Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Сәбилер мен балаларға қамқорлық жасау және мектепке дейінгі білім беру

  • Басты бет
  • Жүктілік және бала күтімі
  • Сәбилер мен балаларға қамқорлық жасау және мектепке дейінгі білім беру

Сәбилер мен балаларға қамқорлық жасау және мектепке дейінгі білім беру

01Қамқорлық жасау және мектепке дейінгі білім беру

Бастауыш мектепке барғанға дейін балалар сәбилер күтім үйіне(шағын балабақша) немесе балабақшаға баруға құқылы.

(1)Сәбилерді күтетін үй(шағын балабақша)

  • Балабақшалар — бұл «Бала күтімі туралы» Заңның (2-бап) негізінде құрылған және жұмыс істейтін, жасы нөлден бес жасқа дейінгі сәбилер мен кішкентай балаларға күтім көрсететін мекемелер.
  • Балаларды күту уақыты 07:30-дан 16:00-ге дейін, ал қосымша күтімді қажет ететін балалар үшін күтім 19:30-ға дейін ұзартылып беріледі. Кейбір мекемелер кешкі уақыттағы ұзартылған күтім немесе тәулік бойы күтім көрсету қызметін ұсынады.
  • Балабақшалар нөл және екі жас аралығындағы балалар үшін стандартты тәрбиелеу бағдарламасын, ал үш және бес жас аралығындағы балалар үшін Нури бағдарламасын қолданады. Олар сәбилер мен кішкентай балаларға сау және қауіпсіз өмір сүруді, дұрыс мінез-құлықты үйретеді және олардың физикалық, әлеуметтік, тілдік, танымдық және эмоционалдық дағдыларын дамытуға көмектеседі.
  • Айлық бала күтіміне төлем күтім уақытына, баланың жасына және бала күтімі мекемесінің түріне байланысты өзгеріп отырады. Мемлекеттік қолдау нөлден екі жасқа дейінгі балаларға (көпмәдениетті отбасылардың балалары да кіретін) айына 394 000-нан 540 000 корей вонына дейін, үштен бес жасқа дейінгі балаларға арналған Нури оқу жоспары үшін (көпмәдениетті отбасылардың балалары да кіретін) айына 280 000 корей воны, ал мектепке бармайтын 12 жасқа дейінгі мүгедек балаларға айына 587 000 корей вонын құрайды.

(2)Балабақша

  • Мектепке дейінгі балабақшалар үштен бес жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп алдындағы ұйымдар болып табылады.
  • Оқу жоспары төрт-бес сағатқа созылады, ал сыныптан тыс бағдарламалар арқылы бұл уақыт күніне 8 сағатқа немесе одан да көпке дейін ұзартылады. Кей жағдайларда балабақша жағдайына және ата-аналардың қосымша күтімге деген сұранысына байланысты бала күтімі қызметтері ұзартылған уақытпен көрсетілуі мүмкін.
  • Балабақша психикалық және физикалық дамуды қолдап, азаматтық тәрбиенің негізін қалыптастыруға назар аударады. Білім беру бағдарламасы дене жаттығулары мен денсаулық, қарым-қатынас, әлеуметтік байланыс, өнер тәжірибесі және табиғатты зерттеу сияқты 5 салаға бөлінеді. Білім беру көбінесе тәжірибе мен тақырыпқа негізделген интеграцияланған оқыту арқылы толық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
  • Үш және бес жас аралығындағы балаларға ай сайын оқу ақысына қолдау көрсетіледі: Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер үшін айына 100 000 корей воны, ал жеке мектепке дейінгі мекемелер үшін айына 280 000 корей воны беріледі.
Назар аударыңыз!
Көпмәдениетті білім беру мектебі (балабақша)

Көпмәдениетті білім беру саясатына сәйкес арнайы белгіленген балабақшалар барлық сәбилер мен бүлдіршіндерде көпмәдениетті сезімталдықты дамыту мақсатында Нури бағдарламасы арқылы ойынға негізделген көпмәдениетті білім береді. Сонымен қатар, көпмәдениетті сәбилер мен кішкентай балаларға тіл, негізгі оқу және басқа да бағыттар бойынша дараланған білім беріледі. Өз аймағыңыздағы көпмәдениетті білім беру саясатына сай мектепке дейінгі мекемелер туралы ақпаратты қала/облыс білім басқармалары немесе Ұлттық көпмәдениетті білім беру орталығының (www.edu4mc.or.kr) веб-сайтынан таба аласыз.

