Данури колл-орталығы
1577-1366
Отбасы туралы кеңес беру телефоны
1644-6621
한국생활안내 정보더하기 사이트로 이동

Медициналық жәрдемақы жүйесі

  • Басты бет
  • Денсаулық сақтау және медициналық қызмет
  • Медициналық жәрдемақы жүйесі

Медициналық жәрдемақы жүйесі

Медициналық жәрдемақы жүйесі – бұл экономикалық тұрғыдан өмір сүру қиынға соғып, медициналық шығындарды төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мемлекет олардың орнына медициналық шығындарды өтейтін жүйе. Негізінен шетелдіктер медициналық жәрдемақы алуға құқығы жоқ, алайда кейбір ерекше жағдайларда, халықтың негізгі өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету туралы заң нормаларына сәйкес шетелдіктер де медициналық жәрдемақы алушы бола алады. Медициналық жәрдемақы алушы ауру, жарақат, босану және т.б. себептермен аурухана немесе амбулаторияда емделген жағдайда мемлекет сол медициналық шығындарды ауруханаға немесе амбулаторияға төлейді.

01Қолданылатын тұлғалар

Халықтың негізгі өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету туралы заңда белгіленген медициналық жәрдемақы алуға құқығы бар кез келген адам (шетелдіктерді қоса алғанда) медициналық жәрдемақы жүйесінің жеңілдіктерін пайдалана алады.

적용대상 표 : 1종 수급권자, 2종 수급권자를 포함한 표입니다.
1-санаттағы алушылар 2-санаттағы алушылар
- Халықтың негізгі өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету қызметін алушылардың арасында еңбекке жарамсыз отбасылар
- Баспанасы жоқ науқастар
- Басқа заңдарға сәйкес қолданылатын тұлғалар (табиғи апаттан зардап шеккендер, құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде дене жарақатын алған және денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі заңнамаға сәйкес құтқарушы деп таныған адам, ұлттық еңбек сіңірген қайраткер, материалдық емес мәдени мұраның иегері, Солтүстік Кореядан келген қоныс аударушылар, 5.18 демократиялық қозғалысына қатысушылар, асырап алынған балалар (18 жасқа дейін), баспанасыз адамдар т.б.) арасында еңбекке жарамсыз отбасылар
- Халықтың негізгі өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету құқығы барлардың арасында еңбекке жарамды отбасылар
- Басқа заңдарға сәйкес қолданылатын тұлғалардың арасында еңбекке жарамды отбасылар

02Өзіндік шығындар

Медициналық жәрдемақы алушылар да медициналық шығындардың бір бөлігін өздері төлеуі керек.

본인부담금 표 : 구분, 1종 수급권자, 2종 수급권자를 포함한 표입니다.
Бөлім 1-санаттағы алушылар 2-санаттағы алушылар
Ауруханаға жатқызу Жәрдемақы төлемінен босатылады Жәрдемақы құнының 10%-ы
Амбулаторлық ем Амбулатория (1,000 вон)
Аурухана және Клиника (1,500 вон)
Жоғары мамандандырылған клиника (2,000 вон)
Амбулатория (1,000 вон)
Аурухана және Клиника(Жәрдемақы құнының 15%-ы)
Жоғары мамандандырылған клиника (Жәрдемақы құнының 15%-ы)
Дәріхана 500 вон (1 рецепт үшін) 500 вон (1 рецепт үшін)
  • Қосымша ақпарат алу үшін тегін Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бойынша кеңес беру орталығының нөміріне(☎129) немесе қала, облыс, аудан бойынша медициналық жәрдемақы жауапты қызметкеріне, сондай-ақ ауылдық, ауыл, округ әкімшілігінің әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне хабарласуға болады.

03Медициналық жәрдемақы алу процедурасы

Медициналық жәрдемақы алушылар алдымен 1-деңгейдегі медициналық жәрдемақы мекемесінде жәрдемақыға өтініш беруі керек, одан кейін 2-деңгей, 3-деңгейдегі медициналық мекемелерді пайдалана алады (ерекшеліктер бар).

  • 1-деңгей
    Амбулатория
    Денсаулық сақтау мекемесі
    (Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы, Денсаулық сақтау бөлімшесі, Медициналық пункт)
    Мемлекеттік денсаулық сақтау орталығы
  • Жіберу
    (медициналық жәрдемақы жолдау парағы)
    Кері жолдау
    (Медициналық жәрдемақы кері жолдау парағы)
  • 2-деңгей
    Аурухана
    Клиника
  • Жіберу
    (медициналық жәрдемақы жолдау парағы)
    Кері жолдау
    (Медициналық жәрдемақы кері жолдау парағы)
  • 3-деңгей
    3-деңгейлі жоғары мамандандырылған клиника
Бұл авторлық жұмыс “Қоғамдық Нури 4-ші түрі: дереккөзді көрсету + коммерциялық пайдалануға тыйым салу + өзгертуге тыйым салу” шарттарына сәйкес пайдалануға болады.