Кореяда 4 жылдық университеттер және 2-3 жылдық кәсіби колледждер бар. Әдетте, 4 жылдық университеттерде кәсіби білімнен гөрі негізгі мамандықтар бойынша білім беріледі, ал 2-3 жылдық кәсіби колледждерде кәсіппен байланысты арнайы дағдылар оқытылады. Университетке түсу кезінде студенттер мектеп бағалары негізінде қабылдайтын алдын ала іріктеу жүйесіне немесе университеттің қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша іріктейтін жүйеге құжат тапсыра алады. Әр университеттің қабылдау талаптары мен әдістері әр түрлі болғандықтан, студенттерге әр оқу орнының қабылдау ережелерін мұқият қарап шығу ұсынылады. Кейбір университеттерде «көпмәдениетті отбасылардың балаларына» арналған арнайы іріктеу жүйесі бар, сонымен қатар «Ата-анасы екеуі де шетелдік болған шетел азаматтары» және «шетелде Кореяның 12 жылдық бастауыш және орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін оқу бағдарламасын толық аяқтаған шетелде тұратын корей азаматтар, шетел азаматтары немесе корей азаматтығын алған тұлғалар» үшін «шетелде тұратын корей азаматтар мен шетел азаматтарына арналған арнайы іріктеу» емтиханына қатысу мүмкіндігі бар.
Университеттерге 4 жылдық университеттер, өндірістік университеттер, педагогикалық университеттер(мұғалімдер дайындау университеті), қашықтықтан оқыту(сырттай оқу) университеттері мен кибер университеттер, 2-3 жылдық кәсіби колледждер және технологиялық университеттер жатады
Бөлім | Мазмұны |
---|---|
Университет | Әр түрлі салалар бойынша мамандықтар ұсынатын, орта мектеп түлектері ең көп түсетін университет |
Өндірістік университет | Негізінен өндірістік кадрларды дайындайтын университет |
Педагогикалық университет(мұғалімдер дайындау университеті) | Бастауыш және орта мектеп мұғалімдерін дайындайтын университет. |
Кәсіби колледж | Кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған университет |
Қашықтықтан оқыту(сырттай оқу) университет және кибер университет | Теледидар, компьютер сияқты байланыс құралдары арқылы кез келген жерде білім алуға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту университеті |
Технологиялық университет | Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге кәсіби білім мен дағдыларды өндіріске тікелей оқытуға арналған университет |
Университеттегі оқу ақысы оқу орнының ұлттық, мемлекеттік немесе жекеменшік болуына байланысты әртүрлі болады және жалпы алғанда әр студент оқу ақысын өзі төлеуге міндетті. Мемлекет пен университеттер қаржылық қиындықтарға тап болған студенттерді қолдау мақсатында түрлі стипендиялық бағдарламалар ұсынады. Мемлекеттік қолдауға ие негізгі стипендиялық бағдарламаларға Ұлттық стипендия және Студенттердің жұмыс істеуіне негізделген стипендия (Work-Study) жатады. Стипендия алуға үміткерлер — ел ішіндегі университеттерде оқып жатқан Корея азаматтары. Толық ақпаратты Корея студенттерге көмек қорының ресми сайтынан (www.kosaf.go.kr) табуға болады.
Кампус ішіндегі немесе сыртындағы басқа стипендияларды алу үшін студенттер өз оқу орнындағы стипендиялық қолдау бөліміне жүгініп, стипендия түрлері мен өтініш беру тәсілдері жөнінде жан-жақты ақпарат ала алады.
Бөлім | Негізгі/төменгі деңгей | 1-бөлім | 2-бөлім | 3-бөлім | 4-бөлім | 5-бөлім | 6-бөлім | 7-бөлім | 8-бөлім | 9-бөлім | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ⅰ түрі | Толық оқу ақысы | 570 | 420 | 350 | 100 | ||||||
Көпб алалы | Тұңғыш, екінші | 570 | 480 | 450 | 135 | ||||||
Үшінші және одан көп | Толық оқу ақысы | 200 |