02Балаларды күту ақысы · балаларға арналған оқу ақысы · ата-ана жәрдемақысы · және үйде тәрбиелеуге жәрдемақымен қолдау көрсету

Бастауыш мектепке дейін сәбилер мен кішкентай балалар (0–5 жас аралығы) балабақшаларға (0–5 жас) немесе мектепке дейінгі мекемелерге (3–5 жас) бара алады, ал мемлекет әр жас тобына сәйкес бала күтімі немесе мектепке дейінгі оқу ақысына қолдау көрсетеді.
Балаларын балабақшаға немесе мектепке дейінгі мекемеге бермейтін ата-аналардың қаржылық жүктемесін азайту үшін атаулы жәрдемақы (нақты ақша түрінде) және үйде бала тәрбиелеу төлемі беріліп отырады.

(1)Балаларды күту ақысы бойынша қолдау көрсету

Балабақшалар — нөлден бес жасқа дейінгі балаларға күтім көрсететін мекемелер. Мемлекет балабақшадағы балаларға арналған бала күтімі төлемін қолдайды.

Қолдау көрсетілетіндер

Бастауыш мектепке бармас бұрын, балабақшаға (0–5 жас аралығындағы) баратын балалар төмендегі талаптарға сай болса, бала күтімі төлемін алуға құқылы болады.

  • Тұрмыстық кіріс пен мүлік деңгейіне қарамастан, нөлден екі жасқа дейінгі балаларға (көпмәдениетті отбасылардың балалары да кіретін) айына 394 000-нан 540 000 корей вонына дейін, үштен бес жасқа дейінгі балаларға Нури оқу жоспары бойынша (көпмәдениетті отбасылардың балалары да кіретін) айына 280 000 корей воны, мектепке бармайтын 12 жасқа дейінгі мүгедек балаларға айына 587 000 корей воны мемлекеттік қолдау ретінде беріледі.
(Бірлік: вон)
지원 대상 표 : 구분, 지원단가, 장애아보육료, 비고를 포함한 표입니다.
Бөлім Қолдау ақысы Мүмкіндігі шектеулі(мүгедек) балаларға қамқорлық көрсету ақысы Ескертпе
0 жас бойынша бала күтімі төлемі 540,000 587,000 -
1 жас бойынша бала күтімі төлемі 475,000
2 жас бойынша бала күтімі төлемі 394,000
3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бала күтімі төлемі 280,000
  • 2020 жылдың наурыз айынан бастап қамқорлық көрсету жүйесі өзгертіліп, негізгі қамқорлыққа (07:30-16:00) қамқорлық ақысы төленеді, Қосымша қамқорлық қажет болған жағдайда ұзартылған қамқорлық ақысы сағаттық мөлшермен қосымша төленеді
  • Отбасылық кіріс деңгейіне қарамастан, мүгедектік картасы (тіркеу куәлігі) бар бес жасқа дейінгі мүгедек балаларға бала күтімі төлемі беріледі. Ерекше жағдай ретінде, «Мүгедектерге арналған арнайы білім беру туралы» Заңның 15-бабына сәйкес арнайы білім алуға таңдалған үштен бес жасқа дейінгі балалар да арнайы білім қажеттілігін растайтын диагноз немесе бағалау нәтижесін ұсынған жағдайда қолдау ала алады. Сонымен қатар, ұсынылған медициналық анықтамада мүгедектік дәрежесі міндетті түрде көрсетілуі қажет емес, алайда анықтамадағы медициналық қорытындылар «Мүгедектердің әл-ауқаты туралы» Заңның Орындау қаулының 1-қосымшасындағы Мүгедектердің түрлері мен критерийлеріне немесе «Мүгедектерге арналған арнайы білім беру туралы» Заңның Орындау қаулысының Қосымшасындағы Арнайы білім алуға үміткерлерді іріктеу критерийлеріне сай болуы тиіс.
Өтініш беру әдісі

Қорғаушы тұлға (ата-ана немесе басқа қорғаушы) ауылдық · ауыл немесе округ әкімдігіне барып, өтініш бере алады немесе "Бокджиро" веб-сайты (www.bokjiro.go.kr) арқылы онлайн өтініш бере алады. Алайда, мүмкіндігі шектеулі бала мемлекетке тіркелмеген болса, жеке аяқтай келіп өтініш беру керек(онлайн өтініш беру мүмкін емес)

    Қамқоршы
    Ауылдық · ауыл немесе округтік әкімдік және қалалық, аудандық әкімдік
    Қамқоршы
    Сәбилерді күтетін үй
Қажетті құжаттар

Әлеуметтік қамтамасыз ету жәрдемақысына (әлеуметтік қызмет ваучері) өтініш (немесе түзету) формасы, ұзартылған балабақша уақытына өтініш беру себебі туралы түсіндірме және соған қатысты растайтын құжаттар, Ұлттық бақыт картасына өтініш формасы, сондай-ақ жеке несие ақпаратына қол жеткізуге, оны ұсынуға және пайдалануға келісім беру формасы.


