Оңтүстік Корея үкіметі мен жеке ұйымдар көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктердің Оңтүстік Кореядағы өміріне көмектесу үшін корей тілін оқыту, корей мәдениетін үйрету, кеңес беру сияқты қызметтерді ұсынады. Әсіресе, Оңтүстік Кореяға алғаш аяқ басып, адамдармен қарым-қатынас орнату қиын кезеңде, сондай-ақ корей мәдениетімен таңсық шақта көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктерге арналған қолдау орталықтарының қызметтерін пайдалану өте тиімді.
01Корей тілін оқыту
Кореядағы өмірді жеңілдетіп, корей мәдениетін түсіну үшін корей тілін үйрену маңызды. Кореяда шетелдіктерге корей тілін үйренуге тегін мүмкіндік беретін көптеген мекемелер бар. Көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталықтары, шетелдік жұмысшыларды қолдау орталықтары, корей мектептері шетелдіктерге корей тілін үйрететін негізгі мекемелер болып табылады.
02Корей халқының мәдениеті мен тұрмысын оқыту
Мәдениет пен өмір салтындағы айырмашылықтардан туындайтын корей тұрмысындағы қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін корей өмірі мен мәдениетін үйрететін бағдарламалар жүргізіледі. Көпмәдениеттілікті түсіну, заң және адам құқықтарын қорғау туралы білім беру, неке және отбасын түсіну, корей қоғамына бейімделу сияқты курстар, дәрістер, тәжірибелік әдістер жүргізіліп отырады.
03Ақпараттық білім беру
Кореяда көптеген отбасылар жеке компьютер қолданады және интернет жақсы дамыған. Интернет арқылы көптеген ақпарат алуға болады, интернет-банкинг, әкімшілік жұмыстар сияқты тұрмысқа қажетті қызметтерді ыңғайлы түрде жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Сондықтан көпмәдениетті отбасыларын қолдау орталықтары, шетелдік жұмысшыларды қолдау орталықтары сияқты көптеген мекемелер интернетті пайдалану және әртүрлі бағдарламаларды қолдану әдістерін оқытатын ақпараттық білім беру бағдарламаларын ұйымдастырады.
04Кеңес беру
Кореяда тұрып жатқан шетелдіктердің проблемаларын шешу үшін кеңес беру қызметтерін ұсынады,
(Отбасылық кеңес, еңбек кеңесі, Кореяда тұру жөніндегі кеңес, заңдық кеңес т.б.).
- Одан басқа да жұмысқа орналасу курстары, аударма және тілдік қызметтер сияқты қызметтер ұсынылады. Келесі бөлімдегі көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктерді қолдау ұйымдарының бағдарламаларын қарап шығып, қалаған ұйымға хабарласып, қажетті мәліметті алуға болады.
- Толық мәлімет алу үшін келесі беттегі ‘Көпмәдениетті отбасылар мен шетелдіктерді қолдау ұйымдарына’ назар аударыңыз.
05Шетелден көшіп келген әйелдерге арналған зорлық-зомбылықтың алдын алу
- Корей тілінде кеңес беру, әйелдерге арналған көмек телефоны☎1366
- Шетел тілінде кеңес беру, Данури колл- орталығы☎1577-1366
Зорлық-зомбылық көріп, көшіп келген әйелдерге көмек көрсету ұйымдары туралы ақпарат
Зорлық-зомбылық көріп, көшіп келген әйелдерге арналған демалыс орталықтары(барлығы 28 мекеме бар)
- Отбасылық және жыныстық зорлық-зомбылық көріп немесе жезөкшеліктің құрбаны болып көшіп келген әйелдерге(балаларымен бірге) уақытша қорғау, кеңес беру, медициналық және заң жағынан көмек көрсету
- Жабық мекемеге ☎1577-1366, ☎1366, полиция бөлімі, сондай-ақ бастапқы кеңес алу арқылы қабылданады.
