Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Еңбекке қатысты негізгі мәселелер

  • Басты бет
  • Жұмыспен қамту және еңбек
  • Еңбекке қатысты негізгі мәселелер

Еңбекке қатысты негізгі мәселелер

01Еңбек стандарттарына қатысты жүйе

(1)Еңбек шарты

Жұмыс беруші қызметкерге келесі шарттарды нақты түрде көрсетуі тиіс: Еңбекақы, белгіленген жұмыс уақыты, демалыс, жыл сайынғы ақылы демалыс, жұмыс орны және атқарылатын міндеттер, жұмыс басталу және аяқталу уақыты, үзіліс уақыты. Сонымен қатар, осы шарттар жазылған құжатты қызметкерге міндетті түрде табыстау керек.

(2)Еңбек кодексінің қолдану аясы

  • Тұрақты түрде 5 немесе одан көп жұмысшыны жұмысқа ала алатын барлық кәсіпорындар немесе жұмыс орындарына Еңбек кодексі толық көлемде қолданылады.
  • Тұрақты түрде 4 немесе одан аз жұмысшыны жұмысқа алатын кәсіпорындар немесе жұмыс орындарына Еңбек кодексінің тек кейбір ережелері қолданылады.
    • Еңбек кодексін орындау туралы қаулының 1-қосымшасын қараңыз

(3)Еңбекақы төлеу

  • Жұмыс беруші еңбекақыны толық көлемде, қолма-қол ақшамен тікелей, айына кемінде бір рет, белгілі бір күнді белгілеп, жүйелі түрде төлеуі тиіс, Жұмыс уақытының ұзаруы, түнгі жұмыс немесе демалыс күндері атқарылған жұмыс үшін қосымша еңбекақы төленуі тиіс.
  • Сонымен қатар, еңбекақы төленген кезде жұмысшыға еңбекақының жалпы сомасы, еңбекақы құрамына кіретін ұсақ кірістердің әрбір сомасы көрсетілген еңбекақы туралы анықтама беруі міндетті.
Еңбекақыны төлемеу және басқа да құқық бұзушылықтарды хабарлау

Еңбекақы, жұмыстан шыққаннан кейінгі жәрдемақы төленбеген жағдайда, жұмыс беруші немесе басқарушы тарапынан зорлық-зомбылық көрсетілгенде, ұзақ уақыт жұмыс істету немесе еркінен тыс мәжбүрлі еңбек жағдайында болғанда, еңбек заңын бұзған жағдайда кәсіпорынның аумақтық еңбек органдарына шағымдануға болады. (клиенттерге қызмет көрсету орталығы☎1350)

(4)Жұмыстан шығару

Жұмыс беруші қызметкерді еш себепсіз жұмыстан шығара алмайды. Егер жұмыс беруші қызметкерді негізсіз жұмыстан шығарса, қызметкер жұмыстан босатылған күннен бастап 3 ай ішінде тиісті аймақтық еңбек комиссиясына негізсіз жұмыстан шығару туралы шағым бере алады.

(5)Жұмыстан шығару туралы ескерту

Жұмыс беруші қызметкердің жұмыс жасаған күні 3 айдан аз болған жағдайда, табиғи апаттар, әскери жағдайлар немесе басқа да шарасыз себептермен кәсіпорынды басқару мүмкін болмаған жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге әдейі кедергілер келтірген немесе мүліктік шығындар әкелген жағдайда және бұл жағдай жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің қаулысымен бекітілген болса, жұмыстан шығару туралы ескерту талап етілмейді. Басқа жағдайларда, жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығаруға кемінде 30 күн бұрын ескертуі тиіс. Егер 30 күн бұрын ескерту берілмесе, жұмыс беруші қызметкерге 30 күндік орташа еңбекақы төлеуі керек.

(6)Жұмыс уақыты

  • Еңбек кодексі бойынша 5 немесе одан көп қызметкері бар кәсіпорындарда апталық жұмыс уақыты үзіліс уақытын қоспағанда 40 сағаттан аспауы тиіс, ал күнделікті жұмыс уақыты үзіліс уақытын қоспағанда 8 сағаттан аспауы керек.

(7)Үзіліс уақыты

  • Үзіліс уақыты жұмыс ұзақтығына байланысты беріледі: 4 сағаттық жұмысқа — 30 минут, 8 сағаттық жұмысқа — кемінде 1 сағат үзіліс уақыты беріледі.
  • Үзіліс уақытын қызметкер өз қалауы бойынша пайдалана алады, және жұмыс беруші үзіліс уақытына еңбекақы төлеуге міндетті емес.