Қамқорлық көрсету ақысына қолдау алуға іріктелген жағдайда «Халық бақыт картасы» беріледі. Сәбилерді күтетін үйге барғанда, ай сайынғы қамқорлық ақысын осы карта арқылы төлеу қажет (ата-ананың өзіне тиесілі шығындардан бөлек, мемлекеттік қолдау да осы карта арқылы төленеді).

(2)Балаларға арналған оқу ақысына қолдау көрсету

Қолдау көрсетілетіндер
지원 대상 표 : 연령, 구분, 지원범위를 포함한 표입니다.
Жас ерекшелігі Бөлім Қолдау ауқымы
3-5 Балаларға арналған оқу ақысы Ата-анасының табыс деңгейіне қарамастан, ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға баратын 3-тен 5 жасқа дейінгі барлық балалар үшін
Сабақтан кейінгі шығындар Балабақша бағдарламасынан кейінгі қосымша сабақтарға қатысатын балалар үшін (күнделікті негізгі бағдарлама кіретін сегіз сағат, не болмаса қамқоршының келісімімен алты сағат)
  • Корея Республикасы азаматтығы жоқ балаларға білім беру ақысы бойынша қолдау көрсетілмейді (босқындар ерекше жағдайларда қарастырылады)
Қолдау мөлшері
(Бірлік: вон)
지원 금액 표 : 구분, 연령, 생년월일, 지원액을 포함한 표입니다.
Бөлім Жас ерекшелігі Қолдау мөлшері (айлық)
Мемлекеттік және қоғамдық балабақшалар Жеке меншік балабақшалар
Балаларға арналған оқу ақысы 5 100,000 280,000
4
3
Сабақтан кейінгі шығындар 3-5 50,000 70,000
Қолдау көрсету тәртібі мен әдісі
  • (Өтініш) Қорғаушы тұлға баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша ауылдық ·ауыл·округ әкімдігіне барып, өтініш бере алады немесе онлайн түрде тікелей өтініш беруге болады(www.bokjiro.go.kr)
  • (Жарамдылықты анықтау) Қатысушының туған жылын растау
  • (Қолдау) Сәбилерге арналған оқу ақысы мен қосымша сабақтарға қолдау балабақшаға қатысуы тексерілгеннен кейін көрсетіледі.
    • Жарамдылық электрондық карта (Ұлттық бақыт картасы) арқылы тексеріліп, қолдау мөлшері анықталып/қолданылады.

(3)Ата-ана жәрдемақысын қолдау

Туғаннан кейінгі және бала тәрбиесі кезінде ала алмаған табысты өтеу үшін және негізгі тәрбиешінің тікелей қамқорлығы маңызды болып табылатын баланың дамуының ерекшеліктеріне байланысты нәрестелік кезеңдегі қамқорлықты кеңінен қолдау мақсатында ата-ана жәрдемақысы төленеді

Қолдау көрсетілетіндер :
0-1 жас аралығындағы балалар
Қолдау мазмұны :
0 жас – айына 1,000,000 вон, 1 жас – айына 500,000 вон
Төлем тәсілі :
Үйде тәрбиеленген жағдайда – қолма-қол ақша, ал сәбиді күтетін үйде немесе толық күндік бала күтімі қызметін пайдаланған жағдайда – ваучер түрінде қолдау
  • Егер ваучер қолдау сомасы ата-ана жәрдемақысы сомасынан аз болса, айырмашылықты қолма-қол ақша ретінде төлейді
Өтініш беру :
Қорғаушы тұлға сәбилердің ауылдық, ауыл, округ әкімдігінде барып немесе онлайн түрде өтініш бере алады(www.bokjiro.go.kr немесе мобильді қолданба “Бокджиро”)

