Кәрістер бірге отырып тамақтанғанды және тамақты бөліскенді ұнатады. Әдетте қонақтарды шақырғанда, күнделікті тағамдарға қарағанда ерекше тағамдарды дайындауға тырысады. Корея тағамдары негізінен күріш, сорпа және қосымша тағамдардан тұрады. Сорпаға ұқсас тағамдарға таң және джиге жатады, ал қосымша тағамдар арасында намуль(жеуге болатын шөп пен тамырлар), буда пісірілген тағамдар, қуырылған, пісірілген, джон(шелпекке ұқсайтын тағам) және т.б. бар. Қосымша тағамдардың ішіндегі ең танымалы – кимчи. Күріштің орнына кеспе түрлері (куксу, нэңмён және т.б.), суджеби, ток(күріштен жасалған нан) және т.б. қолданылады. Екеуі де жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың саны көбейген сайын, сондай-ақ отбасылық құрылым өзгерген сайын бір адамға арналған тағамдар, дайын тағамдар мен жеткізу қызметтері де көп сұранысқа ие.
Кәрістермен бірге отырып тамақтану – олармен жақындасып, араласудың оңай жолдарының бірі. Кәріс тағамдарына үйрену арқылы Кореяға тезірек бейімделуге болады. Кәріс тағамдарын біліп, танып, түсінсеңіз Корея мәдениетін де түсіне аласыз және Кореядағы өміріңізді одан әрі дамытып, ел тұрмысына тез үйреніп кетесіз.
Кореяда суды сенімді түрде ішуге болады. Кәрістер тазартылған су(суға арналған кулер)дан шай қайнатып және оны салқындатып ішеді. Суды краннан ішу денсаулыққа зиян емес, бірақ көпшілігі суды қайнатып немесе тазартып ішеді. Кореяға алғаш келгенде суға үйренгенге дейін бірнеше күн асқазан ауыруы мүмкін. Көбіне бірнеше күннен кейін жақсарады, бірақ асқазан ауруы күшейсе, дәрігерге қаралған дұрыс. Тамақтану орындарында тегін су ішіп, қажет болса дүкендерден оңай сатып алуға болады.
Күрішті пісіріп дайындайды, кәрістердің күріші Оңтүстік-Шығыс Азияның күрішімен салыстырғанда жабысқақ болып келеді. Басында ас қорыту қиын болуы немесе асқазан аурулары пайда болуы мүмкін. Бір апта бойы тырыссаңыз, корей күрішіне үйреніп кетесіз.
Күрішке намуль, сиыр еті, дәмдеуіштер қосылған, күнжіт майы мен кочуджаңмен араластырылған корейдің әйгілі тағамы. Белгілі аймақтың тағамы ретінде "Джонджу пибимпаб" танымал. Әлемге әйгілі жұлдыздардың сүйікті тағамы да осы.
Корейлер әдетте көкөністер, балық, ет қосылған сорпа тағамдарды күрішпен бірге жейді. Ингредиенттер мен дайындалу әдісіне байланысты ○○сорпа, ○○таң, ○○джиге, ○○джонголь деп аталады.
Кимчи – корейлер үшін әр тамақтану кезінде міндетті түрде дастарханға қоятын ең маңызды тағам болып табылады, ол дәмі мен қоректілігі, сақтау мүмкіндігі жағынан өте тиімді болып келеді. Шалқан, қырыққабат, қияр сияқты көкөністерді тұзға салып, кейінірек қызыл бұрыш, сарымсақ, пияз, имбирь, балық соусы сияқты дәмдеуіштер мен қосымша ингредиенттермен араластырып, дайындайды. Содан кейін, ыдыстың ауызын ауа кірмейтіндей етіп жауып, белгілі температурада белгілі уақытқа дейін қойып, ашытады. Қыста қырыққабат өспейді, сондықтан қараша айының соңы мен желтоқсанның басында кимчидің әр түрін көп етіп дайындайды. Кимчи дайындайтын кезді "кимджаң" деп атайды. Кимджаң кезінде жыл бойы желінетін кимчиді өте көп мөлшерде дайындайды, сондықтан әр отбасы жақын туыстарымен жиналып, барлығы қосылып бірге дайындау әдетке айналған.
Кореяда жылдың төрт мезгілі бар. Әр мезгілде жаңа және дәмді жемістер көп шығады. Қазіргі таңда жылыжайда өсіру кеңінен таралған, мезгілге қарамастан, төрт мезгілдің жемістерін жеуге болады, бірақ жемістерді мезгілінде жеу ең пайдалы болып табылады. Егер шетелдік өз елінде жеген жемістерді қалайтын болса жеңілдікпен сатылатын дүкендерге не универмагтарға баруына болады.