- Кореяның өміріне бейімделуге көмек алғым келеді!
- Кореяда тұруға бейімделуде қиындық көріп жатқан көпмәдениетті отбасылар үшін бүкіл ел бойынша 231 көпмәдениетті отбасыларды қолдау орталықтары отбасылық білім беру, кеңес беру, тілдік бағдарламалар және басқа да қызметтерді ұсынады. Бұл қызметтер туралы толық ақпарат алу үшін өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі көпмәдениетті отбасыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
*Данури колл-орталығы (1577-1366) арқылы немесе Данури порталының (www.liveinkorea.kr) аймақтық көпмәдениетті отбасыларды қолдау орталықтарының ақпаратын қараңыз.
- Телефон арқылы заңгерлік кеңес алғым келеді. Маған көмектесе аласыз ба?
- Көпмәдениетті отбасыларға арналған кешенді ақпараттық телефон орталығы (Данури колл-орталығы, ☎1577-1366) Кореяның адвокаттар қауымдастығымен бірлесіп телефон арқылы заңгерлік кеңес беру қызметін ұсынады. Сондай-ақ, дағдарыс жағдайындағы кеңес беру, төтенше көмек көрсету, Кореядағы күнделікті өмірге қатысты ақпарат беру, тұрмыстық аударма және үш жақты қоңырау қызметі 13 тілде (кәріс, ағылшын, қытай, вьетнам, тагалог (Филиппин), кхмер (Камбоджа), моңғол, орыс, жапон, тай, лаос, өзбек және непал) қолжетімді. Телефон кітапшаңызға ☎1577-1366 нөмірін сақтап қойсаңыз, Данури колл-орталығын пайдалану жеңілірек болады.
- Көпмәдениетті отбасыларға арналған қолдау туралы ақпаратты бір жерден алғым келеді!
- Көпмәдениетті отбасылар мен некеге отырған иммигранттарға қажетті әртүрлі ақпараттарды бір жерден табуға болатын орын бар. Бұл <Данури порталы>. Көпмәдениетті жаңалықтар, көпмәдениетті отбасыларды қолдау орталықтарының ақпараты және көпмәдениеттілікке байланысты мекемелердің күнделікті өмірге қажетті ақпараттарын 13 тілде уақытылы ұсынады. Интернетке кіріп, мекенжай жолына ‘www.liveinkorea.kr’деп жазыңыз. Оны таңдаулы беттерге қосып қойсаңыз, <Данури> порталының қызметтерін ыңғайлы, оңай пайдалана аласыз.
- Балалардың корей тілін де, ана тілін де жақсы меңгергенін қалаймын!
- Егер балалар ана тілін ерте жастан табиғи түрде үйреніп, қолданып бастаса, бұл олардың анасымен эмоционалдық жақындығын арттырып қана қоймай, екі тілді еркін меңгеруін қамтамасыз етеді. Үйдегі екі тілде қарым-қатынас жасау ортасын құру арқылы көпмәдениетті отбасылардың балалары өздерінің ұлттық ерекшелігін сақтап, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті тұлға болып өседі. Қостілді отбасы ортасын қалыптастыру жобасы мен ата-аналарды оқыту сіздің тұрғылықты жеріңіздегі көпмәдениетті отбасыларды қолдау орталығында жүзеге асырылады. (Хабарласыңыз: Данури колл-орталығы ☎1577-1366).
- Иммигрант балалар мен көпмәдениетті жасөспірімдерге қолдау көрсететін орын бар ма?
- Иә, бар. ‘Муджиге жастар орталығы’ 9 жастан 24 жасқа дейінгі иммигрант жасөспірімдерге арналған түрлі бағдарламаларды аймақтық мекемелермен ынтымақтастықта жүзеге асырады. Орталықта тұру, қоныстану, білім алу, жұмысқа орналасу, мансаптық бағдарлау, сондай-ақ өмірдің жалпы аспектілері бойынша ақпараттық қолдау көрсетіп, кеңес беру және психологиялық емдеу жобаларын жүргізеді. Егер сізге арнайы ақпараттық қызмет қажет болса, ☎02-733-7587 нөміріне қоңырау шалып, қызметтермен таныса аласыз.
- Мен жұмысқа орналасу туралы ақпарат алғым келеді!
- Кореяда өмір сүруге тұрақты қоныстану және бейімделу үшін ‘Әйелдерді қайта жұмысқа тарту орталығы’(☎1544-1199) некеге отырған әйел иммигранттарға арналған тағылымдамалар, кәсіптік білім беру курстары сияқты бағдарламаларды ұсынады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және еңбек министрлігі (☎1350, www.work24.go.kr) азаматтардың жұмысқа орналасуын қолдау жүйесі арқылы некеге отырған иммигранттарға арналған жұмысқа орналасуға байланысты әртүрлі ақпаратты ұсынып, сәтті жұмыс табуға жәрдемдеседі. Толығырақ ақпаратты Данури порталынан(www.liveinkorea.kr) алуға болады
- Жүкті әйелдерге арналған қандай қызметтер бар?
- Барлық жүкті әйелдер (оның ішінде иммигранттар) жүктілік кезеңінде қоғамдық денсаулық сақтау орталығында тегін медициналық қызмет ала алады. Тек тіркелгеннен кейін, тегін түрде босанарға дейінгі тексерулер жүргізіледі. Сонымен қатар, жүктіліктің кезеңдеріне байланысты темір және фолий қышқылымен қамтамасыз етеді. Тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша қоғамдық денсаулық сақтау орталығына жүгініп, қолдау көрсетілетін қызметтер мен жүкті әйелдерге арналған білім беру бағдарламалары туралы мәлімет ала аласыз.
- Медициналық сақтандыру жүйесі туралы білгім келеді!
- Кореяда денсаулық сақтау сақтандыру жүйесі табыс пен мүлікке байланысты ай сайын белгілі бір мөлшерде сақтандыру жарнасын төлеу арқылы жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау сақтандыруына қатысқан жағдайда, ауруханаға барған кезде немесе босанған кезде медициналық қызметтерді арзан бағамен пайдалануға болады. Сонымен қатар, тұрақты түрде денсаулықты тексеруден өтуге мүмкіндік беріледі. Денсаулық сақтау сақтандыруы туралы толық ақпаратты әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (☎1577-1000) немесе шетел тілдерінде (ағылшын, қытай, вьетнам тілдерінде) кеңес беру қызметі арқылы (033-811-2000) алуға болады.
- Мен көпмәдениетті отбасыларға арналған мемлекеттік тұрғын үйдің арнайы бөлінуі туралы білгім келеді!
- Көпмәдениетті отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін бәсекелестіксіз тұрғын үйге бірінші кезекте тапсырыс беру мүмкіндігі бар жүйе қарастырылған. Бұл бағдарлама 「Көпмәдениетті отбасыларды қолдау туралы заң」ның 2-бабына сәйкес, көпмәдениетті отбасы мүшесі ретінде жұбайымен бір мекенжайда 3 жылдан астам уақыт бойы бірге тұратын және отбасы мүшелерінің барлығы баспанасыз болса қолжетімді. Сонымен қатар, үміткер тұрғын үй шотына тіркеліп, 6 айдан артық уақыт бойы кемінде 6 рет жарна төлеуі қажет. Тұрғын үйге өтініш беру туралы хабарландыруларды жергілікті билік органдарының (қала·провинция немесе қала· аудан·қалалық аудан) веб-сайттарынан көруге болады.
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.