(4)Үйде тәрбиелену жәрдемақысын қолдау

Қолдау көрсетілетіндер :
Мектепке дейінгі жастағы (24–86 айлық) балалардың ішінде балабақшаға не мектепке дейінгі ұйымға бармайтын немесе толық күндік күтім қызметін пайдаланбайтындар үшін (ал 0–23 айлық балаларға ата-аналық жәрдемақы беріледі).
  • Корея Республикасы азаматтығы жоқ сәбилер мен балалар үшін үйде тәрбиелену жәрдемақысы бойынша қолдау көрсетілмейді (босқындар ерекше жағдайларда қарастырылады)
Қолдау мөлшері
(Бірлік: вон)
지원 금액 표 : 연령 별 양육수당, 농어촌 양육수당, 장애아동 양육수당을 포함한 표입니다.
Бала күтімі жәрдемақысы Ауылшаруашылық және балықшылық өңірлердегі балаларға арналған күтім жәрдемақысы Мүгедектігі бар балаларға арналған күтім жәрдемақысы
Жасы Сомасы Жасы Сомасы Жасы Сомасы
24~85 ай 100,000 24~35 ай 156,000 24~35 ай 200,000
36~47 ай 129,000 36~85 ай 100,000
48~85 ай 100,000
  • Бастауыш мектепке түсетін жылдың ақпан айына дейін қолдау көрсетіледі
Жәрдемақы төлеу күні :
Әр айдың 25-күні (сенбі немесе мереке күндері болса, оның алдындағы күні төленеді)
Жәрдемақы төлеу тәсілі
  • Қолма-қол төлем (баланың немесе ата-ананың атына ашылған шотқа аудару)
    • Бұл тек балаларға қамқорлық көрсету жобасына кіретін ата-аналар немесе отбасы мүшелері (қамтамасыз ету бірлігі) үшін қолжетімді
  • Жәрдемақы алушының шотына қалалық, аудандық әкімінің шоттың дұрыстығын тексергеннен кейін аударылады
Тұрғылықты жер ауысқан жағдайда жәрдемақы төлеу
  • Егер жаңа мекенжайға көшу күні 15 күн ішінде (15 күнге дейін) болса: Жаңа тұрғылықты жердің қалалық, аудандық әкімі төлем жасайды
  • Егер көшу күні 16 күннен кейін (16-шы күннен бастап) болса: Бұрынғы тұрғылықты жердің қалалық, аудандық әкімі төлем жасайды
Тәрбиелену жәрдемақысы жәрдемақы алуға құқылы деп танылған жағдайда, өтініш берілген айдан бастап баланың бастауыш мектепке түсетін жылының ақпан айына дейін төленеді және айлық төлем толық беріледі (күнге шақтап есептелмейді).
  • Қолдау кезеңін есептеу формуласы: Баланың туған жылы + 7 жыл, ақпан айына дейін қолдау көрсетіледі (Мектепке дейінгі)
Таңдау критерийлері
  • Барлық табыс деңгейіне қарамастан барлық топқа қолдау көрсетіледі. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға тек тіркелген мүгедектер болған жағдайда ғана, ал ауылдық жерлердегі тәрбиелену жәрдемақысы тек ауылдық қолдау критерийлеріне сәйкес болған жағдайда ғана қолдау көрсетіледі
선정기준 표 : 구분, 양육수당, 농어촌양육수당, 장애아동양육수당을 포함한 표입니다.
Жас ерекшелігі Тәрбиелену жәрдемақысы Ауылдық жерлердегі тәрбиелену жәрдемақысы Мүмкіндігі шектеулі балаларға жәрдемақы
Таңдау критерийлері
Қажетті құжаттар
Баланың немесе ата-ананың атына ашылған шоттың көшірмесі Ауылшаруашылық/балықшылықпен айналысатын отбасылардың балалары
(ауылшаруашылық немесе балық шаруашылығы кәсіпкері куәлігі және т.б.)
Тіркелген мүгедек балалары
‘Мүгедектікті тіркеу куәлігі’
Өтініш беру
  • Қорғаушы тұлға баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша ауылдық, округ, аудандық әкімдігіне барып немесе онлайн түрде өтініш бере алады
    (www.bokjiro.go.kr немесе мобильді қолданба “Бокджиро”)

(5)Балалар жәрдемақысы

7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу ауыртпалығын жеңілдету және олардың негізгі құқықтары мен әл-ауқатын жақсарту үшін қолдау көрсетіледі.