(8)Ұзартылған жұмыс күні, түнгі жұмыс, демалыс күндеріндегі жұмыс

  • Заң бойынша белгіленген апталық жұмыс уақыты 40 сағаттан, күнделікті жұмыс уақыты 8 сағаттан артық жасалатын жұмыс «ұзартылған жұмыс» деп аталады.
  • Түнгі жұмыс түнгі 10-нан таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында атқарылатын жұмыс.
  • Демалыс күндеріндегі жұмыс дегеніміз заңмен белгіленген демалыс күндері (апталық демалыс күні, еңбеккерлер күні және т.б.) немесе келісімшарт бойынша берілген демалыстарда(жұмыс беруші белгілеген демалыс күндер) атқарылатын жұмыс.
  • Ұзартылған және түнгі жұмыс үшін қызметкерге әдеттегі еңбекақының 1,5 есе мөлшері төленуі тиіс.
  • Демалыс күндеріндегі жұмыс үшін: 8 сағаттан аспайтын жұмысқа әдеттегі еңбекақының 1,5 есесі, ал 8 сағаттан асатын жұмысқа 2 есесі төленуі керек (2018.03.20 ж. заңға енгізілген өзгеріс).
  • Егер екі жақ тарап келіссе, 1 аптада 12 сағатқа дейін ұзартылған жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

(9)Ауысымдық жұмыс

  • Өндіріс нысандарын тәулік бойы іске қосып тұруы қажет компаниялар қызметкерлерді екі немесе үш топқа бөліп, ауысыммен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жұмысты ауысымдық жұмыс деп атайды.
  • Ауысымдық жұмыс жасайтын кейбір зауыттарда жұмысшылар 1 апта аралығымен күндізгі және түнгі ауысымдарды алмастырып отырады.
  • Бұдан өзгеше, кейбір зауыттарда күндізгі және түнгі ауысымдар бастапқыдан-ақ жеке бөлінген болуы мүмкін.

(10)Жұмыс ережелері

  • Тұрақты 10 немесе одан көп жұмысшысы бар кәсіпорындар жұмыс ережелерін белгілеп, қызметкерлер оны еркін оқи алатындай етіп қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ережелерде жұмыс және үзіліс уақыты, жұмыс шарттары, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенаға қатысты мәселелер қамтылуы қажет.

02Ең төменгі еңбекақы жүйесі

Еңбеккерлердің негізгі өмір сүру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін заңмен белгіленген еңбекақының ең төменгі мөлшері ең төменгі еңбекақы деп аталады.

  • Барлық кәсіпорындар мен жұмыс орындары ең төменгі еңбекақы жүйесіне бағынады.
  • 2025 жылға арналған ең төменгі еңбекақы мөлшері: сағатына 10,030 вон, ал 1 жұмыс күніне 80,240 вон(8 сағаттық) беріледі.
  • Еңбек кодексіне сәйкес барлық еңбеккерлер ең төменгі еңбекақы мөлшерін алуға құқықты.

03Жұмыстан шығу жәрдемақысын қамтамасыз ету жүйесі

Қызметкер 1 жыл немесе одан көп уақыт үздіксіз жұмыс істеген жағдайда, ол жұмыстан шығу жәрдемақысын алуға құқылы.

  • Жұмыстан шығу жәрдемақысын алу үшін қызметкер Еңбек кодексіне сәйкес жұмысшы мәртебесіне ие болуы тиіс.
  • Егер 4 апталық кезеңде орта есеппен апталық белгіленген жұмыс уақыты 15 сағаттан аз болса, жұмыстан шығу жәрдемақысы жүйесі қолданылмайды.

04Еңбекақы талабына кепілдік жүйесі

Жұмыс берушінің банкроттығы немесе басқа да себептермен қызметкерлерге еңбекақы, жұмыстан шығу жәрдемақысы және басқа да төлемдер жасалмаса, мемлекет келесі жағдайларда қолдау көрсетеді:

  • Соңғы 3 айдың еңбекақысы: Жұмыстан босатылған күннен немесе еңбек қатынастарының фактілі тоқтатылған күнінен бастап 3 айға тиесілі барлық еңбекақы
  • Соңғы 3 айдың жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақысы: Жұмыстан босатылған күннен немесе еңбек қатынастарының фактілі тоқтатылған күнінен бастап 3 айға берілетін жәрдемақысы
  • Соңғы 3 айдың босанғанға дейінгі және кейінгі демалыс төлемдері: Жұмыстан босатылған күннен немесе еңбек қатынастарының фактілі тоқтатылған күнінен бастап 3 айға тиесілі босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыс төлемдері
  • Соңғы 3 жылдық жұмыстан шығу жәрдемақысы: Жұмыстан босатылған күннен бастап 3 жылға тиесілі заңды жұмыстан шығу жәрдемақысы (90 күндік орташа еңбекақы)
  • Қызметкер жұмыс орнында болған жағдайда сот талабы немесе шағым беру күнінен бастап соңғы 3 айлық кезеңге тиесілі еңбекақы(немесе жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы, босанғанға дейінгі және кейінгі демалыс төлемдері) бойынша қарыз сомасы мен жұмыстан шығу жәрдемақысы бұл жағдайда өтелмейді
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.