Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Кореяның білім беру жүйесі

  • Басты бет
  • Балаларға білім беру
  • Кореяның білім беру жүйесі

Кореяның білім беру жүйесі

01Жалпы білім беру жүйесі

Кореяның білім беру жүйесі 6 жылдық бастауыш мектеп, 3 жылдық орта мектеп, 3 жылдық жоғары мектеп және 4 жылдық университеттен (мамандандырылған колледж 2 жыл) тұрады. Бастауыш мектептің 6 жылы мен орта мектептің 3 жылы міндетті білім беру кезеңіне кіреді және тегін білім беріледі.

02Оқу бағдарламасы

Жыл екі семестрге бөлініп, оқу бағдарламасы жүргізіледі. Бірінші семестр 1 наурыздан басталып, мектеп директоры анықтаған оқу күндері мен демалыс күндерін ескере отырып жалғасады. Екінші семестр бірінші семестр аяқталғаннан кейін басталып, келесі жылдың ақпан айының соңына дейін жалғасады. Әдетте бірінші семестр наурыздың басында, ал екінші семестр тамыздың соңында немесе қыркүйектің басында басталады. Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламасы пәндер мен шығармашылық қызмет түрлеріне бөлініп ұйымдастырылады.

03Шетелден көшіп келген (иммигранттық) фонды бар студенттерге арналған білімдік көмек

Корей тілін үйрету курстары (үйге келетін корей тілі сабағы, кіріспе деңгейдегі корей тілі курсы және т.б.)

Бастауыш, орта және жоғары мектептерде иммигранттық тегі бар оқушыларға, соның ішінде мектеп жасындағы иммигранттар мен шетелдік оқушыларға, корей тілі мен мәдениетін меңгеруге көмектесу үшін корей тілі сабақтары ұсынылады. 2024 жылғы дерек бойынша, еліміздегі 359 мектепте 526 корей тілі сабағы жүргізіледі. Егер балаңыз оқитын мектепте корей тілі сабағы болмаса, ол корей тілін жергілікті мекемелердегі үйге келетін корей тілі сабағы немесе кіріспе деңгейдегі корей тілі курстары арқылы үйрене алады. Өзіңіз тұратын өңірдегі корей тілі сабақтарын қалалық/облыстық білім басқармасы немесе Ұлттық Көпмәдениетті Білім Орталығы (www.edu4mc.or.kr) арқылы таба аласыз.

Баршаға арналған корей тілі — онлайн форматтағы корей тілін оқыту бағдарламасы

Баршаға арналған корей тілі (korean.edunet.net) арқылы иммигранттық тегі бар оқушылар, соның ішінде мектеп жасындағы иммигранттар мен шетелдік оқушылар, компьютер немесе планшет арқылы өздерінің корей тіліндегі деңгейін анықтап, жеке қажеттіліктеріне бейімделген оқу материалдары негізінде кез келген уақытта, кез келген жерде корей тілін үйрене алады. Балаңыз бұл платформаны корей тілі сабағына қатысса да, қатыспаса да еркін пайдалана алады.

Қостілді білім беру

Қостілде оқуды дамыту мақсатында қостілді оқу құралдары мен электронды кітаптар әзірленіп, таратылуда. Жыл сайын «Қостілде сөйлеу жарысы» өткізіледі. Мирэ Эссет Пак Хёнджу Қоры(foundation.miraeasset.com) немесе көпмәдениетті білім беру порталына (www.edu4mc.or.kr)кіріп, қостілді оқу құралдары 「Ата-анаңызбен бірге ○○ тілін үйрену *」 атты электронды кітапты пайдалануға болады. «Қостілде сөйлеу жарысы» мектеп және өңірлік жарыстардан кейін жыл сайын қараша айында өтеді.

  • 4 тіл (қытай, вьетнам, жапон, филиппин) бойынша материалдар Мирэ Эссет Пак Хёнджу Қорында, ал 5 тіл (орыс, кхмер (камбоджа), тай, моңғол, индонезия) бойынша материалдар көпмәдениетті білім беру порталында қолжетімді.
Жоғары оқу орнындағы студенттермен иммигрант тегі бар оқушыларға арналған менторлық бағдарлама

Негізгі оқу дағдылары немесе корей тілі білімі жеткіліксіз иммигранттық тегі бар оқушылар жоғары оқу орнындағы студенттермен жеке-жеке сәйкестендіріліп, мектепке бейімделуіне және оқу үлгерімін жақсартуына көмек көрсетіледі. Жоғары оқу орнындағы ментор студент иммигранттық тегі бар оқушы оқитын мектепке немесе орталыққа сабақтан кейін немесе демалыс кезінде барып, оқу пәндері бойынша көмектеседі және мектеп өміріне бейімделу бойынша менторлық қолдау көрсетеді. Бағдарламаға мектеп немесе қауымдастықтағы бала күтімі орталығы арқылы өтініш беріп қатысуға болады.