Зорлық-зомбылық көріп, көшіп келген әйелдерге арналған көп орынды үйлер (барлығы 4 мекеме бар)
- Отбасылық және жыныстық зорлық-зомбылық көріп немесе жезөкшеліктің құрбаны болып көшіп келген әйелдерді, олардың балаларын тұрғын үймен қамтамасыз ету
- Мемлекеттік жалдамалы тұрғын үй алуларына мүмкіндік беру
Зорлық-зомбылық көріп, көшіп келген әйелдерге арналған өзін-өзі қамтамасыз ету орталығы (Сеулде 1 мекеме)
- Отбасылық және жыныстық зорлық-зомбылық көріп немесе жезөкшеліктің құрбаны болып көшіп келген әйелдер мен олардың балаларына өздігінен аяқтан тұрып, өзін-өзі қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды ұсыну
- Кәсіптік техникалық білім беру, жұмысқа орналастыру қызметтері және т.б.
Зорлық-зомбылық көріп, көшіп келген әйелдерге арналған кеңес беру орталықтары (барлығы 9 мекеме бар)
- Отбасылық және жыныстық зорлық-зомбылық көріп, жезөкшеліктің құрбаны болып, көшіп келген әйелдер мен олардың балаларына кеңес беру және тіл жағынан аударма жасау қызметтерін көрсету
Күнбағыс орталығы
- Жыныстық және отбасылық зорлық-зомбылық көрген немесе жезөкшеліктің құрбаны болған әйелдерге кеңес беру, медицина, заң, тергеу жағынан қолдау көрсету(365 күн, 24 сағат)
- Зорлық-зомбылық көргендерге аяқ астынан болатын қауіпті жағдайларда көрсетілетін қолдау
Жыныстық зорлық-зомбылық көргендерге кеңес беру орталығы, жезөкшеліктің құрбандарына кеңес беру орталығы
- Дағдарыс бойынша демалыссыз кеңес беру, тегін заңдық қолдау
- Қылмыстық істер бойынша тергеу кезінде немесе сотта куәлік беру кезінде қасында болу
- Медициналық мекемелермен және жергілікті қорғау орталықтарымен байланыс
Корей заңгерлік көмек көрсету орталығы
- Зорлық-зомбылықпен байланысты заңдық кеңес беру, қылмыстық, азаматтық, отбасылық істер бойынша адвокаттың көмегі
Шетелден көшіп келген әйелдерге отбасылық зорлық-зомбылық көрсету деген не?
1Денесіне зорлық-зомбылық көрсету
- Адам денесіне физикалық түрде күш қолданып жарақат келтіру
- Итеріп жұлқылау, соққы беру, қару не пышақ пайдалану т.б.
2Сөзбен не эмоционалдық тұрғыдан зорлық-зомбылық көрсету
- Сөзбен адамның жүрегіне жара салу, эмоционалдық жағынан жаман сөздермен балағаттау
- Ауызша ұрсып балағаттау, жаман сөздер айту, айыптау, мазақтау, менсінбеу, жаман қарым-қатынаста болу т.б.
3Жыныстық зорлық-зомбылық көрсету
- Жыныстық қатынасты қаламаса да күшпен, еріксіз жыныстық қарым-қатынас жасау
- Күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, еріксіз бедеулікке әкеліп соқтыру, аборт, үйленбестен бұрын көрсетілетін жыныстық зорлық-зомбылықтар, кибер (ғаламтор әлеміндегі) жыныстық зорлық-зомбылықтар кіреді
4Экономикалық жағынан зорлық-зомбылық көрсету
- Экономикалық құқыққа ие некедегі серіктес, қарсы серіктесіне экономикалық автономия бермеу
- Өзінің табысын бақылауда ұстау, жұмысқа орналасуға тыйым салу, тұрмысқа қажетті қаржыны бермеу
Корей тілінде кеңес беру, әйелдерге арналған көмек телефоны☎1366
Шетел тілінде кеңес беру - Данури колл-орталығы☎1577-1366
Полиция бөлімі☎112