жұмыс істейді, төлемнің 1 сағаты шамамен 1,500-2,000 вонды құрайды, аймаққа байланысты бағалар өзгеруі мүмкін.

09Тұрмыстық қалдықтарды жою

Қоқысты тастау кезінде түріне қарай (жалпы қоқыс, тағам қалдықтары, қайта өңделетін заттар және т.б.) арнайы белгіленген қалтаға салып, белгіленген жерге тастау керек. Қоқысты талапқа сай тастамаса, оны жинап алмайды, тіпті кейде айыппұл салынады.

(1)Жалпы қоқыс

Тағам қалдықтары мен қайта өңделетін заттарды қоспағанда, қалғандары жалпы қоқыс ретінде бөлініп, арнайы қоқыс қалтасына салынып тасталады.

Назар аударыңыз!
Қоқыс қалтасы

Қоқыс қалталарын жақын маңдағы супермаркеттен немесе қарапайым дүкендерден сатып алуға болады. Әр ауданның жалпы қоқыс және тағам қалдықтарына арналған қалтасының түсі әртүрлі болғандықтан, сатып алудан бұрын тексеріп алу қажет. Жалпы қоқыс қалталары сыйымдылығы бойынша 1, 2, 5, 10, 20, 30, 50, 60, 75, 100 литрліктері бар, аймаққа байланысты қол жетімді көлемдері әртүрлі болуы мүмкін. Жалпы үйлерде 10 немесе 20 литрлік қалталар қолдануға қолайлы. Тағам қалдықтарын жиі тастау қажет болғандықтан, 2-5 литр көлеміндегі кішігірім қалталарды пайдаланған тиімді. Кейбір аймақтарда тағам қалдықтарын арнайы жинаққа салу керек болуы мүмкін, сондықтан көршілерден сұраған дұрыс. Қоқыс қалталары аймаққа байланысты өзгереді, сондықтан бір аймақта қолданған қалташаны басқа аймақтарда қолдануға болмайды.

  • 쓰레기봉투

(2)Тағам қалдықтары

Сұйықтығын төгіп, тағам қалдықтарына арналған арнайы қалтаға салып немесе тұратын жеріңізге байланысты тағам қалдықтарына арналған контейнерге саласыз. Айта кету керек, әр аймақта тағам қалдықтарын салатын дорбалар (RFID) әртүрлі болады.

(3)Қайта өңделетін заттар

Қайта өңдеуге болатын заттар: қағаз, бөтелкелер, металл қалдықтары, банка, полиэтилен қаптары (үшбұрышты қайта өңдеу белгісінің ішінде PP, OTHER, LDPE сияқты бөлек шығару белгісі болғанда ғана мүмкін), пластиктер [пластик бөтелкелер, EPS, орама (стирофам), синтетикалық ыдыстар (йогурт бөтелкелері, жуғыш зат контейнерлері және т. б). Сусын бөтелкелері немесе банкілер сияқты заттарды шығарар алдында ішіндегі сұйықтықты төгіп, көлемін кішірейтіп лақтыру қажет.

(4)Ірі қалдықтар

Пайдалануға жарамсыз жиһаздар немесе электроника сияқты үлкен көлемдегі қоқыстарды тұрғылықты орталықтан арнайы жапсырманы сатып алып, үйдің алдына шығарып қоясыз. Жапсырма бағасы заттың түрі мен көлеміне байланысты өзгереді. Кейбір аймақтарда жапсырманы белгіленген сатылым орындарынан (супермаркеттер және т.б.) сатып алуға болады. Пәтерде тұратын болсаңыз үйді басқару кеңсесіне ақшасын төлеп, мұндай заттарды лақтыруға көмек беретін қызметтерді пайдалануыңызға болады.

Интернет арқылы ірі қалдықтарды шығару туралы өтініш

Интернет арқылы (аудан әкімшілігінің веб-сайты) жапсырманы сатып алуға болады.

10Өрт қауіпсіздігі

(1)119 жедел хабарлау​

Төтенше жағдай деген не? Төтенше жағдай — бұл өрт, жарақат алу немесе кенеттен ауырып қалу жағдайлары. Осындай жағдайларда 119 нөміріне хабарласыңыз. Олар сіздің қоңырауыңызды тәулік бойы қабылдап, алғашқы көмек көрсететіндерді жібереді.

Төтенше жағдай туралы хабарлау тәртібі
  • (Телефон арқылы) Ұялы немесе сымды телефоннан 119 нөмірін теріп, қоңырау түймесін басыңыз.
  • (Хабарлама арқылы) 119 нөміріне мәтіндік хабарлама жіберіңіз.
  • (Смартфон қолданбасы арқылы) 119 Report қолданбасын орнатып, сол арқылы хабарлаңыз.
Хабарлаған кездегі сақтық шаралары
  • Оқиғаның түрін айтыңыз (мысалы, «Өрт шықты», «Бір адам жарақат алды»).
  • Нақты орынды айтыңыз (мекенжайы, ғимараттың атауы, қабат нөмірі, жақын маңдағы белгілі дүкендер және т.б.).
  • Қазіргі жағдайды сипаттаңыз (өрттің жағдайы, науқастың хал-жағдайы және т.б.).​
  • 119 операторының нұсқауларын орындаңыз (алғашқы көмек және т.б.) және телефонды қоймаңыз.

(2)Өрт болған жағдайда эвакуациялау тәсілі

  • Өртті немесе түтінді көрген кезде «Өрт!» деп айқайлап, өрттен аулақтаңыз.
  • Мұрын мен аузыңызды дымқыл сүлгімен жабыңыз да, еңкейіп тез эвакуациялаңыз.
  • Лифтіні пайдалануға қатты тыйым салынады! Төтенше жағдай баспалдақтарын пайдаланып, төменге, шатырға немесе өрттен қашу қабатына шығыңыз. (Егер терезеден сыртқа түтін көтеріліп тұрса, шатырға эвакуациялаңыз. Егер эвакуациялай алмасаңыз, төменгі қабатқа көшіңіз).
  • Қауіпсіз жерден 119 нөміріне хабарласып, эвакуацияланған адамдар санын анықтаңыз.
  • Алайда, пәтерлерде өрт сіздің үйіңізде басталмаса және жылу/түтін кірмесе, іште қалып, өрт сөндірушілердің нұсқауларын орындаңыз.

(3)Өрт қауіпсіздігі туралы білім

Ел бойынша 13 дана 119 Қауіпсіздік тәжірибе орталығы және 242 өрт сөндіру бекеті бар, олар тегін қауіпсіздік білімін береді. Әрбір тәжірибе орталығында арнайы тәжірибе алаңдары бар (әуе көлігі, кемеде, суда ойнау, тығыз халық ортасы және т.б.). Сондықтан тәжірибе орталығының қандай алаңдары бар екенін тексеріп, алдын ала телефон арқылы немесе орталықтың веб-сайтынан брондаңыз.

  • Басқа өрт қауіпсіздігі сабақтары мен мобильді қауіпсіздік тәжірибе көліктері туралы ақпарат алу үшін жергілікті өрт сөндіру бекетіне хабарласыңыз.
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.