Назар аударыңыз!
Көпмәдениетті баламалы мектептер

Оқуды тоқтатқан немесе жеке ерекшеліктерге сәйкес білім алғысы келетін көпмәдениетті студенттер үшін танылған академиялық деңгей баламалы мектептер жұмыс істейді

다문화 대안학교 : 학교명, 학교급, 특징, 교육비, 문의처를 포함한 표입니다.
Мектеп атауы Білім беру деңгейі Ерекшеліктер Білім ақысы Байланыс деректері
Глобал мектебі
(Сеул, Гуро-гу)
www.globalsarang.com
Бастауыш, орта, жоғары
  • Бір уақытта кәріс, ағылшын және екінші шет тілін оқытатын көптілді арнайы білім беру
Тегін 02-6910-1004
Сеул Дасом Туризм Жоғары Мектебі
(бұрынғы Сеул Дасом Мектебі,
Сеул, Джоңно-гу)
www.sds.hs.kr
Жоғары
  • Жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсарту үшін кәсіптік және кәріс тілін оқыту.
  • Туризм мазмұны мен қызмет көрсету сыныптары жұмыс істейді
Тегін 070-8685-7798
Корей Политехникалық Дасом Жоғары Мектебі
(Чуңбук, Джечон)
dasom.kopo.ac.kr
Жоғары
  • Техникалық дағдыларды игеру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру үшін кәсіптік білім беру
  • Компьютерлік техника, зауыт жабдықтары және смарт-электр мамандықтары бар
  • Барлық оқушыларға арналған жатақхана бар
Тегін (жатақхана ақысы да тегін) 043-649-2800
Инчон Ханнури мектебі
(Инчон, Намдоң-гу)
(www.hanuri.icesc.kr)
Бастауыш, орта және жоғары сыныптар
  • Кәріс тілін оқыту және әртүрлі арнайы бағдарламалар (білім деңгейін арттыру, болашақ мансапқа бағытталған курстар, тәжірибелік іс-шаралар) ұйымдастырылады.
  • Бастауыш мектептің 5-ші сыныбынан бастап жатақханада тұруға болады
Бастауыш және орта мектеп: Тегін
Жоғары сыныптар: Ақылы
(жатақхана ақысы бөлек)
032-442-2104
032-442-2109
Хэмиль мектебі
(Каңуондо, Хоңчон-гун)
(haemillschool.com)
Орта мектеп
  • Шағын интернат мектебі (әр сыныпта 20 оқушы)
  • Көпмәдениетті оқушы және көпмәдениетті емес оқушыларын біріктіріп оқыту
  • Кәріс тілі мен қостілде білім беру (қытай тілі, жапон тілі)
  • Көгалдандыру және басқа да еңбек әрекеттері
Тегін (жатақхана ақысы қосылған) 033-433-8761
Шетелдік мектептер

Шетелдік мектептер – бұл шетелдіктердің балаларына, сондай-ақ шетелде 3 жылдан астам уақыт тұрғаннан кейін Кореяға оралған азаматтарға және корей тілін жетік білмегендіктен немесе басқа мәдени ерекшеліктерге байланысты жалпы мектепте оқуды жалғастыру қиынға соғатын азаматтық алған адамдардың балаларына арналған мекемелер. Қазіргі уақытта жалпы 38 шетелдік мектеп бар: Сеулде – 17, Кёңгидо аймағында – 6, Пусанда – 5, Инчонда – 2, Кёңнамда – 2, Тэгу, Тэджон, Куаңджу, Ульсан және Каңуондо облыстарында әрқайсысында 1 мектептен бар.

  • Шетелдік мектептердің еліміз бойынша ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат жыл сайын Білім министрлігінің ресми сайтында жарияланады.
Қабылдау талаптары
  • Екі ата-анасы немесе ата-анасының бірі шетелдік болған жағдайда
  • Шетелде 3 жылдан астам тұрған Корея азаматы (қос азаматтығы бар тұлғалар да кіреді)
  • Жалпы мектепте оқуды жалғастыру қиынға соғатын азаматтық алған балалар (Мектеп басқару комитеті нің қарауы қажет):
    • Кәріс тілін меңгеруде айтарлықтай қиындықтары бар, сондықтан сабақтарды түсінбейтін оқушылар.
    • Мәдени айырмашылықтарға байланысты мектепке бейімделуде қиындықтарға тап болған оқушылар
    • Оқуды жалғастыруда басқа да қиындықтар туындаған оқушылар
Қабылдау емтиханы
  • Қабылдау іріктеуін әр мектеп өзі жүргізеді, сондықтан нақты қабылдау тәртібі, қажетті құжаттар, қабылдау мерзімі секілді ақпараттарды алдын ала сол мектептің өзінен нақтылап білу керек.
  • Шетелдік мектептердің мәртебесі туралы бөлімде көрсетілген әрбір мектептің байланыс нөмірі мен эл. поштасы бойынша ақпаратты Білім министрлігінің ресми сайтынан (www.moe.go.kr) қараңыз.
  • Білім министрлігінің ресми сайты –> Саясат –> Шетелде (оқу) білім алу –> Іздеу жолағына «шетелдік мектеп» деп теріңіз
  • Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі «Озық салаларда таланттарды дамыту туралы арнайы заң» аясында айқындаған озық салаларда жұмыс істейтін шетелдік мамандардың кәмелетке толмаған балаларына Кореяда оңай бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында, шетелдік мектептерге жалпы квотадан тыс қабылдануға мүмкіндік беріледі.
  • K‑Tech Pass өтінімдері мен рәсімдері туралы сұрастыру және қосымша ақпарат алу үшін: ☎ 02-3460-7388 / www.kotra.or.kr/ck_kor
Шетелдік оқу мекемелері мен шетелдік мектептердің ақпараттық порталы
  • Шетелдік білім беру мекемелері мен шетелдік мектептерге арналған кешенді ақпараттық қызметтің ресми сайтында (www.isi.go.kr) әрбір шетелдік мектепке қатысты оқушылар саны, оқытушылар құрамы, бітірушілердің жұмысқа орналасуы және оқу ақысы секілді толық мәліметтер ұсынылған.
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.