Қолдау көрсетілетіндер :
7 жасқа дейінгі балалар (0-83 айлық).
Қолдау сомасы :
Баланың әрқайсысына ай сайын 100,000 вон төленеді.
  • Жергілікті әкімшіліктің басшысы(осы ережеге сәйкес болса, аймақтық валюта түрінде де төлеу мүмкіндігі бар)
  • Бала 90 күннен астам уақыт шетелде болса, төлем тоқтатылады
Қолдау көрсету тәртібі мен әдісі
  • Қорғаушы тұлға не баланың орынына өкіл ретінде келген адам баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша ауылдық, округ, аудандық әкімдігіне өтініш береді.
  • Онлайн өтінішті «Бокджиро» веб-сайты немесе мобильді қолданба арқылы береді(online.bokjiro.go.kr)
  • Онлайн өтініш тек баланың ата-анасы қорғаушы болған жағдайда ғана мүмкін, басқа жағдайларда тек жеке өтініш беріледі.
Өтініш беру мерзімі :
Туылғаннан кейін кез келген уақытта өтініш беруге болады
  • Туылған күннен бастап 60 күн ішінде өтініш берген жағдайда, жәрдемақы туылған айдан бастап кері есептеліп төленеді

(6)Бала күтімін қолдау бағдарламасы

Бұл ата-ананың екеуі де жұмыс істеген жағдайда немесе басқа себептермен балаға қамқорлық жасау мүмкін болмаған кезде, 12 жасқа дейінгі балаларға арналған бала күтушінің үйге келіп көрсететін қызметі. Бағдарлама ата-ананың бала күтіміне байланысты ауыртпалығын азайтып, қамқорлықтың жетіспейтін тұстарын толтыруға арналған үкіметтік жоба.

Бағдарлама қатысушылары
  • Корея Республикасы азаматтығы бар 3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар
Орындаушы мекеме
  • Еліміз бойынша 231 бала күтімі қызметін ұсынатын мекеме
Негізгі мазмұны
  • Жартылай күндік қызмет: 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған кейбір қызметтерге мектепке/балабақшаға апару мен әкелу, мектепке/балабақшаға қажетті заттарды дайындауға көмек, ата-анасы келгенше уақытша күтім, ойын әрекеттері, сондай-ақ дайын тағам мен тіскебасар беру жатады.
  • Толық күндік сәбилерге күтім қызметі: 3–36 айлық сәбилерге толық күндік күтім көрсетіледі
  • Ауру жұқтырған балаларға арнайы қолдау көрсету қызметі: 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға жұқпалы немесе маусымдық ауру кезінде үйде күтім жасау, ауруханаға бірге бару және күтім қызметтері арнайы қолдау ретінде көрсетіледі.
Қызметке өтініш беру тәсілі мен тәртібі

Қызметті пайдалануға ниетті адамдар (өтініш берушінің атына «Халық бақыт картасын» шығару)

  • Үкімет қолдауына жатпайтындар
  • Мүшелікке тіркелу

    Бала күтімін қолдау бағдарламасының сайтына (idolbom.go.kr)
    тіркеліп, толық мүшелікке өтініш беру

  • Толық мүшелікке қабылдау (қызмет көрсету мекемесі арқылы)
  • Үкімет қолдауына жататындар
  • Әкімдікке бару

    Мемлекеттік қолдауға өтініш беру үшін баланың тіркелген мекенжайына жауапты eup, myeon немесе dong қауымдастық орталығына барыңыз. Егер екі ата-ана да жұмыс беруші арқылы ұлттық медициналық сақтандыруға тіркелген қызметкер болса немесе ата-ананың бірі Жалғызбасты отбасыларды қолдау туралы заң аясында жұмыс беруші ретінде тіркелген жалғызбасты ата-ана болса, мемлекеттік қолдауға Bokjiro веб-сайты (www.bokjiro.go.kr) арқылы өтініш беруге болады.

  • Қабылдау туралы хабарлама (пошта және SMS арқылы)
  • Мүшелікке тіркелу

    Бала күтімін қолдау бағдарламасының сайтына(idolbom.go.kr)
    тіркеліп, толық мүшелікке өтініш беру

  • Қызметке өтініш беру

    Сайтта қажетті күн мен уақытқа сәйкес өтініш беру

  • Төлем жасау

    «Халық бақыт картасы» арқылы өзіңізге тиесілі соманы карта компаниясына төлеу.
    *Виртуалды шот пайдаланушылар қызметті пайдаланудан 1 күн бұрын берілген виртуалды шотқа төлем жасау керек

  • Қызметті пайдалану
  • Қосымша ақпарат алу үшін жақын жердегі бала күтімі қызмет көрсету мекемесіне баруға немесе бала күтімін қолдау бағдарламасы(idolbom.go.kr)сайтынан іздеуге болады. Сондай-ақ, ақпарат алу үшін Данури колл-орталығының ☎1577-1366 нөміріне хабарласуға болады.
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.