Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Отбасылық тұрмыс

  • Басты бет
  • Кореяның мәдениеті мен тұрмысы
  • Отбасылық тұрмыс

Отбасылық тұрмыс

01Корей отбасының ерекшеліктері

Кореядағы отбасылық өмір басқа елдерден өзгеше, өзіндік ерекшеліктерге ие. Корей отбасының ерекшеліктерін түсіну отбасылық өмірді жеңілдетіп, Корей мәдениетін түсінуге көмектеседі. Отбасылық мәдениет әр отбасында және өңірлер бойынша әртүрлі болып келеді. Кореяның ежелгі дәстүрі конфуций мәдениетінің ықпалында болды. Осыған байланысты Кореяның отбасылық мәдениеті конфуций мәдениетіне ұқсас көптеген аспектілерге ие, бірақ қарқынды индустриялану үдерісі арқылы ол да біртіндеп өзгеруде.

(1)Отбасылық қарым-қатынас

  • Кореяда әрбір отбасы мүшесінің бақыты мен отбасы ішіндегі үйлесімділікке үлкен мән беріледі.
  • Отбасында иерархия мен тәртіпке жоғары баға беріледі. Отбасында ата-ананы, ата-әжені және үлкендерді құрметтеу үйретіледі.
  • Ересек балалар кейде қартайған ата-анасымен бірге тұрып, оларға қарайласады, бірақ көптеген ата-аналар қартайған шақтарын өз үйлерінде, жұбайымен бірге өз бетінше өткізгісі келеді.
  • Әлеуметтік алуан түрлілік пен көзқарастардың өзгеруі және басқа да факторларға байланысты отбасылық көрініс өзгеруде. Қазіргі уақытта қоғамда бір ата-аналы отбасы, ата-әже мен немере отбасылары, көпмәдениетті отбасылар, бала асырап алған отбасылар, қайта некеге тұрған отбасылар, бір адамнан тұратын отбасылар секілді отбасының әртүрлі түрлері бар.

(2)Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы

  • Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының жақсы болуы маңызды, бірақ отбасы ішінде ата-ана ретіндегі рөлдерін орындау да аса маңызды болып саналады.
  • Отбасымен байланысты мәселелерде ерлі-зайыптылар маңызды шешімдерді бірге қабылдайды, сондай-ақ әйелдер мен ерлер бірдей дәрежеде отбасын қамтамасыз ету, балаларды күту және үй шаруашылығын жүргізу жауапкершілігін тең атқару туралы түсінік күшейіп келеді.
  • Жұбайлар арасындағы қарым-қатынас пен қанағаттану деңгейі жоғары болған сайын, балаларды күту жауапкершілігі мен қанағаттану деңгейі де жоғарылайды, нәтижесінде ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы толығымен жақсарады.

(3)Отбасылық өмірге бейімделу

Некеге отыру арқылы әр түрлі отбасылық қарым-қатынасқа, өмір салтына, ой-өрісіне ие адамдар бір отбасыға айналады. Сондықтан некенің алғашқы кезеңінде отбасылық өмірге қатысты ой-пікірлермен келісу өте маңызды. Әртүрлі мәдени ортадан шыққан екі адам кездесіп, халықаралық некеге отырған жағдайда отбасылық өмірге қатысты ой айырмашылықтары айтарлықтай үлкен болуы мүмкін. Егер жұбайымен ой-пікір айырмашылықтарынан қиындықтар туындаса, келесі әдістерді пайдалануды ұсынамыз


  • Бір-бірінің отбасылық мәдениетін түсінуге тырысу
  • Жұбайынан не оның ата-анасынан отбасылық дәстүрлер туралы сұрау
  • Отбасылық өмірдегі қиындықтарды талқылап, шешу
  • Мәселені жалғыз шешуге тырыспай, жақындардан көмек сұрау
  • Мамандандырылған кеңес беру мекемесі – Данури колл-орталығының (☎1577-1366) көмегіне жүгіну
  • Осы әдістер көмектеспесе, Данури колл-орталығының кеңесшілеріне (☎1577-1366)хабарласқан жөн.

02Тіл мәдениеті

Кореяда бір адамға қатысты айтылатын сөздер жағдайға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ, таза корей сөздері мен қытай тілі негізіндегі атаулар араласып қолданылады. Сондықтан дұрыс емес атауларды немесе сөздерді қолданғанда әдепсіз болып көрінуі мүмкін. "Атау" дегеніміз – біреуді тікелей атау, ал "сілтеу" – біреуді басқа адамға айтқанда қолданылатын сөз. Бұларды әдетте "титул" деп атайды.

(1)Сыпайы түрдегі тіл мен қарапайым тіл

Корей тілінде адамның жасына, жақындық деңгейіне және мәртебесіне байланысты сөйлесу мәнері өзгереді. Сұхбаттасушыны құрметтеуге арналған сыпайы тіл және оны жоғары санап, көтермейтін де төмендетпейтін бейтарап қарапайым тіл бар

  • Сұхбаттасушы жасы үлкен, лауазымы жоғары болса, немесе қоғамдық ортада болса, сыпайы тілді қолданады..
  • Сұхбаттасушы досы, жасы кіші немесе бала болса, қарапайым тілді қолданады.
    Мысалдар
    Тамақ ішу(қарапайым) / Тамақтану(сыпайы)
    Рахмет(қарапайым) / Алғысымды білдіремін(сыпайы)
    Сау бол(қарапайым) / Сау болыңыз(сыпайы)

03Отбасылық өмірдегі еске алу және мерекеле күндері

Отбасылық өмірде баланың дүниеге келуі, үйлену, өлім сияқты маңызды оқиғалар болады. Бұл оқиғалар жеке және отбасылық тұрғыдан алғанда үлкен маңызы бар. Қуанышты жағдайларды құттықтап, қайғылы сәттерді бірге бөлісу – әдептіліктің белгісі болып табылады.

(1)Туған күн дәстүрі

  • Пэгиль : Кореяда нәрестенің туғанына жүз күн толғанда атап өтеді. Осы күні арнаулы тағамдар дайындалады, соның ішінде күріштен жасалған пэксольги, қызыл фасольден жасалған сусугёңдан және миёккук дайындалып, нәрестеге таза, жаңа киімдер кигізіледі.
  • Толь: Баланың бір жасқа толған алғашқы туған күнінде туыстар мен жақын адамдар шақырылады. Балаға ханбок кигізіп, мерекелік дастархан жасалады. Ұлттық "толь-дастарханына" пэксольги, соңпён, сусугёңдан сияқты тағамдар қойылады, және баланың денсаулығы мен бақытын тілейтін ерекше дәстүр - тольджаби(нәрестенің қандай затты таңдайтындығы) өткізіледі, токтам(жақсы тілектер)мен бірге сыйлықтар беріледі. Соңғы кездерде мейрамханаларда "толь-дастарханын" дайындап беретін қызметтер де шығып жатыр.
  • Туған күн: Адамның туған күні, ересектер үшін – «сэңшин», (мерейтой) деген сыпайы сөз қолданылады. Туған күнде "миёккук" сорпасы дайындалады. Отбасы жағдайына байланысты дәмді тағамдар әзірленіп, жақын туыстар мен достар шақырылады. Шақырылған адамдар туған күн(мерейтой) иесіне қажетті заттар немесе ақшалай сыйлықтар береді.
  • 현대식 돌상차림
    < Заманауи толь-дастарханы >

(2)Үйлену тойы

Ұлттық және заманауи(қазіргі) үйлену тойлары бар, соңғы кездерде ұлттық тойлар сирек өтеді, көбіне қазіргі заманға сай той жасалады. Заманауи үйлену тойлары тойханаларда, қонақ үйлерде, шіркеулерде немесе храмдарда өтеді. Жігіт смокинг киіп, қалыңдық той көйлегін киеді. Қазіргі заманғы үйлену тойларында ерлі-зайыптылардың ата-аналарына, туыстарына жасайтын дәстүрлі құрмет көрсету рәсімі әлі де орын алады. Бұл рәсім "пэбек" деп аталады.

(3)Хуегап және Кохиён (Ұзақ өмір тілеу рәсімі)

  • Хуегап: Бұл алпыс жасқа (корей жасы бойынша 61 жас) толған күн. Бұрындары бұл мереке балалардың ата-анасына арнап ұйымдастырылатын, өйткені ұзақ өмір сүру сирек кездескен. Қазіргі кезде ұзақ өмір сүру қалыпты жағдайға айналғандықтан, мерекелерді қарапайым түрде атап өту де кең таралған. Бұрын мерекелік тойлар ұйымдастырылса, қазір ата-аналарды саяхатқа жіберіп, ақшалай немесе арнайы сыйлықтар беру кең таралған.
  • Кохиён: Жетпіс жасқа (корей жасы бойынша 71 жас) толған күн. Бұл күнді жыл сайынғы туған күндерден маңыздырақ атап өтеді және сыйлықтар беріледі.

(4)Жерлеу рәсімі

Бұл қайтыс болған адамға қатысты құрмет көрсетудің белгісі. Марқұмның туыстары қаралы киім киеді, ал марқұмға арнайы жерлеу киімі кигізіледі. Жерлеу киімі әдетте үлкен кісілердің тірі кезінде дайындалады.
Қара киім отбасылық немесе жергілікті дәстүрге байланысты өзгереді. Кендір матадан жасалған киім киетін жағдайлар да бар, және әдетте ақ немесе қара түсті киімдер киеді. Мунсаң*ға келетін қонақтар тым жарқын түсті киімдер кимейді, қара немесе ақ түсті киім киіп келгені дұрыс. Көңіл айту кезінде марқұмның отбасы дайындаған рәсім бойынша дұға немесе тағзым етіп қайғыға ортақтасады. Өз мүмкіндігіне қарай 'қайғыға арналған ақша' (қолма-қол ақша) ұсынады.

  • Мунсаң: Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айту, оларға жұбату білдіру.

(5)Бабаларды еске алу рәсімі

Қайтыс болған ата-ананы еске алу рәсімі марқұмның қайтыс болған күні немесе алдыңғы түнде өткізіледі және бұл рәсімнің әртүрлі түрлері бар. Қатысушылар киімдерін қарапайым түрде киіп, марқұмды еске алу ниетін білдіреді. Бабаларды еске алу рәсімі отбасы мәдениеті мен жеке дінге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  • Киджеса : Қайтыс болған ата-бабасының құрметіне түнде өткізілетін жоралғы, әдетте ата-бабаның екі буынына арналады.
  • Чаре: Чаре – мереке күндері ата-бабаларды еске алу рәсімі, оның ішінде Жаңа жыл чаресі, Ханщик чаресі және Чусок чаресі бар.
  • 기제사
    < Киджеса >
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.